Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»


Кілегейлілер бөлімі (Слизевики) – Myxophyta



бет32/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

Кілегейлілер бөлімі (Слизевики) – Myxophyta.


Бөлімнің құрамында 500-дей түр бар. Талломы клеткаларға дифференциацияланбаған және тұрақты формасы болмайтын көп ядролы, цитоплазмалық масса - плазмодий түрінде болады.
Оның мөлшері (размері) үлкен - диаметрі бірнеше ондаған сантиметрге жетеді. Кілегейлілер гетеротрофты өсімдіктер, негізінен сапрофиттер, сиректеу паразиттеріде кездеседі. Сапрофиттерінің плазмодийі көп жағдайда сары, қызғыштау және басқада түстерге боялған немесе түссіз болып келеді. Олар субстратпен қорек және су бар жерлерге қарай жылжып отарыды, бірақ ашық, күн түсетін жерлерден қашып жүреді. Кілегейлілер секундына 0,4 мм. жылдамдылықпен қозғалады. Қор заттары жиналған сайын (шыны майы, гликоген, белок) плазмодийі ашық құрғақ жерге жылжып шығады да, көптеген споренгийлер береді. Оның әрқайсысының қалың қабықшасы болады. Көптеген түрлерінің спорангилері жастықша тәрізді эталий деп аталынатын жиынтық түзеді. Оның барлығына ортақ қатты қабықшасы болады. Эталилері мен спорангилерінің ішіндегі заттары мейоз жолымен бөлініп бір клеткалы спораларға айналады. Көптеген түрлерінің цитоплазмалық массасынан капиллиций деп аталынатын жіпшелер түзіледі. Бұл жіпшелер бойына суды көп жинайды (гигроскопичный) және эталидің немесе спорангилердің қабықшалары жарылған соң споралардың шашылуын қамтамасыз етеді. Споралары қолайлы жағдай туғанда өседі. Көп жағдайда әр спорадан бірден төртке дейін зооспора түзіледі және олар бөлінуге қабілетті болып келеді. Зооспоралар талшықтарын тастап миксамебаларға айналады. Миксамебаларда көбеюге қабілетті болып келеді. Жыныстық процесі миксамебалардың, кейде зооспоралардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Нәтижесінде олардан диплоидті миксамебалар пайда болады. Осы миксамебалардан диплоидты плазмодийлер түзіледі. Өмірлік циклында диплоидты фазасы басым болып келеді.
Паразит миксомицеттердің спарангилері болмайды. Споралары миксомицеттердің осы тобының иесі болып табылатын өсімдіктердің клеткаларында жиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет