Биология-география факультеті География кафедрасы «Геология»


ТАҚЫРЫП. ВУЛКАНИЗМ ЖӘНЕ ЖЕР СІЛКІНУ



Pdf көрінісі
бет16/54
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#79752
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54
Байланысты:
геология лекция
ПРОГРАММА МАГ.КАЗ
6 ТАҚЫРЫП. ВУЛКАНИЗМ ЖӘНЕ ЖЕР СІЛКІНУ 
 
Лекция тезистері: 
Метаморфизм – жер қыртысында физикалық-химиялық 
жағдайлар ӛзгеруін туындатын эндогендік процестер әрекетінен 
тау жыныстарының түрленуі. Түрленуге кез-келген – шӛгінді, 
магмалық және метаморфтық тау жыныстары ұшырайды. 
Метаморфизм күрделі химиялық құбылыс, ол метаморфизм 
факторларының: температура, қысым және химиялық белсенді 
заттардың (флюидтердің) кешенді әрекет етуінен туындайды. 
Температура – метаморфизмнің екінші факторы, ол минерал 
жаралуға 
әсер 
етеді 
және 
белгілі 
бір 
минералдар 
ассоциациясының қалыптасуын анықтайды. Температура ӛсуі 
жағдайында қайта кристалдану, ірілеу түйірлі құрылымдардың 
балқып түзілуіне әкеледі. Қысым – метаморфизмнің екінші 
факторы. Қысым екі түрге: геосатикалық қысымға – оны жоғарғы 
жағында жатқан тау жыныс қабаттарының массасы туындатады; 
және тектоникалық қозғалыс туындатын бағытталған қысымға 


20 
(стресске) бӛлінеді. Метаморфтық тау жыныстардың ең кӛп 
таралған тобы – тақтатастарға тән. Химиялық белсенді заттар – 
метаморфизмнің үшінші, ең басты болуы да ықтимал, факторы. 
Оларға су мен кӛмір қышқылы кіреді. Маңызды рӛлді сонымен 
қатар, N, CI, P, B, S және басқа элементтердің қосылыстары да 
атқарады. Бұл заттар күрделі құрамды ерітінділер ретінде тау 
жыныстар арқылы жылыстап, оларға метаморфтаушы ықпал 
жасайды.
Кеңістіктегі орналасу ерекшеліктері мен процестің құлаш 
жаюы бойынша метаморфизмнің екі типі бӛлінеді: локальдық 
және аймақтық. Олар метаморфизм факторларының басым 
ықпалына байланысты мынадай түрлерге бӛлінеді: термалық 
(басты фактор - температура), динамометаморфизм (қысым) және 
метасоматоздық (химиялық белсенді заттар). Термалық (немесе 
жапсарлық) және динамометаморфизм (немесе катаклаздық) 
шектеулі алқапта білінсе, метасоматоздық метаморфизм шектеулі 
де, аймақтық та жағдайларда дамиды.
Метаморфизм үш түрге бӛлінеді: жапсарлық, аймақтық және 
дилокациялық. Тӛменнен жоғары қарай жер қойнауынан магма 
кӛтеріліп кристалданған кезде онымен қабаттаса жапсарлық 
метаморфтық жыныстар пайда болады. Тау жыныстары 
тектоникалық жарықтарға ұшырағанда жарықшақ бойында 
қысым ӛсіп, жыныстар жаншылып, езіліп, дислокациялық 
метаморфизмге, 
яғни 
динамометаморфизмге 
ұшырайды. 
Аймақтық метаморфизм ауқымды ӛлкені қамтиды да мыңдаған, 
жүздеген шаршы шақырым ауданға тарайды. Бұл жолы 
метаморфтану процесіне қысым және температурамен қатар 
қызған су буы, жыныс құрамындағы кӛмір қышқыл газы 
қатысады. 
Интрузивті массив неғұрлым ауқымды болса, жапсарлық 
метаморфизм соғұрлым күшті және аумақты болады. Сондай-ақ 
интрузивті плутон тереңірек кристалданса, жапсарындағы 
метаморфты зона да аумақты және күрделі құрамды келеді. 
Интрузив шегінен алыстаған сайын оның қоршауындағы 
жыныстардың температурасы тӛмендейді де соған байланысты 
түзілген метаморфты жыныстардың минералдық парагенезі де 
ӛзгереді. 


21 
Құм-балшықты жыныстар жапсарлық метаморфизм әсерінен 
кӛбінесе мүйіз тастарға айналады. Олардың түзілімі негізінен 
тығыз, шомбал, құрылымы уақ кристалды болып келеді. 
Құрамына 
жоғары 
температуралы 
магний-темір 
алюмосиликаттары, пироксендер, ал интрузив шегінен алыстаған 
сайын амфибол, плагиклаздар, биотит, мусковит, хлоридтер 
кіреді. Қоршаған карбонатты жыныстарға интрузивтің тек қана 
температуралық әсері ӛтсе, олар толық коисталданып, алғашқы 
құрамына сай каьцитті не доломитті мәрмәр түзіледі. 
Қатая бастаған сагманың температурасымен қатар одан 
бӛлініп шыққан газдар мен ыстық ерітінділер қоршауындағы 
жыныстарға қосылса, одан метасоматты жыныстар жаралады. 
әсіресе әсерленгіш әктастарға кремний, алюминий, магний, темір 
тотықтары қоысылып скарн атаулы жыныстар пайда болады. 
Олар кӛбінесе силикатты гранаттардан, пироксендерден, 
амфиболдардан түзіледі және құрамына магнетит кендері 
(Сококлов – Сарыбай, Саяқ, Кентӛбе), мыс, мырыш, қорғасын 
кендері кіреді. Метасоматоз арқылы силикатты жыныстар 
құрамындағы дала шпаттары бұзылып, кварц пен мусковит, 
серицит түзіледі. Содан қалайы мен вольфрам шоғырланған 
грейзендер, мыс пен молибден кендері бар туынды кварциттер 
(Сарыарқа) пайда болады. 
Динамометаморфизм 
ірі 
тектоникалық 
жарықтарды 
бойлайды. Қарама-қарсы екі жақтан қысым туғанда минералдар 
қысымнан «тайып», оған перпендикуляр бағытты беттеп 
кристалданады да жарық бойын қуалап тілімделген жолақты 
масса түзеді. Бұл жолда әсіресе жаңадан пайда болған қабыршақ 
пішіндес слюдалар, хлоридтер, тальк сияқты минералдар 
параллель бағытта таспаланып, жыныстың тақталануына 
себепкер болады. Осылайша және жаншылып – уатылудан пайда 
болған жыныстарды милониттер деп атайды. 
Аймақтық метаморфизм ӛте кең ӛлкеде және ӛте кӛне 
жыныстарда тарайды. Метаморфтанудың негізгі факторлары – 
терең қойнаудағы ӛскелең температура мен қысым. Екеуінің 
күшіне байланысты әртүрлі минералдар парагенезисі пайда 
болады да оларды метаморфтық фациялар деп атайды. 
әрқайсысындағы минераладар тобына байланысты жасыл 
тақтасты (ең шамалы), амфиболитті (орташа), гранулитті (ең зор) 


22 
метаморфизм фацияларын бӛледі. Егер метаморфтық тау жынысы 
байырғы шӛгінді жыныстың ӛзгеріунен пайда болса, атауына 
«пара» - деген, бұрынғы магмалық жыныстан түзілсе «орто» - 
деген қосымша сӛз қосылады (мысалы, парагнейс, ортогнейс). 
Негізгі әдебиет – 1-10 
Қосымша әдебиет – 11-28 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет