Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасы



бет1/3
Дата05.12.2023
өлшемі98,9 Kb.
#195048
  1   2   3
Байланысты:
13. Радиоактивтілік. Рентген сәулелері.











«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ


НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»



Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасы



Әдістемелік нұсқа



Редакциясы: 1

бетттің беті




Тақырыбы: Радиоактивтілік. Рентген сәулелері. Дозиметрия
Сабақтың мақсаты:

  • иондалған және индуцирленген сәуле шығарудың пайда болу механизмін және ядролық иондық сәуленің биофизикалық әсерін оқып үйрену

  • рентгеноскопия және флюорография, рентгендік томографияның диагностикалық қолданылуы.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Иондалған сәуле шығару және олардың тірі ағзаға мен қоршаған ортаға әсері

  2. Радиоактивтілік. Радиоактивті ыдырау түрлері

  3. Рентген сәулелері (ағылшын тілінде)

  4. Рентген түтігі. Рентген түтігінің жұмыс істеу принципі

  5. Дозиметрия.

Ақпаратты-дидактикалық бөлім
Рентген сәулелер ұзындығы 80-нен 10-5 - ке дейінгі электромагниттік толқындарды айтамыз. Ұзын толқынды рентген сәулелері қысқа толқынды ультракүлгін сәулелермен, ал қысқа толқынды –ұзын толқынды гамма сәулелермен жабылады. Рентген сәулелер қозу жағдайына қарай тежелген және сипаттамалық болып бөлінеді.
Рентген сәулелердің таралу көзі ретінде екі электродтан тұратын вакуумді құрал рентгендік түтік қолданылады (1 сурет). Жылытатын катод 1 электрондар 4 шығарады. Анодтың 2 қисықтық беті болады, ол пайда болған рентгендік сәулені 3 түтікке белгілі бір бұрышпен бағыттайды.
Анод электрондардың соққысынан туындаған жылуды ұстайтын жылу өткізгіш материалдан жасалады. Анодтың бетіне кейбір жағдайда су немесе май жағылады. Жұмыс жасалғанда екі жағдайды ескеру қажет: бір жағынан электрондар анодтың бір жеріне ғана түсу керек, екінші жағынан қызып кетпес үшін электрондар әртүрлі
1-сурет бөліктерге таралу керек.

Атом ядросы мен заттың атомдық электронындағы электростатикалық өрісте электрондардың тежелуінің нәтижесінде рентген сәуленің тежелуі туады. Заряд қозғалысқа түскенде магнит өрісі пайда болады, оның индукциясы электрондардың жылдамдығына байланысты. Тежелген кезде магнит индукциясы кемиді, Максвелл теориясына сәйкес электромагниттік толқын пайда болады. Электрондар тежелгенде энергияның бір бөлігі рентген сәуленің фотонын тудыруға кетсе, ал қалғаны анодты жылытуға жұмсалады. Рентген түтігінде кернеуді арттыра отырып рентген сәуленің сипаттамасына сәйкес келетін тұтас спектрінде сызықтарды көруге болады.Ол үдемелі электрондар атомның ішіне түпкілікті кіріп сыртқы қабаттардан электрондарды ыршытып шығарады. Бос орындарға жоғарғы қабаттардан электрондар өтеді де, қорытындысында фотоннның сипаттамалық сәулесі көрінеді. Оптикалық спектрлерге қарағанда сипаттамалық рентген спектрлерінде түрлі атомдар бірдей типті болып келеді.


Иондық сәулелерге бөлшектер және электромагниттік кванттар: рентген және гамма сәулелер; альфа, бетта және т.б.. Иондық сәулелер затпен өзара әсерлескенде атомдар мен молекулалардың иондалуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет