Сабақтың тақырыбы: Заттардың қасиеті Сабақтың мақсаты



Дата22.08.2017
өлшемі0,53 Mb.
#24197
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Заттардың қасиеті

Сабақтың мақсаты:Баланың даму деңгейін, пішінін және түс туралы түсінігін анықтау; заттардың қасиеттері туралы түсінігін дамыту.

Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, түсіндіру,

Көрнекіліктер: әр түрлі суреттер, әліппе дәптер.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалармен амандасу

- Балалардың сабаққа қажетті оқу құралдарын даярлату.

- Балалар бірінші сабағымыз қарапайым математика түсініктері.



№1 тапсырмаТүсі бойынша таңда. Сана.

№2 тапсырма. Заттардың түсі мен саны бойынша бөлуге арналады. Белгілі бір түспен белгіленген бос торкөзге суретте сол түсте неше зат болса, сонша таяқ салу керек.



№3 Мұнда алдымен конструктордың бөлшектерін санау қажет. Содан кейін оның жоспары қарастырылады. Санаумен қатар, сурет- жоспар боялады.





Қорытынды:

- Заттардың қандай қасиеттері бар?



- Қандай түстерді білесіңдер?

Мадақтау,бағалау

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді?»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің мақсаты: Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: балалардың ақыл - ой белсенділігін арттыру. Өлең нақыл сөз, мақал - мәтел арқылы тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.
Жаңа сөздер: наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, элеватор.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сергіту, ойын, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Еңбек адамдарының суреттері, нан түрлерінің суреттері, нан, бауырсақ, ойынға дидактикалық құралдар, ұн, смайлик.
Пән аралық байланыс: тіл дамыту, бейнелеу өнері, сауат ашу.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбер:
Жаңбыр, жаңбыр жауасың,
Жанымызға дауасың.
Біз ойнайтын ауланың,
Тазартасың ауасын.
- Балалар көңіл күйлерің қалай?
- Олай болса көңілді болғанда не істейсіңдер?
- Қол шапалақтаймыз?
- Ренжігенде, қабақ түйеміз. (балалар қабақтарын түйеді)
- Қорыққанда көзімізді жұмамыз (балалар көздерін жұмады)
- Қуанғанда, күлеміз.
- Ендеше, балалар,- көңіл күйлеріңді алдарыңдағы смайлик арқылы көрсетіңдер
- Жарайсыңдар, барлығымыздың көңіл - күйіміз жақсы екен, олай болса оқу іс - әрекетімізді бастаймыз.
- Балала, алдарыңдағы суреттерден тақтадағы көрнекіліктерден байқап отырған боларсыңдар, бүгін не туралы айтайын деп тұрғанымызды.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
- Міне біздің алдымызда дастархан жаюлы тұр. Оның үстінде нандарды көріп тұрсыңдар. Енді біз осы дастарханға нанның қалай келетінін мына суреттерден көретін боламыз.
- Көктемде мына суреттегі тракторлар жерді жыртып, мынандай бидай дәнін себеді. (балаларға бидайды көрсетеміз)
- диханшылар жаз бойы егілген дәнді суарып, күтіп, баптайды.(дихан сөзіне түсінік беріп кетеміз)
- Күз болғанда жайқалып, бидай өсіп шығады. Өсіп шыққан бидайды комбайншылар орып, машиналарға салып береді.(комбайн сөзіне тоқталып кету)
- Көліктер оны элеваторға тасиды. Элеваторда бидайды жылдап сақтауға болады.(элеватор сөзіне тоқталу)
- Қажет бидайды диірменге апарып, одан ұн жасап шығарады.(диірмен сөзіне тоқталу) Балаларға ұнды көрсетеміз.
- Дайын болған ұннан наубайханаларда түрлі нан өнімдерін шығарады.
- Міне балалар, біздің дастарханымызға нан осындай көп еңбектің арқасында келеді екен.
Тақтадағы ұннан жасалған өнімдер туралы суреттерге тоқталу.
Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық?»
Ойынның шарты: Берілген суреттердің ішінен нан өнімдеріне жатпайтын тағам түрлерін шығарып тастаулары керек.
Қоршаған ортамен таныстыру әліппе - дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

Дидактикалық ойын: дұрыс орналастыр.
Ойынның шарты: Ұн, бидай, нан суреттері беріледі. Суреттерді нан жасалу жолдарымен дұрыс орналастыруы керек.

Сергіту сәті:
Көктемде жерді жыртамыз,
Тегістейміз тырмалап.
Дәндерді оған егеміз,
Жайқалып егін шықсын деп.
Күз болғанда орамыз,
Нанға біздер тоямыз. (қимылмен көрсету)

Жұмбақ жасыру:
Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында дәні бар. (бидай)
Балаларға бидайдың суретін салғызу.

Тыйым сөздер:
1 Нанды бір қолмен үзбе.
2 Нанды, дастарханды баспа.
3 Нанды төңкеріп тастама.
4 Нанды аяққа баспа.

Мағынасын түсіндіру.
Дидактикалық ойын: «Тез ойла»
Ойынның шарты: Мамандық түрлері аталады. Солардың ішінен тақырыпқа сай мамандық иелері аталса балалар қол шапалақтаулары керек. Мысалы: Дәрігер, мұғалім, егінші, тракторист, наубайханашы, есепші, комбайыншы, диханшы, т.б.
Барлығымыз бірге жаттайық:
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Қорытынды:
- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекеті барлықтарыңа түсінікті болды ма? Егер барлықтарыңа ұнаса қолдарыңдағы смайликті көтереміз.
- Рахмет, балалар, жарайсыңдар.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру аясы: Қатынас
Білім көздері: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Д дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Д дыбысы және әрпімен таныстыру. Д дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, д дыбысын дұрыс айтуға үйрету. Жаңа дыбыстың орнын анықтау.
2. Дыбысты дыбысқа қосып, буынды буынға қосып сөз жасау дағдыларын қалыптастыра отырып, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Сабаққа деген ынта ықыласын, қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
3. Зеректікке, ұқыптылыққа адалдыққа баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, жинақтау, ауызша, жазбаша.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт.
Кел, балалар оқылық
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей - ақ табылар
— Білім алуға үлкен мән беретін біздің президентіміздің өзі сендерге әр күні сабақтан қаламай, сапалы да саналы білім алып болашақта еліміздің туын көкке желбірететін келешек ұрпақтары болады деген сенім артып отыр.
— Ол сенімді ақтау үшін, біз не істеуіміз керек?

II. Ой қозғау.
— Сонымен бізде қазір қандай сабақ?
— Сауат ашу сабағында нені оқып үйренеміз?
— Оқуды, жазуды оқып үйрену үшін біз не білуіміз керек?
— Әріп дегеніміз не?
— Дыбыс дегеніміз не?

III. Өткен сабақты пысықтау.
— Сонымен өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?
Д/о «Сөз ойла, тез ойла» (әр дыбысқа екі сөзден үш тілде. слайд)
Біз сонымен қатар өткен сабақта қандай қазақтың ұлттық аспабымен таныстық? Қобыздан басқа қазақтың ұлттық аспаптары көп екен. Қазір біз сендермен жақсы бір әуен тыңдаймыз.
(С. Тұрысбеков «Дарабоз» күйі)

IV. Жаңа сабақ.
Күй тыңдату. Бұл әуен қандай аспаппен орындалған? (слайд)
Домбыра туралы не білеміз? (Балалардың жауабы тыңдалады. Тәрбиеші толықтырады).
Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Домбырамен күй тартады. Жыр, толғаулар, термелерді сүйемелдеуге қолданады.
Домбыра.
Дыбыстық талдау жүргізу. Буынға бөлу, қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбыс екендігін табу.
Домбыра сөзінде ең бірінші қандай дыбыс естіп отырсыңдар?
Д д д – қайталау.
Ендеше бүгінгі тақырыбымыз Д дыбысы мен әрпі.
Д дыбысының таңбасы. Яғни қай түрін көріп тұрмыз? Баспа. (слайд)
Д дыбысы бар қандай сөздер білеміз? (балалардың жауабы)
Жаңа сөздермен таныстыру (долана, дуадақ, дауыл, дауылпаз)
Д/о «Кім жылдам?» ( дәптер, доп, дос сөздері туралы не білетіндерін айту)
Электрондық оқулықпен жұмыс (сөздерге сөйлем құрату)
Дәптермен жұмыс. Сөздерді буынға бөлу. Буындарды оқу. (слайд)

Сөздік жұмысы
Дара – жеке, жалғыз деген мағына береді.
Доға – қисық сызықтың бойындағы кез – келген екі нүкте аралығындағы бөлігі. Шеңбер бойындағы екі нүкте оны екі доғаға бөледі.
Дана – білігі мен тәжірибесі мол, рухани әлемі бай, ой - сезімі сергек тұлға. Дәстүрлі қазақ ұғымында «ақылды, парасатты, рақымды адам» деген мағына береді.
Дода – жарыс, байқау сайыс деген мағына береді

V. Сергіту сәті. (музыкамен)
1. Д жазудың жазба үлгісін көрсетіп, бас және кіші әріптерінің элементтерімен таныстыру.
2. Ауада жазу. Дәптердегі үлгіні басшылыққа алады.
3. Д/о «Буынға буын қос» (буындарға буын қосу)
Дәп -
Да -
До -
Да -

VII. Жаңа сабақты бекіту.
Жаңылтпаш жаттау. (Доп теп, дөп теп)
VIII. Сабақты қорытындылау.
Сендер бүгін сабақта қандай жаңа білім алдыңдар?
Қандай қызықты мағлұматтар алдыңдар?

IX. Мадақтау. Сендер өз еңбектеріңмен жақсы нәтижеге жеттіңдер, — деп мақтау тәсілін жүргізу.


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.
Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.
Тақырыбы: Киіз үй жабдықтары.
Бөлімі: Айнала қоршаған орта.
Мақсаты: 1. Киіз үй жабдықтарымен таныстыру.
2. Киіз үйді ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға болатындығын, киіз үй жабдықтары туралы айтып, балалардың есте сақтай білу қабілеттерін дамыту.
3. Атадан - балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды сақтауға баулу.
Көрнекілігі: суреттер, ойындар

Іс - әрекет сатысы
Тәрбиеші іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы
- Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық! Барлығымыз жақсы көңіл – күйде бір - бірімізге тілегімізді айтайық! Бір - бірімізге күлкімізді сыйлайық!

Шаттық шеңбері
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Оң жақтағы балаға,
Сол жақтағы балаға,
Шапалақта шапалақ. (2 рет)

Санамақ айту.
Бір дегенім – бақан,
Ағашты шапқан атам.
Екі дегенім – есік,
Көздері бар тесік.
Үш дегенім – үзік,
Дөдеге басқан тізіп.
Төрт дегенім – түндік,
Түндікті оңнан түрдік.
Бес дегенім – басқұр,
Кереге басын бастыр.

Сұрақ – жауап.
- Біз не туралы санамақ айттық?

- Киіз үй жабдықтарын айтайықшы.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Киіз үй – кереге, уық, шаңырақтан – тұрады.
- Оларды бір сөзбен не деп атайды?

Ұйымдастырушылық - ізденушілік
Мақал – мәтел.
- Сонда балалар, үйдің көркі не екен?
- Дұрыс айтасыңдар, сандық. Олай болса қазір біз сандық ойынын ойнаймыз.
Балаларды берілген тапсырманы ойлана отырып шешуде тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу. Ойын шартын түсініп, ондағы мақал - мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды дұрыс, анық айтуға үйрету. Сөздік қорын молайтып, тапсырманы орындауда достық, жолдастыққа тәрбиелеу.
Сандық, түрлі түсті асықтар, тапсырмалар жазылған хат қалта.
Ойын шарты:
Қызыл, жасыл, сары түске боялған асықтар сандық ішінде жатады. Әртүрлі тапсырмалар болады.
Жасыл асық алған бала жұмбақ жасырады, шешкізеді.
Сары асық алған бала мақал - мәтел айтады.
Қызыл асық алған бала тақпақ, өлең оқиды.

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту

І. Сабақтың тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі»
ІІ. Сабақтың мақсаты: Балаларды жеті санының киелі екенін, мысалдар арқылы, жеті суреті бойынша ажырату. Жеті қазынаны атауға, еліне елеулі қызмет жасайтын азамат болуға, айтылған ертегі бойынша анық сұраққа жауап беруге дағдыландыру, ертегі арқылы анық, мәнерлі сөйлеуге үйрету. Қазақ халқының салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын қастерлеп, дәріптеуге тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың әдіс - тәсілдері: сөздік, көрнекілік,, әңгімелеу, сахналау.
ІҮ. Көрнекі - құралдар: Жеті қазынаның суреті, ойыншықтар, цифрлар
Ү. Сөздік жұмыс: берен мылтық, тазы ит, жүйрік ат т. б.
Мектепалды даярлық сыныбындағы ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Іс - әрекет кезеңдері
Мотивациялық қозғаушы
Тосын сый сәті

Ұйымдастыру іздестіру
Тәрбиешінің іс - әрекеті
- Бүгінгі күнімізді бір - бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық
Армысың көк аспан, Армысың асыл жер
Армысың алтын күн, Армысың қонақтар,
Армысың жандосым, Жылуыма, жылу қос

Міне менің қолым.
1. Өткенді пысықтау
Бір аптада неше күн бар (санайық)
Дүйсенді, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Яғни, жеті күн бар. Балаларға слайд арқылы сергіту сәтін көрсету. Суреттегі орналастырылған бөлшектерін санату. Кемпірқосақтың неше түсі бар? Оның ішінде көгілдір түс ненің түсі? Ту, Елтаңба, Ән ұран - бұларды жалпы қалай атаймыз? Ал біз математика сабағынан 7 санына дейін санамақ жаттағанбыз соны айтайық.

2. Жаңа сабақ: Бізге бүгін жабайы аңдар қонаққа келіпті. Сендер оларды танисыңдар ма? Олар сендерге бүгінгі сабаққа байланысты сурет әкеліп және сендерге ертегіні сахналауға келіп отыр екен. Балалар біздің қазақ халқы жеті санын «қасиетті киелі сан» - деп есептейді. Көркем сурет арқылы «Жеті қазынаны» түсіндіру. Олардың атауы мен қасиеттеріне тоқталу. «Жеті қазынаның бірі» ертегі әлеміне саяхат.(Сахналық көрініс) оқып беремін. Арыстан барлық аңдарды жинап, кімнің күшті, ақылды, епті екенін білгісі келеді. Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті ақылды деп арыстанды айтады. Бірақ ит үндемейді. Оған арыстан сен неге үндемейсің депті, ит оған ең ақылды, қайратты – адам депті. Арыстан оған ашуланады. Ит осылай аңдардан бөлініпті. Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болыпты.
Бертін келе «Ит жеті қазынаның бірі»деген қанатты сөз қалыптасыпты.

3. Сергіту сәті: Анам самса пісірді,
Әкем сөре жинады, Атам газет оқыды
Әжем күрте тоқыды, Әпкем еден жуады
Осыны мен ұғынып, Сыйладым мен гүл шоғын
1. Ертегі қалай аталады?
2. Арыстан өзі туралы не білгісі келді?
3. Түлкі арыстанды қалай мақтады?
4. Арыстан итке не деді?
5. Ит арыстанға қандай жауап қайтарды?
6. Неге итті «жеті қазынаның бірі»деп атайды екенбіз?
7. Осы ертегіде арыстан, ит және түлкінің не айтқанын әңгімелеп кім қайталап береді?

Көрдіңдер ме, балалар, «Ит – жеті қазынаның бірі»екен. Содан бері ит адамның досы, қорғаушысы, серігі болыпты.
Балаларды мадақтау. Келген қонақтарға рахмет айтып, шығарып салу.

Балалардың іс - әрекеті
Балалар хормен қайталайды. Іс - қимылмен көрсетеді
Балалар өздері толық жауап береді
Жеті түсі бар
ҚР туының түсі
ҚР рәміздері
Сандарды көрсете отырып, санайды.
Аңдардың аттарын атайды

Балалар тыңдайды
Қимыл - әрекетпен қайталай отырып орындайды
«Жеті қазынаның бірі»
Әлемде ең қайратты, ең ақылды, әрі епті кім екенін білгісі келді. Бұл өмірде сізден қайратты, ақылды, епті, теңдесі жан жоқ.
Мен үшін дүниедегі қайратты ең ақылды, ол тек - адамзат! Өйткені ит адамның адал досы
Балалар ертегіні айтып береді.
Балалар қоштасады.

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Балалар қазақ халқында жеті саны «қасиетті, киелі сан» екенін білді.
Меңгеруі: Жеті қазынаны атауға, олардың жеке қасиеттерімен танысып, ертегі арқылы тақырыпты толық меңгерді
Каталог: uploads -> doc -> 0b74
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b74 -> Сабақ жоспары: XVIII ғасырдағы қазақ батырлары Өткізген : Байгамысова Бахытгуль Ауесхановна Жітіқара 2017 жыл
0b74 -> Информатика 6 сынып Алгоритм және орындаушылар
0b74 -> Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» Білім көздері: «Айналамен таныстыру», «Тіл дамыту», «Бейнелеу өнері»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет