Мамықкенелер құстардың денесінде мекендеп, әкаяқ (әсіресе тауыққа) ауруын туғызады. Мұндайда сирақтағы қабыршақтар қопсып, аяқта ақшыл томпақтар түзіледі де, ұлпа тіршілігін жояды. Сөйтіп, тауық саусағын қимылдата алмай, ақыры өледі. Бұл ауруды ақшыл томпақтарға қарамай немесе креолин жағып емдеуге болады.
Үй хайуанаттары тері кенелерінен де зардап шегеді. Бұлар – қышыма кенеден ірірек – 1 мм шамасындағы жәндіктер. Кене теріге жабысып алады. Ол малдың қанын сорғанда, жануар тынышсызданып, оның терісі қабынады, қотырға айналады. «Қотырды қаси берсең – қаны шығар. Киімді қаға берсең – шаңы шығар» демекші, терінің жүні түседі. Содан мал азып, титықтайды. Тері кенесінен құтқару үшін қойдың жүнін қырыққаннан соң креолинді суға тоғытады. «Қансигек» ауруы еліміздегі мал шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді. Мысалы, Алматы, Жамбыл, Шымкент облыстарында осы аурудың зардабынан малдардың 80 пайызы шығынға ұшырайды. Аурудың ғылыми атауы – пироплазмоз. Ауру белгілері: малдың дене температурасы 41–42°С-ге дейін көтеріліп, тынышсызданады; жүректің және асқазан жолы бұзылып, қан аралас зәр шығарады, мал әлсіреп, ариды. Ауруды тасымалдаушы – жайылым кенесінің нәзікбас кене деген түрі.
Алма кенесі – тұрқы бір миллиметрге жетер-жетпес ұсақ жәндік. Ол алма, алхоры, шие, кейде алмұрт ағаштарына зиян келтіреді. Ұрықтанған кененің аналығы ағаш қабығының астында қыстайды. Сәуір айында қоректенуге шығады. Бүршік жарып келе жатқан жапырақтар мен қоректеніп, соған жұмыртқалайды. Алма кенесі жаз бойы 7–9 рет ұрпақ береді. Бұларды жеміс ағашы гүлдеп болған соң және жапырақта 2–4 дара кене байқалған жағдайда дәрілеу арқылы жоюға болады.
Мәдени өсімдіктер зиянкестерінің бірі – өрмеккене. Мөлшері 0,2–1,0 миллиметрден аспайтын кішкене кенелердің тұтқы аяқтарында өрмек бездері болады. Бұлар бақ, бау, қозалы және жылыхана өсімдіктеріне орасан зор зиян келтіреді. Кенелер өсімдік жапырағынан шырын сорады. Сондықтан өсімдік өніп-өсе алмайды. Сөйтіп, әлсізденген өсімдік солады. Ұрықтанған аналық кенелер қыркүйек – қараша айларында қыстамаға жатады. Олар ағаш немесе өсімдік бүрі жапырақ жайғанда қыстаған орындарынан шығады. Алма кенелері сияқты бұларға да қарсы күрес шарасы жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының «зиянкестері», жұқпалы ауруларды тудырушылар, адам және жануарлар паразиттері. Олармен күрес жүргізудің қолайлы және қолайсыз әдістері. Ауыл шаруашылығы жануарларына бөгелек және сона паразиттік әрекет етіп, зиян келтіреді. Дернәсілдерінің даму ерекшеліктеріне қарай, бөгелектердің әр түрлі аталатынын білуге тиістіміз. Егер дернәсіл сиырдың терісінде дамитын болса, ол оқыра болып саналады. Оқыраның ересек күйінде аузы жетілмегендіктен, қоректену мүмкіндігі болмайды.Егер дернәсіл жылқының және есектің қарнында дамыса, бұл бөгелек деп аталады. Ал қойдың кеңсірігінде дамыса – осқырма деген атауға ие болады. Оқыраның дернәсілі сиыр жүніндегі жұмыртқадан дамып, теріге енеді. Одан әрі сонда паразиттік жолмен тіршілігін жалғастырады. Осқырманың дернәсілі қойдың кеңсірігінде дамиды. Дернәсілдің мазалауынан қой оттыға алмай, ауруға ұшырайды. Жылқы және есек тістелеп, қасынған кезде жүніндегі бөгелектің жұмыртқасын жұтады.
Қарын қабырғасына бекінген дернәсілдер қарынның сілемейлі қабықшасын қабындырады. Дернәсілдер одан әрі жылқы мен есектің тезегімен бірге топыраққа түседі. Дернәсілдер сонда қуыршаққа айналады.
Сона – қан сорғыш жәндік. Ол жануарларды шағып, тынышсыздандырумен бірге ірі малда қарасан ауруын таратады.
Бөртпе сүзекті адамға таратушы нағыз паразит – бит. Бүрге бөртпе сүзекті де, оба ауруын да таратады. Бұлардан сақтандыру шараларын ұйымдастыру – медицинаның басты міндеті.Зиянды бунақденелілерге қарсы күрес шаралары дұрыс ұйымдастырылса, астықтан мол түсім алуды, адам денсаулығын сақтап қалуды тәртіпке келтіруге болады. Паразит және ауру тарататын, сондай-ақ басқа да зиянды бунақденелілердің әрқайсысының биологиясын жете білу керек. Сонда ғана қолданылатын шараның нәтижелі болады. Оларға қарсы қолданылатын күрес әдістері әр түрлі болады. Ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрес шараларына қатысты іс жүзінде қолданылып жүрген әдістерді былай топтастыруға болады.
Диқаншылық мәдениетін көтеру арқылы жүргізілетін шаралар. Зиянкестердің таралуына және қауырт көбеюіне мүмкіндік бермей, олардың алдын алу – негізгі әдістердің бірі. Зиянкес жәндіктер арамшөптерде орнығып, өте тез көбейеді де соңынан мәдени өсімдіктерге ауысады. Демек арамшөптерді отау – зиянкестердің жолын кесудің тиімді әдісі. Көлемі шағын жерлерде арамшөпті қолмен жұлуға болады. Бірақ өте көлемді жерлерде бұлай жасау қолайсыз. Сондықтан зиянды бунақденелілерден құтылудың негізгі әдісі – жерді өңдеу. Топырақ агротехникалық талаптарға сай өңделсе, арамшөптер өспейтін болады. Соның нәтижесінде топырақты қопсытып, оның астында қыстайтын бунақденелілерді жер бетіне шығаруға да мүмкіндік туады. Зиянды бунақденелілер қопсытылған топырақпен жер бетіне шығып қалғанда, оларды құстар жеп құртады. Олар күн сәулесінің әсерінен де қырылады. Қандалалар отрядына жататын қасақы жалпайма (вредная черепашка) бидайға зақым келтіреді. Толық пісіп жетілмеген дәнді қорегіне жаратады. Ересек қасақы жалпайма ормандағы түскен жапырақтардың астында қыстап шығады. Көктемде егістікке ұшып келіп, бидай жапырақтарына жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер де, ересектері тәрізді бидай дәнін қорек етеді. Қант қызылшасының бізтұмсығы, пияз және орамжапырақ шыбындары жұмыртқаларын топыраққа салады.
Кейде егін егу мерзімін өзгерту де әсерлі болып табылады. Ең тиімдісі – зиянды бунақденелілерге төтеп беретін мәдени өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару.Жеміс бағында және орман ағаштарында тіршілік ететін бунақденелілер де бар. Олар – зиянкес (бітелер, алма гүлжегісі мен жемісжегілері) жәндіктер.
Адамға ауру жұқтыратын паразиттерден (бит, қандала, бүрге) құтылу жолы – жеке басты және тұрғынжайды таза ұстау.Зиянкестерге қарсы күрес шараларының биологиялық әдістері. Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін бунақденелілердің табиғи жау түрлері де (трихограмма, теленомус) бар. Соларды зиянкестерге қарсы пайдалану биологиялық әдіс деп аталады. Трихограмма және теленомус жұмыртқаларын басқа бунақденелі жұмыртқасына салады. Олардың ұрпағы сонда дамиды. Трихограмма – көбелектердің 80 түрінің жұмыртқасына, ал теленомус қасақы жалпаймасының жұмыртқасына жұмыртқалайды. Сөйтіп зиянды бунақденелілердің дамуына кедергі
Зиянкестерге қарсы күрес шараларының химиялық әдістері. Зиянды бунақденелілерді химиялық дәрі-дәрмектермен де жоюға болады. Ондай улы заттар инсектицид деп аталады. Мұндай улы заттар бунақденелілер денесіне сырттай да, іштей де әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |