Биология-3топ Серік Бақытгүл Биологияға кіріспе пәнінен практикалық емтихан сұрақтары


)Дж.Берналдың Жердегі тіршіліктің пайда болу жөніндегі



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата23.12.2023
өлшемі454,46 Kb.
#198810
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Серік Бақытгүл 2
8 Алгебра КТЖ 22-23
12)Дж.Берналдың Жердегі тіршіліктің пайда болу жөніндегі 
теориясының негізгі кезеңдері
 
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі кездегі көзқарас 
биопоэз теориясы деп аталады(биохимиялық эволюция теориясы деп те 


аталады).Бұл тэорияны 1947жылы ағылшын ғалымы Дж.Бернал ұсынды. 
Дж.Бернал биогенездің 3кезеңін ажыратты.
•Бірінші кезең-биологиялық мономерлердің абиогендік жолмен пайда 
болуы. 
•Екінші кезеңі-биологиялық поимерлердің түзілуі. 
•Үшінші кезең-мембраналы құрылымдар мен алғашқы ағзалардың пайда 
болуы. 
Қазіргі кездегі биология ғылымының жетістіктеріне сәйкес тіршілік деген 
ұғымға көптеген анықтамалар беріліп жүр. Тіршілік-зат алмасу және 
көбею сияқты ерекше қасиеттермен сипатталады. Жердегі тіршілік 
дегеніміз негізінен нуклейн қышқылдары мен ақуыздың өзара әрекеттесуі 
функциясы болып табылады. Нуклейн қышқылы- нуклеотид полимерлері 
болып табылады, ал ол өз кезегінде азоттық негіздерден, центоздан және 
фосфаттан тұрады. Ақуыздар-бұлар да полимерлер және амин 
қышқылдардан тұрады, ақуыз функциясы- ферментативтік. 
Дж.Берналдың теориясына сәйкес, тіршіліктің пайда болу тарихы 3 
бөлімге бөлінеді: атомнан молекулаға дейін, молекуладан полимерге дейін
полимерден организмге дейін.
1-сатысында өмір үшін сипатты содан метаннан және аммиактан аралық 
молекула қалыптасқан. Олар негізінен көміртектік азоттық қосылысты, 
жай күрделілігі бар қосылыстар-амин қышқылдар және органикалық 
негізді- аденин.
2-сатыдағы процесс-бұл молекулалардың полимеризациялануы, шешуші 
жағдайға алып келетін динамикалық ұйымдастыру процесінің пайда болу, 
оны біз тіршілік деп атаймыз. 
3- сатысында организмдердің дамуы және олардың ішкі 
ұйымдастыруыларының қалыптасуы жүреді, ол жәй метаболизмдік 
ортадан организмдік деңгейге ауысу, яғни қоршаған өлі табиғаттан 
даралану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет