Биология кафедрасы


СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР



бет6/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,59 Mb.
#123539
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137
Байланысты:
Биология кафедрасы

7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :
Сабаққа кешікпеу керек.
Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.
Сабаққа іскер киіммен келу керек.
Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.
Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.


8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ





Тараулар атауы,
реті

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

лекция

прак

сем

Лабар/рия

ОБСӨЖ

СӨЖ

1

Кіріспе.

1













3

2

Балалар мен жасөспірімдердің өсу және даму заңдылықтары.

1













3

3

Нерв жүйесінің физиологиясы. Шартты рефлекс туралы ілім.

1







1




3

4

Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы. Көру,есту анализаторлары.

1













3

5

Жасөспірімдер эндокринологиясы.

1













3

6

Тірек- қимыл жүйесі және оның жас ерекшеліктері.

1







1




3

7

Ас қорыту органдары, оның жас ерекшеліктері.Зат пен энергияның алмасулары.Тамақтану гигиенасы.

1













4

8

Қанның жас ерекшеліктері.Қан айналу органдары.

1







1




3

9

Тыныс мүшелерінің жас ерекшеліктері.Оқу бөлмесінің ауасына қойылатын талаптар.

1







1




3

10

Сыртқа шығару органдарының жас ерекшеліктері
Бүйрек қызметтері.Терінің құрылысы мен қызметтері.Жеке бас гигиенасы.

1













3

9.ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
Лекция № 1
Тақырыбы: Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы
Жоспары:
1.«Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәніне кіріспе, әрі қысқаша шолу.Бұл пәннің педогогика және психология пәндерімен байланысы және оқу-тәрбие жұмысы кезіндегі маңызы туралы.
2.Жас физиологиясы педагогикалық барлық ғылымдардың теориялық негізін жасайды, әсіресе мектеп гигиенасының ғылыми негізін жасайды.
3.Мектеп гигиенасының оқушылар денсаулығын күшейту мен сақтау үшін маңызы ерекше, әрі дені сау қаплыптасқан жастарды тәрбиелеудегі орны да бөлек.Бұл пәндердің бір-бірімен байланыстары және даму сатыларына сипаттама.
Лекция мақсаты: .«Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәніне қысқаша шолу.
Лекция мәтіні:
1.Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің, жеке мүшелердің және мүшелер,жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология, және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырса ал екіншісі гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы -жоғары оқу орындарында жеке оқылатын пән, мұның оқытатыны балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері; олардың жекеше дамуының қалыптасу зандылықтары және тәрбие жұмысының әсерінен пайда болатын физиологиялық функциялардың ерекшеліктері. Бұл пән ең алдымен өсу мен даму, жоғары жүйке әрекетінің заңдылықтары және балалар мен жастардың жүйке жүйесінің жасына байланысты ерекшеліктері жатады.
Бұл пәннің негіздері адам мен жануарлар анатомиясы және физиологиясы, жалпы гигиена мен медициналық гигиена, биохимия, биофизика, психология, педагогика, гистология, цитология, генетика т. б. биологиялық және табиғаттану ғылымдарының табыстарына сүйенеді.
Жасқа байланысты физиология мен гигиена - жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты, сұлу етіп өсірудің негізі ол балалар мен жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестесі мен түрлі еңбек кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайды. Бұл пән мүғалімдерге психология мен педагогика пәндерінің негізін дұрыс түсінуге арқау болады, медициналық және санитариялық салауаттық мәселелерін қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет