БИОЛОГИЯ • ЭКОЖҮЙЕЛЕР • ЭКОЖҮЙЕЛЕРДІҢ ӨЗГЕРУІ
4
Қосымша сұрақ
C6. Қына дегеніміз не?
Қына – негізінде бірлесіп өмір сүретін екі ағзадан тұрады (саңырауқұлақ және балдыр). Балдыр қорекпен
қамтамасыз ету үшін фотосинтездейді, ал саңырауқұлақ қына мекендейтін тас бетінен су мен минералдарды
сіңіре алады. Осындай байланыстың арқасында қына өте жайсыз мекен орталарында да өмір сүре алады!
3-бөлім: Биоалуандылық
• Биоалуандылық дегеніміз не?
Биоалуандылық экожүйедегі ағзалар санына және
ағзалардың әркелкі типтерінің санына қатысты айтылады.
Көптеген ағзалардан және көптеген түрлерден тұратын
экожүйелер жоғары биоалуандылыққа ие болады.
Биоалуандылық адам өміріне өте маңызды, себебі ол
бізді тамақпен, материалдармен және дәрі-дәрмекпен
қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, оның атмосфераға,
топыраққа және суға тигізер маңызы зор. Сонымен қатар,
түрлердегі генетикалық өзгерістер болашақ селекциялық
бағдарламаларда маңызды болуы мүмкін. Сондықтан біздің
биоалуандылықты сақтап отыруымыздың маңызы зор.
Қосымша сұрақ
C7. Қандай экожүйелер жоғары
биоалуандылыққа ие?
Тропикалық ылғалды ормандар Жер бетіндегі
ең жоғары биоалуандылыққа ие жерлер
деп саналады. Ылғалды ормандар Жер
бетінің шамамен 6%-ын ғана алып жатса да,
ғаламшардағы барлық түрлердің жартысынан
көбі сонда мекен етеді. Бұл экожүйелер экваторға
жақын болғандықтан, жыл сайын көп мөлшерде
күн сәулесін алады, сондықтан өте жемісті болып
келеді. Өсімдіктер тез өседі де, көп өнім беріп,
басқа ағзаларды қорекпен қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: