Жүректің өздігінен жұмыс істеуі. Органның, ткань мен клеткалардың сыртқы тітіркендіргішерінсіз өздерінде пайда болатын импульстердің әсерімен қозуы оның өздігінен жұмыс істеуі деп аталады. Бұл қасиетті жануардың жүрегін бөліп алып және белгілі бір жағдайлар жасап (ауа, тамырлар арқылы жүретін ертінділердің температурасы) көз жеткізуге болады. Аритмияны жүректегі өткізгіш жүйе арқылы түсіндіруге болады.
Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүрек бұлшық етіндегі типсіз клеткалар мен Пуркинье ұлпалары (зерттеген ғалымның атымен аталған) жүректің өткізгіш жүйесін кұрайды. Оның бас жағы синус түйіні жоғары қуыстағы венаның төменгі етегіне орналасқан.
Синус түйінінде пайда болатын импульстер жүрекше-қарынша түйініне тарайды, сонан соң екіге тармақталып жатқан жүрекше-қарынша шоғырына жетеді, сонан соң миокардамен қарыншадағы бүртік тәріздес бұлшық еттермен байланыс жасайды. Бұл бір мезгілде ең әуелі жүрекшенің сонан соң қарыншалардың және осы фазалардын белгілі бір уақыттан соң ырғақты түрде қайталанып отыруын қамтамасыз етеді.
Әрбір қозудан (жиырылудан) соң жүрек қозбайтын күйде болады. Қозбайтын кезең жүрек жұмысының үзілісіне сай келеді. Жүрек жұмысындағы барлық үзілісті есептейтін болсақ, ол тәулігіне 8 сағаттай дем алады.