38
жасауға қолайлы болуы тиіс. Жұмыс жасауға негізінен мына
масштабтар қолайлы – 1: 250, 1: 500, 1: 1000. Тік масштабты
дайындағаннан кейін, миллиметр қағазының ортасына бір-
біріне перпендикуляр ось салу қажет: ордината және абсцисса
осьтері. Ордината осіне тік
масштабқа және абсолюттік
нүктелерге сәйкес сантиметрлік белгілер салу керек. Олардың
сандық кӛрсеткіштерін белгілейді. Абсцисса осіне картадағы
горизонтальдар
арасындағы
қашықтықтар
салынады.
Картадағы горизонталь
арасындағы қашықтық циркуль-
ӛлшеуіш (кейде сызғышпен,
немесе миллиметр қағазының
қалдығымен ӛлшенеді) арқылы ӛлшенеді. Осы ӛлшенген ара
қашықтық абсцисса осіне белгіленеді де нақты биіктіктері
бойынша
сәйкестендіріледі
(математикалық
әдістер
бойынша). Картадағы барлық скважиналардың нӛмірі,
олардың абсолюттік биіктік нүктелері, ӛзендердің атауы және
жыныстардың шартты белгілері және т.б.
геологиялық
картаға сай қимаға түсіріледі де сарғыш немесе қоңыр
қарындашпен боялынады (себебі барлық шӛгінділер
кайнозойлық түрге жатады). Қиманың тӛменгі
оң жағына
студенттің аты-жӛні, тобы жызылады.
Достарыңызбен бөлісу: