Қыналар ең ежелгі тірі ағзалардың
бірі деп саналады
• Ғаламдық жылыну экожүйелерге қалай әсер етуі мүмкін?
Ғаламдық климат үнемі өзгеріп отырады, соңғы 200 жыл ішінде
орташа ғаламдық температура біршама артты. Пайымдаулар
бойынша, мұның себебі – адамның әрекетінен, мысалы қазбалы
отынды жағу салдарынан атмосферада түзілген көмірқышқыл газы
мен метан секілді парниктік газдар деңгейінің артуы. Ғаламдық
температураның артуы экожүйелерге үлкен әсерін тигізсе, ал
температураның артуы ағзаларға тікелей және жанама түрде әсер
етеді. Ауа райы шарттары өзгереді, теңіз деңгейі көтеріледі және
мұздық қабат ериді. Мекен орталары жоғалып, қоныстану шарттары
өзгеріп, жаңа аурулар пайда болуы мүмкін. Барлық биотикалық
және абиотикалық факторлар кейбір түрлердің жоғалып кетуіне,
ал басқа түрлердің дамып, жаңа мекен орнын пайдалануына жол
ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |