Биология кафедрасы



бет93/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,59 Mb.
#123539
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   137
Байланысты:
Биология кафедрасы

Ревматизм — созылмалы инфекциялы ауру. Ол трансмиссивті ауруларға жатпайды. Ревматизмнің қоздырғышы дәл анықталмаған. Біреулер ревматизмді созылмалы стрептококк инфекциясы, ал екіншілері — вирусты ауру деп есептейді. Стрептококк арқылы туындайтын скарлатина, ангина, созылмалы тонзиллит, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуынан кейін балалар организмінде еніп кетуіне қолайлы жағдай пайда болады. Одан бөлек, аурудың асқынуына ұдайы шаршау режимінің бұзылуы, дымқыл, суық пәтер септігін тигізеді.
Ревматизм жүрек-қан тамырлары жүйесін, буындар мен орталық нерв жүйесін зақымдайды. Ауру ұзақ жылдарға созылып, кейде бәсеңсіп, кейде өршіп отырады. Бұл ауруды зерттеу оның ересектерден гөрі балаларда көбірек кездесетінін көрсетеді.
Балаларда ревматизм нерв жүйесінің зақымдануы – хорея түрінде көрініс беруі мүмкін. Бұл ауруларға баланың көңіл-күйінің жылдам алмасуы мен тез қозғалғыштығы қолдың және мимикалық бұлшық еттердің жыбырлауы тән. Ауырған бала жылауық келеді. Оның жазуы, сөзі бұзылады, сабақ үлгерімі нашарлайды.
Хорея секілді ауру туралы педагогтар мен баланың айналасындағылар ұмытпауға тиіс. Егер балада осындай байқалса оны жазалап, кіналамау керек. Бұл оның жағдайын одан әрі нашарлатады, оны емдеу үшін дәрігерге жіберу қажет.
Емдеу дәрі-дәрмектер арқылы жүргізіледі: ұйқы, демалу және тағам режимін сақтау кәміл сауықтыру тиімділігін арттырады.
Ревматизмнің алдын алу үшін-организмнің қорғаныс күштерін нығайту, аталған ауруларды дер кезінде емдеу, құнарлы тағамдармеи қамтамасыз ету, ұйқымен демалыс режимін қатаң сақтау керек. Баланы шынықтыру шараларын тек қана дәрігер белгілейді.
3.Жүректің құрылымы және жұмысы. Бала жүрегінің ерекшелігі. Микроскопиялық зерттеулер арқылы жасөспірімдер, балалар жүрегінің жасқа байланысты динамикалық құрылымы 7—10 жастағы балалардың жүрек бұлшық етінде жинақы орналасқан нәзік әрі қысқа талшықтар бар екендігі, олардың арасында ересектерде кездесетін май ткані жоқ екендігі анықталған. Бұл кезде жүректің нерв аппаратының дифференциясы аяқталған және ол 12 жастағы балаларда өздерінің структуралық көрсеткіштері бойынша (көлемінен өзге) ересек адамның жүрегіне ұқсас.
Жүрек жақтаулары үш қабаттан тұрады: ішкі қабат эндокард, ортаңғы қабатт – миокард және сыртқы қабат – эпикард. Эпикард жүрек қабы перикардтың ішкі астары болып табылады.
Балалардың эпикарды ересектердікіне қарағанда жұқа және дәл соңдай мөлдір. Сондықтан оның астына орналасқан қан тамырлары анық көрінеді.
Эндокард жүректің ішкі жағын қаптап жатыр. Одан екі жақты жүрек қақпақшалары жасалған. Бала жүрегінің эндокарды әлдеқайда іркілдек келеді әрі аздаған өзгешелігі болады.
Жүрек жақтаушыларының анағұрлым күшті қабаты миокардында болып табылады. Оның талшықтары балаларда анағұрлым жіңішке, нәзік келеді, ол нашарлау дамыған, қысқа әрі тығыз болады. Балалар миокардында май клеткалары жоқ.
7—12 жас аралығындағы балалардың жүрек өсуінің жалпы жылдамдығы салыстырмалы түрде баяулайды, қарыншалар жүрек қалқаншаларынан жылдамырақ өседі, ер балалар мен қыз балалардың жүректерінің салмағы бірдей өседі. Осы мерзімде қан тамырларының шеңбері де артады, сөйтіп 11—12 жасқа дейін өсіп келе жатқан жүрек пен қан тамырларының тесігі арасында тұрақты қатынас сақталады.
Жыныстық пісіп жетілуі кезеңінде жүрек қан тамырларынан гөрі жылдамырақ өседі, сол себепті қан әлдеқайда жіңішке тамырлармен жүреді. Бұл миды оттегімен қамтамасыз етуге және нәрлендіруге қолайсыз жағдайлар туғызады, қан қысымы жоғарылайды, жүректің қағуы, ырсыл, жүректің ауыруы, тез қалжырау пайда болады. Бұл құбылыстар қызздарда анағұрлым күрт көрініс береді, өйткені олардың жүрек салмағының өсуі ерте басталады да ертерек аяқталады. Ер балалар жүрегінің жалпы салмағы қыз балалардікінен гөрі көбірек. Алайда, бұл кұбылыстардың бәрі уақытша және олар жыныстық пісіп-жетілуі аяқталған соң басылады.
Жасөспірімдер жүрек-қан тамырлары жүйесінің ерекшеліктері физкультура, еңбек сабақтарын, экскурсиялар ұйымдастыруда мұхият есепке алынуға тиіс. Жүрекке шектен тыс салмақ салудан аулақ болу үшін эмоциялық тітіркенуден, спорт жаттығуларын шамадан тыс орындаудан бас тартқан дұрыс.
Оқушылар жүрегінің және қан тамырларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуде ұйқының, тамақтың, киім мен аяқ киімнің гигиеналық ұйымдастырылуының аса зор маңызы бар.Жүректің жұмысына, миокарда да патологиялық өзгерістердің пайда болуына темекі тарту, алкогольді ішімдіктерді пайдалану, аурулар (мысалы ревматизм), психиялық зардаптар әсер етеді. Бұдан шығатыны, аталған факторларға жол бермеу, жүректің берік болуына септігін тигізеді. Баланың жасы өскен сайын жүрек камерасының (қалқанша мен қарынша) сыйымдылығы бірте-бірте ұлғаяды. Бұл өсу әсіресе алғашқы жеті жылда айрықша байқалады. Мәселен, жаңа туған сәбиден ол 2,4 мл-ге, 7 жастағыда — 23,0, 12 жастағыда — 41,0, ересек кісіде — 60,0 мл-ге тең.Сыртқы түрі бойынша сәбидің жүрегі ересектің жүрегінен көлемі, жақтауларының қалыңдығы, жүректегі тесіктердің көлемі бойынша біраз айырмашылықтары болады.Жас өскен сайын жүректің ішкі құрылымы әжептәуір өзгереді: қабаты, бұлшық ет қабықшаларының конструкциясы, қақпақшаларының құрылысы, яғни анатомиялық, гистологиялық, гистохимиялық жағынан ғана емес, қызметі жағынан да өзгеріске ұшырайды. 4.Жүректің жұмысы. Артерияға ырғақты түрде қайталанып отыратын қан айдау — жүректің функциялық қызметінің негізі. Ол жүрек қалқаншалары мен қарыншаларының рет ретімен жиырылуы мен босаңсуының арқасында жүзеге асады.
Жиырылу кезеңі систола, ал босаңсу кезеңі диастола деп аталады. Жүрек жиырылған кезде байқалатын систола мен диастоланың және керісінше алмасып отыруы жүрек циклі немесе дәлірек айтқанда жүрек жұмысының циклі деп аталады.
Жүрек қызметінің үш фазасы болады: 1) жүрек қалқаншасының систоласы, бұл кезде қан қалқаншадан босаң қалыпта ұрған қарыншаға түседі; 2) қарынша систоласы, бұл кезде систола фазасындағы қан қарыншалардан қолқа мен өкпе артериясына айдалады (бұл кезде қалқаншалар босаңсиды); 3)жалпы үзіліс, бұл кезде жүрек тыныш қалыпта болады. Осы кезде босаңсыған ірі вена тамырларынан қан келіп түседі. Жалпы үзілістен кейін жүрек жұмысының жаңа циклі басталады.
Жүрек жұмысы циклінің ұзақтығы 6-7 жасар балада 0,63 секундқа, 12 жастағыда — 0,75, ал үлкен адамда — 0,8 секундқа тең, 6—7 жасар баланың жүрегі минутына 95—100 рет, 12 жастағыда 80—90, ал үлкен адамда 68—70 рет жиырылады.
Бір мезгілде жүректің оң және сол жақ бөлігі арқылы бірдей мөлшерде қан өтеді.
Жүректіқ бір секунд ішінде айдап шығатын қан мөлшері систоликалық немесе жүрек соғуының көлемі деп аталады. Бала жүрегі камерасының сыйымдылығы ересектерінен кішірек болғандықтан олардағы систоланың көлемі де аз. Оның мейлінше улғаюы өтпелі кезеңде байқалады.
Бір минутттағы барлық систоланың көлемі жүректің минуттық көлемін құрайды. 7 жасар балада ол 2120 мл-ге, 12 жасарда — 2740 және үлкен кісіде 4080-нен — 5600 мл-ге дейінге тең. Мұның үстіне жүректің минуттық көлемі өсіп келе жатқан организмнің тканьдері пайдаланатын оттегіне салыстырмалы түрде пропорционалды.
Қарыншалардың систоласы кезінде жүрек көлденеңнен кішірейеді, оның төбе жағы қысылады, жоғары көтеріліп кеуде клеткасының алдыңғы жағына соғылады. Бұл құбылыс жүрек дүрсілі деп аталады. Оның сол жақ кеудедегі IV қабырғаның аралығына алақанды қою арқылы сезуге болады. 7—8 жасар балаларда сондай-ақ ашаң адамдарда оны көзбен-ақ көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет