Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»


Жоғарғы сатыдағы архегониялды өсімдіктердің мүктердің, плаундардың таралуы, систематикасы, көбею жолдарына сипаттама



бет54/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

Жоғарғы сатыдағы архегониялды өсімдіктердің мүктердің, плаундардың таралуы, систематикасы, көбею жолдарына сипаттама


Дәрістің мақсаты - студенттерді мүктәрізділер, плаунтәрізділер, бөлімдерінің бөлімдерінің жалпы сипаттамасы, көбею жолдарымен, негізгі өкілдерімен және экологиясымен таныстыру.
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Мүктәрізділер бөліміне сипаттамасы, классификациясы, көбею жолдары

  2. Плаунтәрізділер бөлімі сипаттамасаы, классификациясы, көбею жолдары



Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер – Cormobіonta. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің денесі органдарға – тамырға, сабаққа және жапыраққа бөлінген болады. Бұл органдар жақсы жетілген ұлпалардан тұрады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өмірлік циклінде спорофиті (2п) мен гаметофитінің (п) алмасып келуі айқын байқалады. Жыныстық көбею органдары көпклеткалы. Аналық жыныс органы архегоний құмыра тәрізді болып келеді. Ол екі бөліктен - кеңейген түп жағынан және жоғарғы жіңішке мойнынан тұрады. Архегонийдің түп жағында жұмыртқа клеткасы жетіледі, ал оның мойны жұмыртқа клеткасы пісіп жетілген кезде жоғарғы жағынан ашылады. Аталық жыныс органы антеридий қапшық тәрізді болып келеді, оның ішінде көптеген сперматозоидтар пайда болады. Жалаңаш тұқымдылардың тек антеридийлері ғана редукцияға ұшыраған, ал жабық тұқымдылардың антеридийлері де, архегонийлері да редукцияға ұшыраған. Жыныстық көбею органдары құрылысына (структурасына) қарай жоғарғы сатыдағы өсімдіктер архегониялы (Archegonіata) және пестикті (Gynoecіatae) болып екі топқа бөлінеді. Архегониялылар жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің алғашқы 7 бөлімін қамтиды, ал пестиктілерге тек бір ғана жабық тұқымдылар бөлімі жатады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің зиготасынан ұрық пайда болады. Ол дегеніміз спорофиттің бастамасы болып табылады. Архегониялы өсімдіктерде ұрық гаметофиттің (п) есебінен, ал пестикті өсімдіктерде спорофиттің қор жинайтын ұлпасы- эндоспермнің (3n) есебінен жетіледі.


Өсімдіктер дүниесінің өркенге дейінгі архегониялылар тармағы - Procormobіonta archegonіatae


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет