Биология-география факультеті География кафедрасы «Геология»


Кристаллдар, минералдар, тау жыныстары және



Pdf көрінісі
бет11/54
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#79752
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
Байланысты:
геология лекция
ПРОГРАММА МАГ.КАЗ
Кристаллдар, минералдар, тау жыныстары және 
пайдалы қазбалар туралы тҥсінік.
Кристалл – кӛпжақты қатты 
заттар. Мұндай кӛпжақтылардың ьеті немесе аз мӛлшерде 
жетілген жазықтар – жақтармен шектелген, түзу сызықтармен 
қиылысқан – қырлары. Қабырғаларының түйіскен жері – 
тӛбелері.
Симметрия – кӛпжақты кристалл заттың қалыпты бӛліктерін 
қайталайтын қасиеті. Симметрия элементтерінің кӛмегімен 
симметрия анықталады. Оларға: симметрия орталығы, симметрия 


14 
осі және симметрия жазықтығы жатады. Симметрия орталығы (С) 
– фигура ішіндегі ерекше нүкте және бұл нүкте арқылы ӛтетін 
кез-келген түзу сызық бірдей қашықтықта және одан екі жағында 
да бірдей (бір-біріне сәйкес) фигура нүктесі кездеседі. Симметрия 
осі (L) – белгілі бір бұрышқа фигураны айналдырғанда ӛзара 
қайталанып 
ккелетін 
түзу 
сызық. 
Фигураны 
ӛзара 
сәйкестендіретін айналдыру бұрышы, элементарлы айналдыру 
бұрышы деп аталады. Симметрия жазықтығы (P) – фигураны тең 
екі 
бӛлікке 
бӛлгенде, 
бӛлінген 
бӛлігі 
айнадағыдай 
қайталанатынын бейнелейтін жазықтық. Кристалография ғылыми 
кристалдық заттардың сыртқы пішінін, ішкі құрлысын, паида 
болу жолын зерттейді. Ежелгі гректер мен римдіктер мұзды 
«кристаллос» (таза мұз) деп атаған. Сырт кӛрінісі мұз іспетті таза 
хрустальды (сутасты) мұздың тасқа айналған түрі деп санаған, 
яғни кәдімгі квац минералы «кристаллос» деген атқа ие болған. 
Сӛздің ӛзгеруі нәтижесінде ол кристалл сӛзіне айналған.
Кейінірек табиғи жолмен түзілген, кӛп қырлы, симетриялы 
келген барлық заттар кристалл деп аталған. ХҮП-ХҮШ 
ғасырларда М.В.Ломоносов пен Х.Гюйгенс кристалдың ішкі 
құрлысына назар аударды. Рене Жюст Гаюидің кристалл 
құраушы молекулалар пішіні жӛнінен параллипипетке ұқсас болу 
мүмкін деген пікірін Браве қуаттады.
Орыс ғалымы Е.С.Федоров кисталдардың ішкі құрлысының 
белгілі заңдылықпен тор тәрізді қуысты болып келетінің 
математикалық жолмен дәлелдеді.
Минерал – геологиялық процестер нәтижесінде түзілген, 
кристалдық құрылымдардың табиғи химиялық қосылыстары. 
Минералдар тау жыныстарды, яғни жер қыртысы деп аталатын 
материалдық ортаны құрайды. 
Минералдың физикалық қысиеттеріне мыналар жатады: 
минералдың кристалдық құрылымы, табиғатта кездесетін 
пішіндері, түсі, жылтырлығы, жымдастығы, қаттылығы
серпімділігі, тығыздығы (меншікті салмағы), магниттілігі, 
радиоактивтілігі, электрлік және оптикалық қасиеттері т.б.
Тау жыныстары – минералдардың белгілі бір құрамды және 
құрылымды тұрақты парагенезистік ассоциациясы (бірлестігі). 
Тау жыныстары пайда болуына қарай 3 топқа бӛлінеді: магмалық, 
шӛгінді және метаморфтық тау жыныстары. Пайдалы қазба – 


15 
халық шаруашылығында пайдаланатын табиғи минералдық 
агрегат. 
Негізгі әдебиет – 1-10 
Қосымша әдебиет – 25-28 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет