Экожүйелердің
өзгеруі
БИОЛОГИЯ • ЭКОЖҮЙЕЛЕР • ЭКОЖҮЙЕЛЕРДІҢ ӨЗГЕРУІ
1
1-бөлім: Экожүйелер
• Экожүйелер дегеніміз не?
• Ұсынылатын фильм
- Экожүйе дегеніміз не?
• Уақыт өте келе экожүйелер өзгере ме?
Кез келген түрдің жойылуы, оған тәуелді
көптеген жануарлардың қорек көзін
азайтуы мүмкін.
Қосымша сұрақ
C1. Экожүйелерді энергиямен қамтамасыз
ететін не?
Күн – барлық экожүйелердің негізгі энергия көзі.
Өсімдіктер Күн энергиясын қолданып, фотосинтез
процесі арқылы қорегін өндіре алады, сондықтан
оларды продуценттер деп атайды. Қоректік
тізбектегі барлық жоғарғы ағзалар осы азық
қорына тікелей немесе жанама түрде тәуелді.
Экожүйелер – бір-бірімен және қоршаған ортаның
жансыз бөлігімен байланысқа түсетін тірі ағзалардың
өз-өздерін қолдай алатын жүйелері. Тропикалық
ылғалды орманды экожүйе ретінде қарастыруға
болады. Экожүйенің тірі бөліктері “биотикалық”
факторлар деп аталады, оларға барлық өсімдіктер мен
жануарлар және олардың арасындағы қарым-қатынас
жатады. Ал “абиотикалық” факторларға ауа, топырақ,
тас және су секілді жансыз табиғат бөліктері жатады.
ДИАГРАММА 01:
Көзге айқын көрінбесе де, экожүйелер үнемі өзгеріс үстінде болады.
Қоршаған ортаның шарттары өзгерген сайын, экожүйедегі ағзалардың
популяциялары да жылдан-жылға өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер
көбінесе салыстармалы түрде өте кішкентай және бұл өзгерісті
бастапқы қалпына қайтаруға болады, алайда, кейде экожүйелер оның
қызметін анықтайтын биотикалық және абиотикалық факторлардағы
маңызды өзгерістерге жауап ретінде күрт өзгеруі мүмкін. Мысалы,
ауру әсерінен , мекен ортасының бұзылуынан немесе жыртқыштық
кесірінен бір түрдің жойылуы тек осы ағзаның өзіне ғана емес, оған
тәуелді барлық түрлерге әсерін тигізеді. Егер бұл түр қоректік тізбектің
төменгі сатысындағы өсімдік болса, онда өзіне тәуелді қоректік тізбектің
жоғарғы сатысындағы барлық түрлерге өз әсерін тигізуі мүмкін.