Биология-3топ Серік Бақытгүл Биологияға кіріспе пәнінен практикалық емтихан сұрақтары



Pdf көрінісі
бет16/16
Дата23.12.2023
өлшемі454,46 Kb.
#198810
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Серік Бақытгүл 2
8 Алгебра КТЖ 22-23
15)Ноосфера туралы түсінік 
Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз 
ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881–
1955енгізген. XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік 
тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны 
биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын 
тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың 
бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы 
деп түсіндірді. Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының 
бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық 
айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — 
тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. 
бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда 
болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам 
қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді. Биосфера эволюциясының 
келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп 
атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды 
білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-
ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі. 
Қазіргі кезде ноосфераның шекаралары биосфераның шекараларына тура 
келеді. Өйткені жерде адам іс-әрекетінің салдары сезілмейтін аумақ іс 
жүзінде қалған жоқ. Тіпті егер де «адам аяғын баспаған орындар» бола 
қалғанның өзінде олар атмосферада антропогендік шығарындылардың 
қандай да болса бөлшектері немесе сол қосылыстарды топырақтан немесе 
судан және т.б. табуға болады. 


Адамның іс-әрекетінен табиғи заңдылықтардың бұзылуы. Басты 
проблеманың міндеті мынада: ғылым мен техниканың дамуына 
байланысты адамның «санасыз» іс-әрекеттері салдарының сезілуі барған 
сайын күшейіп барады. Ластану түрінде «табиғатқа антропогендік кысым 
көрсету», табиғи ресурстарды көп мөлшерде тұтыну, өзге тірі тіршілік 
иелерін ығыстырып, жою өсе түсті. Жағым- сыз әсердің мүмкіндігінше 
азырак, сезілуіне жету қажет.Алайда адамның өз іс-әрекетінің оғаш 
қылығы оның өмір сүруіне қауіпті болып барады. Мысал ретінде 
денсаулықтың экологиялық себептерін келтіруге болады.Экологиялық 
проблемаларды шешуге арналған мәселе - бұл адамзат өмірін сақтауға 
барабар мәселе болып табылады. Сонымен, адамзаттың басты 
экологиялық саясатының негізгі бағыттары мынадай: 
- өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының калдықсыз өндірісін жасау; 
- электроэнергияның экологиялық таза болуы; 
- қоршаған ортаның өнеркөсіптік, ауыл шаруашылығы және көлік 
қалдықтарынан ластану проблемасын шешу; 
- жахандық, климаттық өзгерістер проблемасын шешу; 
- адам санының өсу проблемасын шешу; 
- жоғары өнімді ауыл шаруашылығының қолтұқымдарын және 
өсімдіктер іріктемелерін, микроорганизмдер сеппелерін шығару; 
- биологиялық сан алуандық пен табиғи бірлестіктерді сақтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет