Биология-география факультеті География кафедрасы «Геология»


ТАҚЫРЫП. ЭНДОГЕНДІК ГЕОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет15/54
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#79752
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54
Байланысты:
геология лекция
ПРОГРАММА МАГ.КАЗ
5 ТАҚЫРЫП. ЭНДОГЕНДІК ГЕОЛОГИЯЛЫҚ 
ПРОЦЕСТЕР.
 
Лекция тезистері:
 
Ӛткен геологиялық дәуірлерде де, қазіргі заманда да Жер 
бедерін ӛзгеріске ұшырататын күштер, оның ӛз қойнауында 
жатыр. Оларды Жердің ішкі динамикалық немесе эндогендік
 
процестер деп атайды (гректің «endon» - ішкі, «genos» - тегі) – 
Жердің ішкі күштері салдарынан туатын процестер. Оларға 
жанартаулық құбылыстар, жер қыртысының кӛтерілуі мен 
тӛмендеуі, жер қыртысында жарылыстардың пайда болуы, жер 
сілкіну жатады. Бұл процестер жер қабығындағы жыныстарды 
мүлде ӛзгертіп, метаморфизмге ұшыратып, жер бедерін 
қалыптастырады.
Магма
 
(грекше – қамыр, қоймалжың) деп күрделі силикат 
құрамды балқыған ерітіндіні айтады. Оның қоймалжын болуы 
құрамындағы әр түрлі газдарға, су буына байланысты. Магматизм 
– Жердің ішкі энергиясының ең бір ірі кӛрінісі. Оны Жерді ішкі 
қойнауының беткі қабаттарына кӛтеріліп, шапшып атқылауынан 
кӛруге болады. Магма массасы Жер үстіне жетіп тасыса, оны лава 
деп атайды. Ондай процестерді эффузивтік немесе вулкандық деп 
атайды (латынша «эффузио»-тасу, тӛгілу). Ал, егер магма жер 
бетіне жетпей тереңде қапталып қалса, оны интрузивтік немесе 
тереңдік магматизм деп атайды (латынша - «интрузия» кіру, ену). 
Вулкан - латынша от, жалын. Вулкандық процесс кезінде лава 
жер бетіне жетіп тӛгіледі, қатқан бӛлшектерінің күл-паршасы 
шығып, домаланған кесектер, құм, күл-тозаң, газдар мен су буы 


18 
ұшып аспанға кӛтеріледі. Лава
 
(итал. «lava») – жанартау 
атқылауынан жер бетіне шығып тӛгілген және газдарының біраз 
бӛлігінен айырылған сұйық немесе тұтқыр минералдық масса. 
Лаваның жер бетіндегі t=700-1000 болады. Суынып қатқанда 
вулкандық тау жынысын түзеді (базальт). Вулкандық процесс үш 
сатыға бӛлінеді: 
І. Бастапқы (субвулканды); ІІ. Басты; ІІІ. Ақырғы. І. Жердің 
жоғарғы мантиясында күшті қызудан балқыған магма жаралады 
да, ол қысым әсерінен жоғары кӛтеріліп, магмалық ошақты 
(камераны) толтырады. Кейінірек магма жыныстың жарықтарың 
бойлап әрі қарай жоғары кӛтеріледі. Ол кезде магманың құрамы 
базальтқа тен. Жер бетінен шамамен 2-3 км тереңдікте магмада 
еріген газдар мен су буы бӛліне бастайды, тасиды (физикадан 
білеміз – су бӛлінгенде оның кӛлемі 100 есе артып, мол энергия 
туғызады). Газдар мен бу үстіге кӛтеріліп, жер бетіне шығады. 
Олардың ізімен магма да жер үстіне жетіп, лава тӛгіледі. 
Барлығының жоғары кӛтерілуінен, қысымынан ол маңда жер 
сілкінеді. ІІ. Басты саты – вулканның атқылауынан басталады. 
Балқыған және қатты вулкандық жыныстар жанартаудың 
айналасына жинала келе конус пішінді тау құрайды. Оның тӛбесі 
жазық келеді де орта тұсында шұнқыр – кратер пайда болады. 
Кратердің түбіндегі ӛзегі магманың каналымен ұштасады. 
Жанартау кратері атқылау саны жиілеген кезде оның жан-жағы 
опырылып кетіп, үлкен ойыс шұнқыр пайда болады, оны кальдера 
деп атайды. Оның диаметрі бірнеше километрге дейін жетеді. 
Кратердің доғадай иілген үйіндісін сомма деп атайды. 
Атқылауына және заттарының түріне қарай жанартаулар 
әрекеті үшке бӛлінеді: эффузивтік (тӛгілмелі) – сұйық лава 
басым; пирокласты (гр. «пирос» - от, «класт» - сынық) – қатқан 
бӛлшектер атқылауы басым; эксплозивтік – газдар қопарыдады да 
ӛте күшті дүмпулер сезіледі. Осы үшеуінің әрқайсысы бірнеше 
типтерге жіктеледі: исланд типі, гавай, стромболи, везувий, этна; 
эксплозивтікте (пеле типі, кракатау, маар, бандайсан).
Жанартау жерінен жер бетіне сұйық лава тӛгіледі, қатты 
пирокластар атқылайды, газдар бӛлініп шығады. Химиялық 
құрамына қарай магмалық жыныстар бес класқа жіктеледі: 1) 
қышқылды жыныстар (риолит немесе липарит) – SiO
2
> 65%; 2) 
сілтілі жыныстар (трахит) – К, Nа минералдарына бай; 3) орта 


19 
негізді (андезит) - SiO
2
65-55%; 4)негізді (базальт) - SiO
2
55-45%; 
5) аса негізді SiO
2
<45%. Газдар лаваны кӛбіктеніп толтырғанда 
құрылымы кемік пемза пайда болады. Эффузивтік жыныстардың 
құрылымы лава тез қатқандықтан шыны, жабық кристалды, жала 
кристалды болады. нағыз шыныдай эффузивті обсидиан деп 
атайды. Вулкан шынысы арасында азды-кӛпті кристалдар 
бытырап кездессе, ондай құрылымды порфирлі деп атайды. 
Аққан лаваның беті ұдайы сынып, кесектерге бӛлініп, женттеледі 
де, оны агломерат деп атайды.
Сонымен қоса қатты, газ-булы заттар да бӛліп шығарады 
(вулкандық туф, күл, вулкандық бомбалар, хлорлы, фторлы 
сутек). Құрлықтарда 3000 жыл арасында шамамен 1,500 сӛнбеген 
вулкандар болыпты. 90% - мұхит жағалауында, аралдық доғада. 
Интрузивтік жыныстарға (тереңдік): гранит, аплит, пегматит, 
порфир, сиенит, диорит, габбро, дунит, пироксенит, перидотит, 
порфирит т.б. 
Негізгі әдебиет – 1-10 
Қосымша әдебиет – 13-19 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет