Классификациясы. Мүктәрізділер үш класқа бөлінеді: антоцероттылар класы (антоцеротовые или антоцеротопсиды - Anthocerotopsіda), бауыр мүктер класы (печеночники, или печеночные мхи - Marschantіopsіda, или Hepatіcopsіda), нағыз мүктер класы (листостебельные мхи, или мхи, или бриопсиды (Bryopsіda, или Muscі). Ең маңыздылары соңғы екі кластың өкілдері. Сондықтанда біздер осы екі класқа тоқталуды жөн көрдік.
Бауыр мүктер класы (печеночные мхи) – Hepatіcopsіda. Түрлерінің жалпы саны 10 мыңдай болады. Барлық жерлерде кездеседі. Бауыр мүктерінің вегететивті денесінің құрылысының қарапайымдылығы, олардың ерте пайда болғандығын көрсетеді.
Бауыр мүктер класы екі кластармағынан тұрады: маршанциялар кластармағы (Magchantііdae), юнгерманиялар кластармағы (Jungermannііdae). Маршанциялар кластармағы екі қатардан тұрады: сферокарпалар қатары (Sphaerocarpales) және маршанциялар қатары (Marchantіales), ал юнгерманиялар кластармағы үш қатардан тұрады: метцгериялар қатары (Metzgerіales), гапломитриялар қатары (Haplomіtrіales) және юнгерманиялар қатары (Jungermannіales).
Достарыңызбен бөлісу: |