Биология және т б. ғылыми пәндермен байланысы



бет6/11
Дата22.09.2023
өлшемі113,53 Kb.
#182000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Қазақстан республикасының білім және ғылым-emirsaba.org 2
Календарный 2019-2020, 1568787114410, 1568787114410, 127(1), диссертация бойынша материалдар, Объявление студентам 1(2) курс, Zerdeli Гибридті оқыту жобасы UBT , Флешкарта
Әдістеменің міндеттері. Әдістеме көмегімен жасалған теориялық жағдайларды
практикалық әрекеттер түріне айналдыру. 
Биологияны оқыту әдістемесі биологияны оқытудың заңдылықтарын
белгілейді. 
Орта мектептегі білім мен тәрбие берудің маңызын анықтайды. Оқу пәннің
мазмұнын қайта қарайды, толықтырады, жақсартады. Оқытудың әдістерін 
жасап береді. Сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мазмұнын, әдістерін
жақсартады. 
Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін негізге ала отырып, оқу-тәрбие
жұмыстарын жақсартуға жөн сілтеген жаңа әдістер жасайды. 
Биология кабинетінің, тірі табиғат мүйісінің, оқу-тәрбие алаңының
ұйымдасуын, керекті көрнекі құралдармен жабдықталуын практика жүзінде 
тексеріп отырады.
Әрбір ұстаз биология ілімінің терең сырын, маңызын қоғамдағы, өмірдегі және 
әрбір жеке адамның күнделікті қызметіндегі орнын түсіне отырып қана, жаңа
жас ұрпақты тәрбиелей алады. Сондықтан биология пәнінің мұғалімін – осы 
білімді насихаттаушы деп есептеуге болады. Тек биология курсы пәндерін
оқыту арқылы ғана, әдістерін жетілдіру нәтижесінде тереңдете дәйекті түрде 
адамның табиғаттағы ролін ашып көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен
сауаттылығын арттырып, өз өміріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға 
болады.
Әрбір ғылымның пайда болуы мен дамуы адамның тіршілік тілегін 
қанағаттандыруға бағытталған практикалық қызметіне байланысты.
Сондықтан БОӘ биологияны не үшін оқыту қажет, қалай оқыту керек, нелерге 
оқыту керек және биологияны оқыту процесінде балаларды қалай тәрбиелеуге
болады деген сұрақтарға жауап беретін ғылым ретінде пайда болған. 



13
II. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ 



2.1 Мектеп пәнінде биологиялық ұғымдарды дамыту теориясы мен 

әдістемесі 

Ұғым – білімнің жинақталған түрі және сонымен қатар биологияны 


меңгеру үрдісінде оқушылардың ойлау формасы.
Жекеленген деректерді, сыртқы белгілерді және қасиеттерді жазып
алу, оларды қорту және жіктеу эмпирикалық ұғымдарға әкеледі, оның
жай түсініктен айырмашылығы шамалы. Бұл деректі жазып алатын
білім, ол тек құбылыстардың сипаттауын ғана береді, олардың мәнін
ашпайды. Таным тарихында бұл білімдері мен практика бірте-бірте
теориалық ұғым (білім) құралатын қор болды.
Мектептегі биологиялық білім беруде әдетте барлық білім
эмпирикалық ұғым қатарына шығарылады. Ұғымдарды дамыту
әдіснамасы принциптері: 
Табиғи нысандардың немесе олардың көріністерін қабылдаудан→олар
жөніндегі түсінікке дейін, түсініктен→ұғымға дейін қарапайым
ұғымдардан→күрделі бірнеше элементтерден тұратын : арнай ұғымдардан→
жалпы биологиялық ұғымдарға дейін. Таным теориясында ұғымдар 
абстрактлық ойлау сатысында шындықты бейнелеудің формаларының бірі.
Құбылыстарды сипаттайтын эмпирикалық білімге қарағанда, теориялық 
білім ғылымды түсіндіріп, мәнін ашады және ғылыми дүниетанымға, әлем
бейнесіне және практикалық проблемаларды тиімді шешуге негіз болады. 
Эмпирикалық
танымнан теориялық танымның айырмашылығы,ол 
біртұтастықтан шығады да оның құрылымын түсінуге, элементтерінің
байланысын,олардың қызметі мен дамуын түсінеуге себеп 
болады.Теориялық білімді қалыптастыру жолы-абстрактылықтан
нақтылыққа өрлеу (шыңына шығу).Абстраклық-айқын емес, анық 
көрінбейтін, бірақ әйткенімен де таным нысанын толық анықтайтын,
оның жетілмеген ұрықтық формасы,бөлшегі . 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет