Жүрек қызметінің нервтік реттелуі. Жүрек жүмысын реттеуге нерв жүйесі белсене қатысады. Парасимпатикалық өсінділер арқылы жүретін импульстер жүректі әлсіретеді және оның соғысын баяулатады. Мұндай кезде, жүректің күші азайып жиырылуы сиректейді, кейдетіпті тоқтап та қалады. Симпатикалык өсінділердің импульстері күшейтпелі және жылдамдатушы әрекет береді.
Гуморальды реттелу. Жүректің қызметіне қанда, организмнің басқа сұйықтықтарында еріген заттар әсер етеді. Бұны гуморальдық реттелу дейді. Мысалы, бүйрек үсті гормоны адреналин қанға табиғи түрде-немесе қолдан ендірілсе жүректің жиырылуын күшейтеді, яғни симпатикалық нерв сияқты әрекет етеді; организмнің көптеген тканьдерінде кұралатын ацетилхолин жүректің жиырылуын баяулатады, яғни кезеген нерв секілді әрекет етеді.
Жүрек қызметін реттейтін орталық сопақша, аралық мида және жарты шаралардың маңдай бөлігінде орналасқан. Қанда еріген заттардың әрекеті қан тамырларының рецепторлары арқылы жүзеге асатынын ескерсек, онда жүрек қызметінің гуморальдық реттелуі – нервтік регуляция деген сөз.
Жүрек-қан тамырларының қызметі әр түрлі тітіркендіргіштердің импульстеріне орай өзгеріп отырады (жылу, суық, ауру және т. с. с). Бұл импульстер ми орталығына, сонан соң эфферентті өсінділер арқылы жүрек бұлшық етіне беріледі, олардың жұмыс ырғағы өзгереді, яғни бүкіл жүректің жұмысы өзгереді.