Биология-география факультеті География кафедрасы «Геология»



Pdf көрінісі
бет8/54
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#79752
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54
Байланысты:
геология лекция
ПРОГРАММА МАГ.КАЗ
Жер қабығы, оның 
қҧрылысы.
Жер қабығының ішкі құрылысына байланысты оны 2 
типке бӛледі: континенттік; 2-мұхиттық. Континеттік қабық-3 
қабаттан құрылады: 1-шӛгінді; 2-гранитті- метаморфтық; 3-
базальттық. Мұхиттық типтің қалыңдығы,құрамы ӛзгеше. 
Қалыңдығы 5-12км, орташа шамасы 5-7км, ал гранитті-
метаморфтық қабаты атымен жоқ. Мұхиттың қабат та 3-бӛледі: 1-
жоғарғы жұқа қабат (100м-ге дейін), 2-ортаңғы (1,5-3км), 3-
тӛменгі (3,5-5км)-интрузивтік жыныстардан түзілген. Литосфера, 
атмосфера, гидросфераны қарастырайық: “Литосфера” терминін 
ғылымға қатты беткі қабат ретінде Э.Зюсс енгізді. Қазіргі уақытта 
жер қыртысы жоғарғы литосфераның бір бӛлігі ретінде 
қарастырылады. Литосфера Жердің жоғарғы қатты қабығы, ол ӛте 
қаттылығымен 
астеносфера 
қабатынан 
ажыратылады. 
Астеносфера терминін 1914ж Дж Барелл ұсынды. Ол-
пластикалық, созылмалы ағысқа тез ұшырайтын мантияның 
қабаты б.т. Мантияның пластикалы, созылмалы астеносфера 


12 
облысында 2 бағытта қозғалушы себеп: 1-тік бағытта; 2-кӛлденең 
бағытта. Осы 2 бағыттардың әрекетінен жер қыртысы 
деформацияға ұшырайды (тау түзіледі, қатпарлық қалыптасады
континенттік дрейф түзіледі). Космогеодезиялық, палеомагниттік 
ӛлшеулердің 
нәтижесінде 
Жердің 
тектоникалық 
дамуы 
литосфералық плиталардың ӛзара әрекеті мен орын ауыстыруына 
әсер етеді. Осыған байланысты Жердің литосферасы қозғалмалы 
блок жүйелерден тұрады деген жаңа геологиялық теория 
қалыптасты. «Мохо» деңгейінде қума сейсмикалық толқындар 
жылдамдығы 6,5км\с-8км\с ӛзгерсе, кӛлденең - 3,7км\с-4,5км\с 
ӛзгереді. 
Осы шекара-континентте 30-80км тереңдікте, мұхитта 15-5км 
(А.Б.Ронов, А.Ярошевский). Жер қыртысының химиялық құрамы 
1-кестеде кӛрсетілген. Жер қырытысының минералдық құрамы: 
плагиоклаз (39%), саздақты минералдар (4.6%), дала шпаты 
(12%), магнетит (1.5%), пироксен (11%), кальцит (1,5%), кварц 
(12%), доломит (0,5%), слюда (5%), басқалары (4.9%), амфибол 
(5%), оливин (3%). 
1-кесте. Жер қыртысының химиялық құрамы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет