18
ұшып аспанға кӛтеріледі. Лава
(итал. «lava») – жанартау
атқылауынан жер бетіне шығып тӛгілген және газдарының біраз
бӛлігінен айырылған сұйық немесе тұтқыр минералдық масса.
Лаваның жер бетіндегі t=700-1000 болады. Суынып қатқанда
вулкандық тау жынысын түзеді (базальт). Вулкандық процесс үш
сатыға бӛлінеді:
І. Бастапқы (субвулканды); ІІ. Басты; ІІІ. Ақырғы. І. Жердің
жоғарғы мантиясында күшті қызудан балқыған магма жаралады
да, ол қысым әсерінен жоғары кӛтеріліп,
магмалық ошақты
(камераны) толтырады. Кейінірек магма жыныстың жарықтарың
бойлап әрі қарай жоғары кӛтеріледі. Ол кезде магманың құрамы
базальтқа тен. Жер бетінен шамамен 2-3 км тереңдікте магмада
еріген газдар мен су буы бӛліне бастайды, тасиды (физикадан
білеміз – су бӛлінгенде оның кӛлемі 100 есе артып, мол энергия
туғызады). Газдар мен бу үстіге кӛтеріліп, жер бетіне шығады.
Олардың ізімен магма да жер үстіне жетіп, лава тӛгіледі.
Барлығының жоғары кӛтерілуінен, қысымынан ол маңда жер
сілкінеді. ІІ. Басты саты – вулканның атқылауынан басталады.
Балқыған және қатты вулкандық
жыныстар жанартаудың
айналасына жинала келе конус пішінді тау құрайды. Оның тӛбесі
жазық келеді де орта тұсында шұнқыр – кратер пайда болады.
Кратердің түбіндегі ӛзегі магманың каналымен ұштасады.
Жанартау кратері атқылау саны жиілеген кезде оның жан-жағы
опырылып кетіп, үлкен ойыс шұнқыр пайда болады, оны кальдера
деп атайды. Оның диаметрі бірнеше километрге дейін жетеді.
Кратердің доғадай иілген үйіндісін сомма деп атайды.
Атқылауына және заттарының түріне қарай жанартаулар
әрекеті үшке бӛлінеді: эффузивтік (тӛгілмелі) – сұйық лава
басым; пирокласты (гр. «пирос» - от, «класт» - сынық) –
қатқан
бӛлшектер атқылауы басым; эксплозивтік – газдар қопарыдады да
ӛте күшті дүмпулер сезіледі. Осы үшеуінің әрқайсысы бірнеше
типтерге жіктеледі: исланд типі, гавай, стромболи, везувий, этна;
эксплозивтікте (пеле типі, кракатау, маар, бандайсан).
Жанартау жерінен жер бетіне сұйық лава тӛгіледі, қатты
пирокластар атқылайды, газдар бӛлініп шығады.
Химиялық
құрамына қарай магмалық жыныстар бес класқа жіктеледі: 1)
қышқылды жыныстар (риолит немесе липарит) – SiO
2
> 65%; 2)
сілтілі жыныстар (трахит) – К, Nа минералдарына бай; 3) орта
19
негізді (андезит) - SiO
2
65-55%; 4)негізді (базальт) - SiO
2
55-45%;
5) аса негізді SiO
2
<45%. Газдар лаваны кӛбіктеніп толтырғанда
құрылымы кемік пемза пайда болады. Эффузивтік жыныстардың
құрылымы лава тез қатқандықтан шыны, жабық кристалды, жала
кристалды болады. нағыз шыныдай эффузивті обсидиан деп
атайды. Вулкан шынысы арасында азды-кӛпті кристалдар
бытырап кездессе, ондай құрылымды порфирлі деп атайды.
Аққан лаваның беті ұдайы сынып, кесектерге бӛлініп, женттеледі
де, оны агломерат деп атайды.
Сонымен
қоса қатты, газ-булы заттар да бӛліп шығарады
(вулкандық туф, күл, вулкандық бомбалар, хлорлы, фторлы
сутек). Құрлықтарда 3000 жыл арасында шамамен 1,500 сӛнбеген
вулкандар болыпты. 90% - мұхит жағалауында, аралдық доғада.
Интрузивтік жыныстарға (тереңдік): гранит, аплит, пегматит,
порфир, сиенит, диорит, габбро, дунит, пироксенит, перидотит,
порфирит т.б.
Негізгі әдебиет – 1-10
Қосымша әдебиет – 13-19
Достарыңызбен бөлісу: