Толқындық құбылыстардың негізгі заңдылықтары. Қума толқындар



Дата11.04.2022
өлшемі3,02 Mb.
#138906
Байланысты:
Толқындық құбылыстардың негізгі заңдылықтары. Қума толқындар


Толқындық құбылыстардың негізгі заңдылықтары. Қума толқындар
Дайындаған: Тыныштық І. Ә
Тексерген: Юсупова Г. М
Жоспары:
    • Толқындық құбылыстар
    • Толқынжылдамдығы
    • Көлденең және Қума толқындар
    • Толқындардың интерференция және дифракция құбылысы

Толқындық құбылыстар
Толқын деп уақыт бойынша кеңістікте таралатын тербелістерді айтады. Ауада,қатты денелерде және сұйық ішінде механикалық толқындар серпімділік күштері арқасында пайда болады.
Толқын жылдамдығы
Толқынның аса маңызды сипаттамасы-оның таралу жылдамдығы. Қандай толқын болса да кеңістікте лезде таралмайды. Оның жылдамдығы шектелуі. Мәселен, теңіз үстіндегі шағала үнемі бір ғана толқын жотасының үстінен ұшады дерлік. Бұл жағдайда толқын жылдамдығы шағаланың жылдамдығына тең. Су бетіндегі толқындардың таралу жылдамдығы үлкен емес болғандықтан да бұл құбылыс бақылау үшін ыңғайлы.
Көлденең және қума толқындар
Бірақ кез келген толқын көлденең толқын бола алмайды.Толқының таралу бағыты бойымен жасалатын тербелістер де бар.Ондай толқын қума толқын деп аталады. Қума толқынды диаметрі үлкен ұзын жұмсақ серіппенің көмегімен бақылау ыңғайлы.
Егер баудың бір ұшын бекітіп,оны аздап қолмен созып,екінші ұшын тербемелі қозғалысқа келтірсек,сонда баудың бойымен толқын жүгіреді. Бауды неғұрлым күштірек созсақ, толқының жылдамдығы соғұрлым үлкен болады. Толқын бауды бекіткен нүктеге жетіп барып шағылады да,кері қайтады. Мұнда толқын таралу кезіңде баудың пішіні өзгереді.Ал баудың әр бөлігі өзінің өзгермейтін тепе-теңдік қалпына қатысты тербеледі.Мынағын назар аударыңдар: толқын баудың бойымен таралғанда баудың жеке бөліктері толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта тербеледі.Осындай толқындарды көлденең толқындар деп атайды.
Толқындардың интерференция
және дифракция құбылысы
Фазалар ығысуы тұрақты және жиіліктері бірдей толкындардың қосылуы жарық толқындарының өзара әрекеттесуіндегі көңіл аударатын жағдай. Мұнда кеңістіктің кейбір нүктелерінде толқындардың қабаттасуынан бір-бірін күшейтетін, ал басқа бір нүктелерінде керісінше бір-бірін әлсірететін интерференция құбылысы байқалады. Экранда күңгірт және ашық жолақтар кезектесіп орналасады. Бұл интерференция құбылысы.
Толқынды қозғалыстың қайсысына да болмасын интерференция және дифракция құбылыстары тән. Кеңістіктің әрбір нүктесінде қорытқы тербелістер амплитудаларының уақыт жөнінен тұрақты таралу тәртібі орнайтындай болып, екі немесе бірнеше толқынның қосылуы интерференция деп аталады.
Дифракция (лат. dіfractus – сындырылған) – механикалық, дыбыс және жарық толқындарының өздерінің толқын ұзындығы мен шамалас тосқауылды орап өтуі, сондай-ақ сұйықтық пен газ молекулаларының немесе кристалл, сұйықтық, т.б. микробөлшектерінің электрондар, нейтрондар.
Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет