Риниофиттер бөліміне тек қазба түрінде ғана белгілі 2-3 туыс жатады. Олардың өмірлік циклында спорофиті басым болып келеді. Вегетативті денесі дихотомиялы бұтақтанған теломдардың системасынан тұрады. Теломның жер беті бөлігінің жалпы құрылысының өзіндік ерекшілігі болады. Бұл әлі өркенге жатпайды, өйткені теломның өстерінде жапырақтары болмайды. Негізгі өсі айқын байқалады. Оның ортасын ксилема алып жатады, ал сыртын флоэма қоршап тұрады. Ксилемасы тұтас цилиндр тәрізді немесе сәулелі болып келеді. Ол трахеидтерден тұрады. Теломның шет жағы (қабықтық бөлігі) фотосинтездің қызметін атқарады. Эпидермисінде устьица аппаратары орналасады. Жер асты бөлігінің устьицесі болмайды. Нағыз тамырлары жоқ, оларды ризоидтары алмастырады. Споранги-лері теломның жоғарғы ұштарында орналасады, спорангиясының қабық-шасы көп қабатты. Риниофиттердің гаметофиттері табылмаған.