Шеткі жүйке жүйесі. Ш е т к і жүйке жүйесі ми мен жұлыннан шығып бүкіл мүшелерге, олардың ұлпаларына, клеткаларына тараған нерв клеткалары мен нерв талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі с о м а т и к а л ы қ (сома — дене; анималдық деп те атайды) және вегетативтік (ішкімүшелердінервтендіретін) жүйке жүйелеріне бөлінеді.
Соматикалык жүйке жүйесі организмнің сыртқы мүшелерін және сырт тұлғасын нервтендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесі симпатикалық және п а р а с и м патикалық жүйке жүйелерінен түрады. Бүл екеуінің қызметі бір-біріне қарама-қарсы: егер сипатикалық жүйке жүйесі мүшенің қызметін күшейтсе, парасимпатикалық жүйке жүйесі оның қызметін, керісінше, төмендетеді. Сөйтіп антагонистік әсер етуі арқылы мүшелердің қызметін қалпына тез келтіріп, организмнің функциялық түрақтылығын сақтайды.
Соматикалық жүйке жүйесі қозғаушы және сезгіш нерв талшықтарынан тұрады. Олар қаңқа еттерін нервтендіреді және бүкіл организмді сезгіш талшықтармен қамтамасыз етеді. Соматикалық жүйке жүйесінің нерв орталықтары жұлынның барлық сегменттерінде, мидың барлық бөлімдерінде орналасқан. Тек аралық мида ғана соматикалық нерв жүйесінің орталықтары болмайды. Жұлынның алдыңғы мүйіздерінің қозғалтқыш клеткаларының аксондары немесе ми нервтерінің қозғаушы ядроларының клеткалары оның қозғаушы талшықтарын құрайды. Бұлар орталық нерв жүйесінен шығып, қаңқа еттерін нервтендіреді.