Ербол Задашұлы Усагалиев



Дата17.06.2018
өлшемі8,46 Mb.
#42906

Ербол Задашұлы Усагалиев

Өркен ЖОББ мектеп-балабақша кешенінің

география пәні мұғалімі,

Зеленов ауданы, БҚО




Мақсаты:



Оқушыларға судың қасиеті, табиғаттағы судың маңызы, тиімді пайдалану және қорғау туралы түсінік беру. Оқушылардың білім құмарлығын, байқағыштығын, тіл байлығын мақал-мәтелдер арқылы дамыту.

Күтілетін нәтиже:

А) Құрлық суының маңызын түсінеді.

В) Жасанды су қоймалары туралы өзара пікір алмасады, ой бөліседі.

С) Суды қорғау маңызы жөнінде өзіндік баға бере алады.


Кезең

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Кіріспе.

5 мин


Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығын қадағалау. Топқа бөлу.

Суреттердің қиындысы арқылы топқа бөлу.



Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады. Мысалы: Айымжан,сен ақылдысың.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.



Тұсаукесер.

7 мин


Үй тапсырмасын тексеру.

  • Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді?

  • Үйге берілген тақырыпты барлығыңыз оқып келді есептеймін. Сондықтан үй тапсырмасын тест арқылы сұраймын. Барлығымыз интербелсенді тақтадағы тест тапсырмасын орындаймыз. /Оқушыларға орындауға 4 минут беріледі/

  • Тестілік тапсырманы орындап болсақ, бір-бірімізді тексереміз. /Жауабы тақтада тұрады/

Бағалау критерийі арқылы бағалайды.

Картамен жұмыс.

- Балалар, ең ірі көлдерді атап шығайық.

- Арал теңізін кім көрсетеді? /Балқаш көлін, Каспий теңізін, Байкал көлін, Амазонка өзенін көрсету /


  • Көлдер, жер асты сулары, мұздықтар.

Оқушылар тест орындайды да, бағалау критертийі арқылы бір-бірін бағалайды.

Бағалау шкаласы:

0-1 қате болса – 5

2-3 қате болса – 4

4-7 қате болса – 3

8-10 қате болса – 2



Картамен жұмыс.

/Балқаш көлін, Каспий теңізін, Байкал көлін, Амазонка өзенін көрсету /


Негізгі бөлім.

7 мин


7 мин

3 мин


10 мин

Жаңа сабақты жұмбақ шешу арқылы бастаймын

- Оқушылар, бәріміз интербелсенді тақтадағы жұмбақты шешсек, бүгінгі жаңа тақырыбымыздың аты шығады.
Жұмбақ
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасақ қорын тек,
Барша тірлік қурайды. (Су)

- Ендеше, бүгінгі күннің жадын және тақырыпты дәптерлерімізге жазайық.



Мұғалім: Адамдар өз мұқтажына суды ұтымды пайдалану үшін ерте кезден-ақ каналдар жүргізген.

Канал дегеніміз – жасанды өзен. Қолдан жасалған арнаға өзен немесе көл суы жіберіледі. Канал арқылы бір өзенмен екінші өзен жүйесі жалғасып, қолайлы су жолдары пайда болады, сумен жабдықтау жақсарады. Осы айтылғанға біздің өлкеміздегі өзіміздің Көшім каналын мысалға алуға болады. Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі,  Жайық  алабында,  Батыс Қазақстан облысының Зеленов, Жаңақала, Ақжайық аудандары жерінен ағып өтеді. Егістік суғару және жайылымды суландыру үшін 1961  1974 жылдары іске қосылған. Бастаулық қондырғысынан 325 м3 су алынады, бұның 125 м3 тікелей жүйеге таралады. Каналдары мен тармақтарының жалпы ұзындығы 2904 км (басты каналы 250 км). Жүйе құрамына Бітік, Дөңгелек, Киров және Пятимар бөгендері кіреді. Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі 10 мың га-дан астам егістікті, 100 мың га шабындықты және 2 млн. га-дан астам жайылымды суғаруға және суландыруға пайдаланылады. Алаптағы жер асты суы 4 -7 м тереңдіктен шығады. Егіс айналымында астық, мал азықтық, техникалық және бақша дақылдары, көкөніс, картоптың үлесі басым. Жүйе көмегімен жылына 99,0 мың га жер суарылып, 1216 мың га жайылым суландырылады. Суарылатын шабындық өнімділігі гектарынан 17 ц-ге дейін.

Өзен суын реттеп пайдалану үшін қолдан бөген жасайды.

Бөген дегеніміз – жасанды су қоймасы. Мысалы, Ертістегі Бұқтырма, Сырдариядағы Шардара, Іледегі Қапшағай бөгендері. Бөгендер халықты, өнеркәсіп орындарын, ауыл шаруашылығын сумен жабдықтайды. Бөгенге жиналған су СЭС-тердің турбиналарын айналдырады. Жол қатынасы үшін де бөгеннің маңызы үлкен. /Бұқтырманың ластануы туралы бейнеролик көрсету/

- Балалар, осындай су қоймаларының ластанбауы үшін қандай шара қолдануға болады?

Республикалық «Су заңында» әрбір өзен немесе көл жағалауында су қорғау белдемдерінің болуы керек екендігі айтылған. Бұл аймақта шаруашылық қызметі қатаң тежеледі. Яғни, мал шаруашылық кешендерін салуға, ірі қара малдың жазғы жайылымына пайдалануға, өнеркәсіп қалдықтарын сақтауға, қоқыстарды тастауға тыйым салынған. Сонымен қатар тыңайтқыштар мен улы химикаттарды сақтайтын қоймалар, көлік тұратын орындар салуға, жанармай құюға, автокөліктерді жууға және жөндеуге, т.б. жұмыстарға рұқсат етілмейді.

Ауыл шаруашылығы – суды ең көп жұмсайтын жүйе, онда пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтып оралмай, мүлде жоғалады. Екінші орында өнеркәсіп пен энергетика, үшінші орында қалалардың тұрмыстық шаруашылықтары тұр.

Қазақстан Республикалық Ұлттық Ғылым академиясының География институты Нұра, Ертіс өзендерінде судың құрамына зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеу қорытындысы бойынша сынап, қорғасын, мырыш секілді қатерлі ауыр металдар мөлшері өзендерде қалыптан ондаған есеге асып түскен.

Постер қорғау.

-Балалар, мен қазір екі топқа тапсырма беремін. Оны постер арқылы қорғап шығамыз. Тапсырма: І топқа – Көшім каналын суреттеу. ІІ топқа – Шалқар көлін суреттеу.



Оқулықпен жұмыс.

- Оқушылар, оқулықтағы 4-тапсырманы назар аударайық. Мұнда су туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер, тыйым сөздер айту берілген. Кім қаншалықты біледі екен?





Оқушылар тақтадағы жұмбақты шешіп, жаңа сабақтың тақырыбын ашып алады.

Оқушылар жаңа сабақты тыңдай отырып, өз ойларын, пікірлерін айтып отырады.

Мұнда өздерің судың айналысына қандай өзгерістер енгізе алатындықтарыңды, ақша көзін қалай табуға болатындығын, қасындағы ауыл-аймақтардың дамуына қандай үлес қоса алатындықтарыңды байқау. Уақыт 5 минут, қорғау үшін әр топқа 3 минут.

Екі топ бір-бірімізді «2 жұлдыз, 1 тілек» арқылы бағалаймыз.



Қорытынды

6 мин


1. Жер беті суларын тиімді пайдаланудың қандай жолдарын білесіңдер?

2. Судың ластануы дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Суды тазарту үшін қандай шаралар қолданылады?

4. Өздерің тұратын жердегі өзендердің, көлдердің суы таза ма?


Бағалау.

Үйге тапсырма. §47. Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау.Тақырыпты оқу, түсінгенін айту. Көшім каналы туралы реферат жазып келу.


Әр топ сұрақтарға жауап береді.

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды

Топ басшылары қорытынды бағаларын айтып шығады.


Кері байланыс

Рефлексия



Мен не үйрендім? Нені білгім келеді? Нені жасай алмадым? Мұғалімге хат

Оқушылар әр сұраққа осы сабақ туралы білетінін, ойланатынын, қызыққанын, білгенін, білгісі келетінін жазады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет