17
Қазіргі кезде біздің елімізде де көп таралып жүрген оқыту формасы
сыныптағы өткізілетін сабақ. Бұл ХҮІІ ғасырдан басталып келеді. Оның
алғашқы жобасын сызып берген неміс педагогы И. Штрум болса, әрі қарай
теориялық негізге салып қалыптастырып жасаған және іс жүзінде
қолдану
технологиясын жасаған Я.А. Коменский. Сыныпта өткізілетін сабақты
ұйымдастыру формасының өзіне тән ерекшеліктері бар:
- сыныптағы оқушылардың құрамы тұракты, жас ерекшеліктері бірдей, бір
деңгейлі дайындықтары бар;
- әрбір сынып өзіне арналып дайындалынған оқу жоспарымен істейді;
- оқу процессі жеке-жеке, бір-бірімен өз ара байланыста жүретін сабақтардың
оқу барысы белгілі ретпен бірінен кейін бірі ауысып отыратын үрдіс;
- сабақты бастаудағы басты фигура оқытушы.
Оқушылардың танымдылык қызығушылығын арттыру әртүрлі әдістер
мен тәсілдерді қолдану арқылы жүреді; сондықтан сабақ жүргізудің осындай
формасы ең негізгі деп есептеледі. Қазіргі кезде
мектепте бұдан басқа да
көмекші формалары қолданылып келеді, мысалы, сыныптан тыс, сабактан тыс,
үйде орындалатын жұмыстар, консультация, косымша сабақ, факультативтер,
экскурсия, мектеп участкесіндегі жұмыстар, шеберханадағы жұмыстар, табиғат
бұрышындағы жұмыстар т.б..
Оқу жүйесін ұйымдастыру формасының ең басты түрі сыныпта
өткізілетін сабақ болып есептеледі.
Сабақ - оку процессіндегі ұйымдастыруы, белгілі
бір уақыт аралығында
жүргізілетін жеке элементтерден, кезеңдерден тұратын толық қалыптасып
өткізілетін процесс деп айтуға болады. Бұл оқу процессіндегі өте күрделі де,
жауапты кезеңдердің бірі. Қысқа түрде жаксы, сапалы сабак берудің басты
талаптары мынаған сай болу керек:
1. Сабақты оқу-тәрбие процессінің негізгі зандылыктарына сүйене отырып
құрастырып, ғылымның, педагогикалық
практиканың алдыңғы жетістіктерін пайдалана отырып дайындау.
2.Сабақ барысында дидактикалык принциптер мен ережелердің өзара
қатынастарын толык пайдалана отырып іске асыруды қамтамасыз ету.
3. Оқушылардың танымдылық қызығушылық жақтарын есепке ала отырып,
оған қолайлы жағдайлар жасау.
4. Пәнаралық байланыстардың артықшылығын
белгілеу анықтау арқылы
оқушылардың көзкарасын ұғындыру, жетілдіру.
5. Бұрынғы алған білімдерін, шеберлігіне сүйене отырып оқушылардың
деңгейін жоғарылату.
6. Практикалық білім шеберлігін қалыптастыру және ойлау және іс әрекетін
орындауға дағдыландыру.
7. Әрбір сабақты ұқыпты жоспарлау, болжап, саралап,
бакылап отырып дұрыс баскару.
Әрбір сабаққа қойылатын мақсат білім беру, тәрбиелеу, дамыту.
Сабаққа қойылатын жалпы талаптарды есепке ала отырып дидактикалық,
тәрбиелік, дамытушылык жақтарын нақтылаған жөн.
18
Сабақ оқыту үрдісінің негізгі формасы ретінде білім беру, төрбиелеу жөне
дамытушы міндеттерді шешеді. Сабақ, оны құру және өткізу әдістері
биологияны оқытудың ең басты проблемасы. Сондыктан сабақта негізгі
биологиялык және экологиялык білім жүйесі мен біліктілікті игеру қажет.
Шамаман біркелкі, сыныптағы оқушылар ұжымымен – биологияның
бағдарламасы бойынша, тұрақты сабақ кестесімен және мектеп бөлмесінде
ұстаздың оқу-тәрбие шарасын ұйымдастырудағы жұмысы.
Биология сабақтары «ашык аспан астында» - мектеп жанындағы оку-тәрбие
алаңында, мектеп айналасында немесе өлкетану және табиғат мұражайларында
өтуі де мүмкін.
Әрбір сабақ окушылардың білім,
білік игеруі, дүниетанымдары мен
ойларынын дамуын, тұлғалық сапалары мен сезімдерінің тәрбиеленуі, өзін жеке
тұлға
ретінде
сезінуі
және
қоршаған
шындықка
деген
қатынас
калыптастыратын тұтас әрі күрделі жүйе болып табылады.
Басты мәселе сабақтың міндеттерін анык кұрып оның сабақтар
жүйесіндегі орнын анықтау, бағдарлама талаптарына сай оқу-таным
міндеттерін ескере отырып мазмұн мен әдістерді дұрыс таңдау, окушылардың
таным белсенділігін камтамасыз ету. Әрбір сабак әртүрлі тәрбиелік міндеттерді
шешу мүмкіндігі тұрғысынан ойланылады. Сабактың сапасына қойылатын
басты талап - оқушылардың осы пәндерге кызығушылығын дамытуға үлес
косу, шығармашылық белсенділігін дамыту.
Сабактың пәрменділігі оның
барлык элементтерінің анықтығы мен үйлесімділігіне байланысты. Сабақка оқу
материалының мазмұнын таңдап алу кезінде окушыларға берілетін оқу
жүктемесін реттеу кажет, жетекші ой пікірлерді бөліп соның негізінде
оқушылар кабылдайтын ұғымдардың ашылу көлемімен тереңдігін аныктау
және негізгі мазмұнды нактылауға пайдаланылатын косымша материал
ескерілуі керек.
Биология сабактарының құрылымы мен типтері. Биолог-әдістемешілер
сабақты бірнеше кезеңде бөліп көрсетеді:
- жаңа білімді оқып игеру;
- оларды бекіту мен тексеру;
- үй тапсырмасын ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: