Сабақтың көрнекілігі:2 шыны ыдыс, су, саз, қасық, сурет, глобус.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Психологиялық даярлық.
Үй жұмысын тексеру.
Жаңа сабақ.
1.Жұмбақ жасыру.
Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. Бұл не?
Су
Яғни, бүгінгі тақырыбымыз су тақырыбына арнаймыз.
Жер бетінде ең көп тараған зат- су.Глобусқа қарасан жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол-су, мұхиттар, теңіздер, өзеңдер, көлдер, сарқырамалар.
Табиғатта су 3 күйде кездеседі. (сұйық, қатты, газ тәріздес)
Егер күн салқындап температура 0 градустан төмен түссе, су сұйық күйден қатты күйге, яғни қар мен мұзға айналады.
Кішкентай табақшаға су құйып, бетін ашық қалдырсақ, бірнеше күннен кейін оның босап қалғаның көреміз. Табақшадағы су қайда кетті деп ойлайсын? Ол түссіз жоғалып кеткен жоқ, бір күйден екінші күйге ауысты. Сұйық күйден бу күйіне өтіп, ауамен араласты.
Су бар жерде бау-бақша, орман, егін мал болады.
Сондықтан қазақ «Сулы жер-нулы жер.» дейді.
Қазақ халқы суды қадір етумен қатар, оны жалпы халыққа, жан- жануарлар дүниесіне, өсімдік әлеміне тіршілік беруші күш деп атаған.
2.Суретпен жұиыс.
3.Ассоциация құру.
4.Тәжірибиелік жұмыс.
1. Суға тұз салып араластыру. Суға бір қасық тұз салып араластыру.Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болды. Тұз суда жақсы ериді.
2.Стақандағы суға құм салып араластыру. Құм қиыршықтары сол қалпында стақан түбіне шөгеді. Құм суда ерімейді. 3.Стақандағы суға саз салып араластыру. Су лайланады. Суды біраз тұндырсаң, саз түбіне шөгеді. Саз суда ерімейді.