«биология» кафедрасы


В.И.Вериадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады



бет2/4
Дата14.04.2017
өлшемі1,78 Mb.
#13935
1   2   3   4

В.И.Вериадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады.


Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И.Вернадский тірі зат деп атады. Оның негізгі сипаттамасы ретінде массаның химиялық құрамы мен энергиясының жиынтығын қарастырды.

Биосфераның маңызды ерекшеліктерінің бірі ондағы судың болуы. Биосфераның тағы бір белгісі-оның космоспен тығыз байланыстылығы. (көбіне күнмен).


2. Биосфераның шекаралары. 1926 жылы В.И.Вериадский биосфераның шекарлары туралы мәселені қойды.

Қандай физико-химиялық жағдайлар тіршілікке анағұрлым қолайлы болып табылады?



  1. Көмір қышқыл газы мен оттегінің жеткілікті мөлшерде болуы.

  2. Судың жеткілікті болуы.

  3. Температуралық режим тым жоғары және тым төмен болмауы керек.

  4. Минералдық қоректену элементтерінің жеткілікті болуы.

  5. Су ортасының белгілі бір тұздығы.

Қазіргі кезде тіршілік жер қыртысының жоғары бөлігінде (литосфера), жер атмосферасының төменгі қабаты (тропосфера) және жердің сулы қабықшасында (гидросфера) таралған.

Литосферада тіршілікті ең алдымен тау жыныстары мен жер асты суларының температурасы шектейді. Ол тереңдікке байланысты артады да, 1,5-15км тереңдікте +100 С-дан асады. Жер қыртысында бактериялды табуға болатын тереңдік-4км. Мұнай кен орындарында 2-2,5км тереңдікте бактериялардың саны біршама көп болады. Мұхиттарда тіршілік 10-11км тереңдікке таралады. Тіршіліктің таралу шекарасы теңіз денгейімен салыстырғанда 6км биіктікте өтеді.
Биосфера және космос. Тіршілік космостық құбылыс болып табылады. Биосфераның космостық ортасы тіршілікке қажетті қолайлы экологиялық жағдайларды анықтайтын күн энергиясының көзі болып табылады.

Күн сәулесі ғаламдық экожүйесінің тіршілігіне күшті әсер етеді. Биосфераға келіп түсетін күн энергиясының балансы кестеде көрсетілген.


Күн сәулесінің энергиясының таралуы.

(биосфераға жылдың мөлшерінен %)




Таралу түрі

Үлесі %

  1. Шағылыстыру

  2. Жылуға айналу

  3. Булану, жауын-шашын

  4. Жел, толқын, ағыс

  5. Фотосинтез

30

45

23



0,2

0,8

Жер интенсивті космостық радиациядан магнит өрісімен қорғалған. Егер бұл өріс болмаса, космостық сәулелер қысқа уақыт аралығында атмосфераның барлық ауасын иондар мен электрондарға ыдыратып жіберер еді. Мұндай жағдайда Жерде мүмкін болмайды.

Озон қабаты биосфераны космос сәулелерінен қорғайды.Стратосферада озон (О3) күн радиациясының ультракүлгін сәулелерін сіңіреді. Мұндай қорғансыз сәулелер биосферадағы бүкіл тіршілікті жойып жіберер еді.

Биосфера космоспен тығыз байланысты. Жерге түсетін энергия ағыны тіршілікті қамтамассыз ететіндей жағдайларды жасайды.

Биосфераның энергетикасы. Күннің энергиясы –Жер биосферасының жылу баланысы мен термиялық режимін анықтайтын негізгі қуат көзі. Жердің күнді айналуына байланысты жер бетіне түсетін күн сәулесінің интенсивтілігі Жер-Күн қашықтығының өзгеруіне байланысты жыл бойы өзгеіп отырады. Жер мен Күннің ең аз арақашықтығы 147 млн км.қаңтар айының басында, ал ең ұзақ арақашықтығы 125 млн км шілденің басында байқалады.

Биосфераның эволюциясы.

Адам санасы мен ғылыми ойдың рөлін бағалай келе В.И.Вериадский мынандай қортындылар жасады:



  1. Ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып табылады.

  2. Биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуі мен қатар жүретін құбылыстар.

  3. Биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс, стихиялы түрде, табиғи процесс ретінде жүреді.

  4. Тіршілік ортасы-биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геологялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы-адамзаттың ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге-ноосфераға өтуі табиғи прцесс.

3. Ноосфера-сана, ақыл-ой қабаты, экологияның төрт заңы.

Бірінші заңы-барлығы барлымен байланысты.

Екінші заңы-материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екіншітүрге өтеді.

Үшінші заңы-табиғат өзі жақсы біледі. Амудария, Сырдария суын көп пайдалану арқасында Арал теңізі денгейі төмендеді. Төртінші заңы-тегін ешнәрсе жоқ. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.


Бақылау сұрақтары:

  1. Ноосфера қабаты?

  2. Атмосфера қабаты?

  3. Літосфера қабаты?

  4. Гідросфера қабаты?



Лекция № 4

Тақырыбы: Тірі организмдердің ұйымдастырушылық денгейлері.

Тірі жүйелер ( биологиялық жүйе).


Жоспар:

  1. Тірі жүйенің жалпы қасиеттері.

  2. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері.

  3. Тірі жүйенің бірлігі мен алуан түрлілігі.


Лекция мақсаты: Тірі жүйенің жалпы қасиеттерін және ұйымдасу деңгейлерін зерттеу.

Лекция мєтіні

1. Биологилық жүйе ретінде аутэкология жекелеген тірі ағзаны-жануар , өсімдік немесе микроорганизм оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Экологияда биологиялық жүйелердің төмендегідей негізгі ұйымдасу деңгейлерін бөліп көрсетуге болады: молекулалық (гендік), жасушалық, ұлпалық, мүшелік, ағзалық, популяциялық түрлік, биоценоздық, биосфералық.

Уэбстер бойынша жүйе дегеніміз “ біртұтас бүтінді түзетін, реттелген түрде өзара әрекеттесетін және өзара байланысты компоненттер”. Олай болса, жүйенің негізгі элементтеріне компоненттер, байланыстар шекаралар жатады. ( сурет).
Жүйелердің үш түрін бөліп көрсетуге болады:


  1. Оқшауланған, яғни көршілес жүйелермен зат пен энергия алмасуы болмайды.

  2. Жабық, яғни көршілес жүйелермен энергия алмасады, бірақ зат алмасуы болмайды ( мысалы, космос кемесі).

  3. Ашық, яғни көршілес жүйелермен зат және энергия алмасуы болады. Барлық биологиялық жүйелер- ашық жүйелер. Себебі, олар сыртқы ортамен затпен, энергиямен және ақпаратпен алмасып отырады.

Биологиялық жүелердің ұйымдасуының маңызды нәтижесі компоненттердің күрделірек функционалдық жүйелерге бірігуі барысында бұл жаңа жүйелерде сапалық жағынан жаңа алдыңғы деңгейде болмайтын қасиеттер пайда болады. Мұндай сапалық жаңа қасиеттерді- эмердженттік деп атайды ( кенеттен пайда болған). Мысалы, экожүйенің қасиеттерін жеке популяциялар туралы мәліметтерге ғана сүйеніп айтуға болмайды. Орманды тұтас алып зерттеп қана қоймай, осы ормандағы жеке ағаштарды да зерттеу қажет.

II. Белсенді ірі молекулалар – ақуыз, нуклеин қышқылдары, көмірсулардың қызметі түрінде көрінеді. Осы деңгейден тірі материяға тән қасиеттер: сәулелі энергияның органикалық заттардың химиялық энергиясына айналуы арқылы жүретін зат алмасу, тұқым қуалаушылықтың кодтаушы құрылымдардың ( ДНК,РНК) көмегімен тасымалдануы байқалады. Бұл деңгейге құрылымдардың ұрпақтарда тұрақтылығы тән.

Жасушалық деңгейде биологиялық белсенді молекулалар біртұтас жүйеге қосылады. Жасушалық ұйымдасуына байланысты барлық ағзалар бір жасушалы және көп жасушалы болып бөлінеді.


Ұлпалық деңгейде құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас жасушалардың жиынтығынан ұлпа түзіледі. Ол шығу тегі мен атқаратын қызметінің ортақтығы бойынша біріккен жасушалардың жиынтығын құрайды.

Мүшелік деңгейде ұлпалардың бірнеше типтері функционалдық жағынан өзара байланыса отырып, белгілі бір мүшені құрайды.

Ағзалық деңгейде бірқатар мүшелердің өзара әсері жеке ағзаның біртұтас жүйесінің түзілуіне әкеледі.

Популяциялық-түрлік деңгейде шығу тегі , тіршілік ететін және мекен ету орталарының ортақтығы арқылы байланысқан біртекті ағзалардың жиынтығы түзіледі. Бұл деңгейде жалпы алғандағы элементарлық эволюциялық өзгерістер жүреді .

Биоценоздық деңгейде бірге тіршілік ететін және бір-бірімен байланысқан түрлердің комплексі - биоценоздық деп аталатын біртұтас жүйені түзеді .

3.Тірі жүйенің бірлігі мен алуан түрлілігі.



Биогеоценоздық ( экожүйелік) - түрлік құрамы бойынша әр түрлі ағзаларды мекен ету ортасымен өзара байланыста біріктіретін (биотопта) тірі материяның ұйымдасуының жоғары деңгейі .

Биосфералық- ғаламшар шекарасындағы барлық тіршілік белгілерін қамтитын анағұрлым жоғары сатыдағы табиғи жүйелердің қалыптасқан деңгейі.

Бұл деңгейде тірі ағзалардың әрекетімен байланысты ғаламдық ауқымдағы барлық зат айналымдары жүзеге асады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Тірі жүйенің жалпы қасиеттері?

  2. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері?

  3. Тірі жүйенің бірлігі мен алуан түрлілігі?



Лекция № 5
Тақырыбы: Дарақ экологиясы - аутэкология


Жоспар:

  1. Организм және оның тіршілік жағдайлары.

  2. Экологиялық факторлар және олардың жүйесі


Лекция мақсаты: Организм және оның тіршілік жағдайларын үйрену.

Лекция мєтіні

1.Аутэкология ­– жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастар ды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Яғни, жеке организмдерге табиғат факторлары қалай әсер етеді, оған организм қалай

жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. Одан әрі зерттеулер тереңдетіліп келуде.
Ботаникалық факторлар
Ботаникалық фактор дегеніміз – даралар мен пуляциялар арасындағы өзара әсерлердің түрлері. Ботаникалық факторлардың екі тобы белгілі түрішілік (бірдей) және түраралық (әр түрлі).

Бірігіп тіршілік ету кезінде өмір сүру қабілетінің артуына әкелетін физиологиялық процестердің тиімділігін “топтық эффект” деп атайды. Ол жеке дараның өзінің түріне жататын дараның қасында болуына психико – физиологиялық реакциясы түрінде көрінеді. Мысалы қой жеке болса тамыр соғуы, тыныс алуы жиілейді, ал жақындап келе жатқан үйірді көргенде бұл процестер қалпына келеді.

2.Экологиялық факторлар және олардың жүйесі

Көгершіндердің кейбір түрлері егер басқа құстарды көрмесе жұмыртқа салмайды.

Топтық эффект жеке тіршілік ететін түрлерде байқалмайды. Егер мұндай жануарларды бірге тұруға мәжбүр етсе, олардың көптеген көрсеткіштері қалыпты шамадан ауытқиды, Мысалы құлақты кірпілерді, топта ұстаса жеке кірпімен салыстырғанда 134% -ке оттегін көп пайдаланады.

Әрбір жануарлардың түрі бойынша түрдің оптималды мөлшері мен популяцияның оптималды тығыздығы болады (олли принципі).


Бақылау сұрақтары:

  1. Аутэкология нені анықтайды?

  2. Топтық эффект?

  3. Ботаникалық фактор?

Лекция № 6

Тақырыбы:Антропогендік факторлар – экологиялық факторлардың ерекше тобы

Жоспар:

  1. Антролпогендік факторларға сипаттама.

  2. Қоршаған ортаның химиялық, радиациялық ластануы

  3. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы


Лекция мақсаты: Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттерін үйрену.

Лекция мәтіні

1.Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жагдайын аз уакыттың ішінде өзгерте алады. Осы процестсрдід озгеруін бакылауды дүниежүзіндегі барлық эколо-гиялық түрғыдан кызмет атқаратын (гидрометеорологиялық, сейс-микалык, ионосферлык және баскалар) жүйелер жүргізеді.

Биосфераның абиоталық күрамының антропогендік озгеруін және осы өзгерістерге биоталардың жауабын, сонымен қатар, антропогендік әсердің арқасында ксзектегі экожүйелерде болатын өзгерістерді өлшеуге, бағалауга, болжауға экологиялык монито-рингтің информациялык жүйесі жасалды.

Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттері:


  • антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау;

  • антропогендік әсер факторларын бақылау;

  • антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін процестерді және оның жағдайының озгеруін бақылау;

  • табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау;

  • антропогендік факторлар осерінен табиғи ортада болатын өзгерістерді болжау және болжамдалған табиғи ортаның жағдайын бағалау.

Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосферан ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиги ортага күн қйын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатп қалдықтары түсіп отырады.

2. Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға жәй топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі.

Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жер жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ. Антарктиданы алайық. Бұл жерде адамдар кішігірім ғылыми станцияларда тұрып, гылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидадан да тапқан. Олар бұл жерге басқа жерлерден ауа ағындарымен келіп түскен.

Табиғи ортаны ластаушы заггар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шогырлануына және адам организміне әсер ету уақытына карай әр түрлі жагымсыз нәтижеііер туғызады. Осыңдай затгардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері — адамның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер де адам организміне осындай улы затгар көп молшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танады, тілтен еліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарга ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік косіпорындардыц қаддықтары мысал бола алады. Элекгр стаңциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық жөае мүнайды қайта евдейтін кәсіпорындар атмосфераға үлкен түгін шығаратын мүржалар арқылы көптеген адам орғанизміне зиящш улы заттарды ауаға шығарады.

Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімеи реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.



Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаунш улы заттың бірі күкірттің қос тотыгы (802) коксохимия зауыттарымен, таукен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы пвти-1 жесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылгалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадагы күкіртті сутек адам орга-низмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын тугызады.

Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық түліктің құрамыңдағы фторлы сутек адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда адамның тыныс жоддарының кілегейлі қабығын зақымдандырып, өкпенің ісік ауруын туғызады. Қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауыл шаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиянын тигізеді. Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың, адамдардың организмдеріңде физиологиялық өзгерістер болады.

Цемент зауыттарьшан шыққан цемент шаңцары топырақта калий, калъций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының қалдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдікпен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы, жасы мен жынысына байланысты болып келеді.

Улы заттар адам организміне біртіндеп жүйелі түрде жинала берсе, оңда созылмалы улануға ұшырайды. Оның басты белгілері: адамның тез шаршағыштығы немесе үнемі шаршап тұратьшы, сезімі, ұйқы басуы немесе үйқысыңың қашуы, бейжайлық, ұмытшақтық, көңіл-күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі. Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді. Дәрігерлер адамдардың әр түрлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі, қатерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық жағдайымен тығыз байланысты екенін анықтап отыр.

Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару мен зарядталган бөліктерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы — радиоактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шыгарылган сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.

Радиациялық ластанудың негізгі кездері - альфа, гамма және бэта сияқты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам - жануар организмдерінде ақуыз, фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.

Сәуле ауруы сыртқы мүшелерінің зақымдануынан және радиациялық ластаушылардың ішкі органдарға түсуі нәтижесінде болады.

Сәуле ауруының дәрежесі алынған сәуленің мөлшеріне байланысты балалар, қарт адамдар мен ауру адамдар сәуле ауруын көтере алмайды. Адамдарда 50 рентген мөлшеріндегі сәуледен сәуле ауруы байқалмайды. Ал, 100 рентгеннен бастап сәуле ауруы дами бастайды.

Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшеріне қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерден ұзақ уақыт сәуле ауруына шалдығады.

Сәуленің әсер ету мөлшеріне қарай төрт дәрежедегі сәуле ауруы болады: 1-дәрежесі жеңіл түрлі 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа — 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр — 300-500 рентген мөлшерінде; 4-ші дәрежесі өте ауыр — 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.

Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластанулардан басқа адамда әр түрлі ауру туғызатын биологиялық ластаушылар да кездеседі. Биологиялық ластаушыларға ауру туғызатын мйкроорганизмдер, вирустар, құрттар, қарапайымдар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, тірі организмдердің және адамның организмінде кездеседі.

Жер бетіндегі 1500000 жануарлардың 50000 жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам паразиті болып есептелінеді. Адам паразиттерінің көбісі ауру тудыратын жәндіктер. Иесінің денесінде тіршілік етуіне қарай паразиттер: уақытша және тұрақты больш бөлінеді. Уақытша паразиттер иесінің денесінде тамақ керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттердің иесі тек азық үшін ғана емес, тіршілік ететін ортасы. Оларға безгек плазмодиі, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады.

Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден бір шарт -адам организмінің өлсіреуі, оның қорғансыз қалуы. Дені сау организмге түскен микробтар өсіп-өнуге айрыкша жағдай керек. Эволюциялық өзгерістер арқасында микробтар адам организмінде де белгілі клеткаларда өсіп-өнуге бейімделеді. Мысалы, безгек қоздырғышы тек қанның эритроцитіңде өсе алады. Сол сияқты тек ішек қарынның шырышты сілекей қабығында өсіп-өнуге бейімделген, тек сол кдбыққа жеткенде ғана ауру шақыра алатын тырысқақ, қантышкдқ, іш сүзегі миқробтары басқа жерлерде ол ауруларды тудыра алмайды.

Тіршілік етуге бейімделген клеткаларға микроорганизмдердің жетуіне қарай жұқпалы аурулардың таралу жолдары бірнеше түрге бөлінеді. Бірінші — ауадағы тамшылар көмегімен тарау, яғни жұқпалы аурулардың тыныс жолдары арқылы жұғуы, ал сырқат түкіргенде, жөтелгеңде, сөйлегеңде ауру қоздырғыш микробтар шашырап, ауамен бірге өзі бейімделген тыныс жолдарының шырышты сілекей қабығына жетеді. Осылай тарайтын ауруларды ауалы-тамшылы аурулар тобы деп атайды. Оларға тымау, қызылша, шешек аурулары жатады.



Екінші — ауыз арқылы тарау, ягаи микробтардың ішек-қарын жоддарына түсуі. Ал қоздырғыш миқробтар болса қоршаған ортаға үлкен және кіші дәрет арқылы шығады. Бұл жолмен ішек- I қарында болатын жұқпалы аурулар тарайды. Оларға: қантышкдк, I тырыскдқ, сальмонеллез, полиемелит жатады. Бұл аурулардьш I қоздырғыштары жейтін тағам, ішетін су арқылы ішек-қарынньш I шырышты сілекей қабығына жетеді. Бұл аурулар жуылмаған лас қол және шыбын арқылы да тарайды.

Үшінші қан арқылы тарау, яғни микробтардың маса, бүрге, кандала, бит сияқты жәндіктер арқылы қанға түсуі. Бұл аурулар тобына: безгек, бөртпе, сүзек, оба, туляремия, энцефалиттер, т.б. жатады.

Төртінші — жұқпалы аурулар қоздырғышы мен зақымдалған және зақымдалмаған адамдардың терісі мен шырышты сілехей қабығының бір-біріне жанасып тиюі немесе сүйкесуі арқылы тарауы. Бұған жыныстың жұқпалы аурулары (мерез, гонорея, СПИД), қүтыру, сіреспе, газды гангрена, т.б. жатады. Жұқпалы аурулардың осындай таралуы эпидемиялық түрғыдан шапшаң және жай таралатындар деп аталады. Ол ауру жұғу үшін теріде, шырышты сілекей қабықта жарақат болуы қажет.



3. Биологиялық ластаушыларды жұқтырудың негізгі көзі топырақ болып саналады. Сіреспе, ботулизм және басқа да кейбір жұқпалы аурулардың қоздырғыштары үнемі топырақта тіршілік етеді. Жеке басының тазалығын сақтамаудың нәтижесінде жуылмаған жеміс-жидек, көкөніс арқылы дененің терісін жарақаттап алған кезде олар адам организміне келіп түседі.

Көптеген ауру тудырғыш микроорганизмдер жер асты суларына өтіп, жұқпалы аурулардың тарауына себеп болады. Сондықтан артезиан суларын, құдық пен Бұлақ суларын пайдаланар алдында қайнату керек. Өзен, көл, тоған сияқты ашық су көздері көбінесе осы микроорганизмдермен ластанады. Су көздерінің тырысқақ, іш сүзегі, қантышқақ ауруларының таралуына себеп болған кездері жиі кездеседі.



Бақылау сұрақтары:

  1. Антропогендік факторлар түрлері?

  2. Адамның биосфераға оң әсері?

  3. Адамның биосфераға теріс әсері?



Лекция № 7

Тақырыбы: Популяциялық экология - демэкология.
Жоспар:

  1. Популяцияның негізгі қасиеттері мен түсініктері.

  2. Биотикалық факторлар

  3. Бәсекелестік ығыстыру ережелері.


Лекция мақсаты: Популяцияның негізгі қасиеттері мен түсініктерін үйрену.

Лекция мєтіні

1. Популяция дегеніміз – бір бірімен өзара қарым – қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. С.С. Шварцтың анықтамасы бойынша: популяция бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы. Популяция ұғымын латын тілінен аударғанда халық тұрғындар деген мағына береді.

Кез келген популяция төмендегі қасиеттермен сипатталады:

Популяция саны берілген территория немесе көлем бірлігіндегі даралардың жалпы саны. Ол еш уақытта тұрақты болмайды және ол көбею мен өнімнің интенсивтілігінің қатынасына байланысты.

Популяцияның тығыздығы популяция алып жатқан аудан немесе көлем бірлігіне шаққандағы даралар санымен анықталады. Мысалы ағаштың 150 түбінің 1 гектарда өсуі осы популяцияның тығыздығын сипаттайды.




Туылу – көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа даралар саны. Тір ағзаларға көбеюге деген мүмкіндік берілген.

Өлім – белгілі бір кезеңде өлген даралардың саны.

Популяцияның өсімі – туылу мен өлімнің арасындағы айырма: өсім оң немесе теріс болуы мүмкін.

2


даралар

саны


уақыт
. биотикалық фактор. Популяцияның жыныстық және жастық құрамы. Жыныстық құрылым популяциядағы жыныстардың қатынасын көрсетеді. Аталықтар мен аналықтардың жасы және жыныстық жетілу жағдайлары популяция санын ұстап тұруға әсер етеді.

Популяция санының динамикасы. Популяцияның саны негізінен бір – біріне қарама – қарсы екі құбылыспен анықталады – туу және өлім. Популяциядағы даралар санының көбею процесі теориялық жағынан алғанда шексіз өсуге қабілетті – биотикалық потенциал (А) бірақ қоршаған орта жағдайлары бұл өсуді шектейді, іс жүзіндегі өсу логистикалық қисықпен (Б) сипатталады. Теориялық және іс-жүзіндегі өсудің арасындағы айырмашылық ортаның қарсылығын сипаттайды.
3. Бәсекелестік. Азық, өмір сүру ортасы және басқа қажетті жағдайлар үшін болатын даралар арасындағы кері әсерлер. Мысалы түраралық бәсекелестікке сілеусін мен росомаха арасындағы азық үшін бәсекелестікті айтуға болады. Бәсекелестік тікелей немесе жанама болуы мүмкін.

Тікелей бәсекестік даралардың бір – бірімен агрессивті шекісіп қалуы немесе өсімдіктер мен микроорганизмдердің улы заттарды бөліп шығаруы арқылы көрінеді.

Жанама бәсекелестік кезінде даралар арасында тікелей өзара әсер болмайды. Ол аралық звено - әр түрлі жануарлардың бір ресурспен қоректенуі, ал ол ресурс шектеуші фактор болуы арқылы жүзеге асады. Тіршілік процесінде көптеген өсімдіктер, жануарлармен микроорганизмдер қоршаған ортаға газ тәріздес, сұйық және қатты заттарды бөліп шығарады. Мысалы, бидайық пен арамшөптер мәдени өсімдіктердің, жаңғақ пен емен өздері бөліп шығарған заттармен шөптесін өсімдіктердің өсуін тежейді

Симбиоз (селбесу) дегеніміз - әр түрге жататын даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Жануарлардағы симбиозға мысал – шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасында бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамаққалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде пайдаланады.



Әріптестік бірігіп тіршілік ету. Мысалы, құстардың бірнеше түрінің бірігіп ұя салуы, тырна мен крачка, олардың бірігіп өмір сүруі жауларынан қорғануды жеңілдетеді.


Бақылау сұрақтары:

  1. Симбиоз деген не?

  2. Жанама бәсекелестік?

  3. Тікелей бәсекелестік?



Лекция № 8
Тақырыбы: Популяцияның динамикалық сипаттамасы; туылымы, даму қарқыны, өлім-жетімі.


Жоспар:

  1. Популяция және оның құрылымы

  2. Популяцияны сипаттайтын негізгі қасиеттер

  3. Популяциялар санының ауытқулары.


Лекция мақсаты: Популяция және оның құрылымын, популяцияны сипаттайтын негізгі қасиеттерді үйрену.

Лекция мєтіні

1.Түр өз ареалының көлеміндегі территорияны тұтас иемденбейді, тек өзінің тіршілігіне қолайлы белгілі участоктарды ғана жайлайды. Мысалы, жануарлардың ағаш өсімдіктеріне байланысты түрлері өз ареалы көлеміндегі орман участкаларын ғана, ал шалғындық түрлер шалғындық ассоциацияларын ғана мекен етеді. Осыған байланысты түрдің особьтары өз аймағының көлемінде бытырап тарап кетеді. Жеке территориялық топтар — популяциялар пайда болады.

Популяция деген терминді 1903 жылы генетикаға бірінші рет В. Иогансен енгізді. Ол мұны генетика жөнінен әртекті особьтар тобын белгілеу үшін пайдаланды. Қейінірек бұл терминнің бастапқы мағынасы өзгертіліп, экологияда кең пайдаланылды. Қазіргі кезде популяциянақтылы территорияға байланысты, бір түрдің табиғи кеңістік о с о б ь т а р ы н ы ң тобы м а ғ ы н а с ы н д а ұғылады. Популяция әр түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Бұған дейін қандай да бір жанжағы шектелген ықшам территорияда, мысалы, белгілі бір орманда мекендеуші ж е р г і л і к т і немесе ықшам популяция туралы сөзқылдық.. Бұдан басқа, экологиялық және географиялық популяциялар болады.

Экологиялық популяция дегеніміз — экология жөнінен біркелкі жағдайлы участоктармен байланысты жергілікті популяциялардың жиынтығы. Мысалы, бір түрдің особьтары шыршалы ормандарда да, сондай-ақ қарағайлы ормандарда да мекендейді. Мұнда біз екі экологиялық популяция — шыршалық және қарағайлык популяция бар деп айта аламыз.

Географиялық популяция белгілі географиялық шектерде кездесетін жергілікті ықшам популяциялардың жиынтығын көрсету үшін кең мағынада қолданылады. Демек географиялық популяция экологиялық популяцияларға бөлінеді, ал бұлардың өзі ықшам (жергілікті) популяцияларға бөлінеді. Сөйтіп бір-біріне туынды әр түрлі дәрежедегі популяциялардың сатылары пайда болады.

2.Панмиксиялық популяцияларда келесі ұрпақтың тұқым қууалаушылық құрылымын ұрықтану кезінде әртүрлі гаметалардың сан алуан үйлесулері есебінен саны ата-аналардың берілген гаметалардың түрлі типтердің жилігіне байланысты. Мұндай популяциялардың генетикасын зерттеу жолдарының бірі ондағы жеке гетерозиготалы өкілдердің таралу жилігін сипатын анықтау болып табылады.



Линнейден бастап алғашқы систематиктер бір түрдің ареалындағы соған қарасты особьтардың бәрінің сыртқы және ішкі кұрылыстары ұқсас, бұл жөнінде оларда елеусіз айырмашылықтар ғана болуы мүмкін деп санаған болатын. Қазіргі кезде бұл жағдайды аздаған түрлерге ғана қолдануға болатындығы белгілі болып отыр. Осындай морфологиялық белгілері жөнінен болар-болмас айырмашылығы бар географиялық популяциялардан тұратын түрлер монотипті түр делінеді. Әдетте мұндай түрлердің ареалы тар және оның барлық жеріндегі тіршілік жағдайы біршама ұқсас болып келеді. Буған шегірткелердің туысына қарасты биік таулық түрлері мысал болады, бұлардың ареалдары Орта Азияның биік тау жоталарымен шектелген. Жануарлар мен өсімдік түрлерінің көбісі раса деп аталатын үлкен топтарға бөлінеді, расаларға басқа түрлердегі популяциялардан морфологиясы жөнінен жақсы ажыратылатын сол түрдің географиялық немесе экологиялық популяцияларының топтары енеді. Расаларға жіктелетін осындай түрлер п о л и т и п т і к түр делінеді. Политиптік түрден бөлінетін расалар үш бейнеде болуы мумкін: 1) түр тармағы, 2) экотип және 3) биологиялық раса.

Түр тармағы, немесе географиялық раса дегеніміз — географиялық орны оқшау және т ұ р а қ т ы , морфологиялық белгілері жөнінен ажыратын географиялық популяциялардыңжиынт ы ғ ы. Бұл анықтамадан әрбір түр тармағына тән нақтылы морфологиялық белгілері және ареалы болатындығы көрінеді. Сонымен қатар бір түрге қарасты түр тармақтарының араласқан жерлерінде әрқашан аралық формалар кездеседі. Табиғаттағы түр тармақтары әр уақытта өз ара шағылысып, өсімтал ұрпақ беріп отырады, демек, бұлардың араларында физиологиялық және генетикалық окшаулық жоқ.

3.Популяциялардың биологиялық формаларын жасына, жынысына (еркек, ұрғашы, гермафродит, партеногенездік особьтар) қарап, сондай-ақ функциялық, фазалық және маусымдық формалар түрінде көрсетуге болады. Жануарлардың әр түрлі топтарында биологиялық формалардың пайда болуының түрліше жолының мысалдары жоғарыдағы түр ішіндегі қарым-қатынастарды талдауда берілген.

Популяцияда генетикалық топтардың болуы түрдің көбею сипатына байланысты. Жыныстық жолмен көбейетін түрлердің популяциялары биотиптерге бөлінеді. Б и о т и п дегеніміз генотипі бірдей особьтардын, тобы. Популяциядағы биотиптер саны неғұрлым кеп болса, соғүрлым онда полиморфизм айқын керіністі болады, себебі айқаспалы ұрықтанатын особьтардың будандары гетерозиготты болып келеді.

Өзін-өзі ұрықтандыратын формалардағы популяция да әр түрлі биотиптерден құралады, бірақ мұның қүрамындағы организмдер гомозиготты болады; бұлар тек бір түрлі гаметалар түзеді. Сондықтан өздігінен тозаңданатын өсімдіктердің популяциясын-да таза линиялар дамиды. Бүл терминді генетикаға енгізген В. Иогансен. Бір гомозиготты особьтан ербіген, үдайы өздігінен тозаңданатын индивидуумдардың жиынтығы таза линия делінеді.

Бұршақ, бидай, арпа, сұлы сияқты өздігінен тозаңданатын өсімдіктерді зерттеу, бұл түрлердің көбі таза линиялардан тұратындығын көрсетті. Бұлардың сыртқы белгілері үқсас болуы мүм-кін, бірақ физиологиялық қасиеттерінде (ерте пісетін, қысқа тө-зімділік, ауруға шалдықпаушылық т. с. с.) айырмашылықтар

болады.


Сөйтіп әрбір популяцияның өзіне тән күрделі құрылымы болады, оны мына схема түрінде көрсетуге келеді:


Популяцияның құрылымы

Особьтардың бірлесіп тіршілік ететін түрлері

Биологиялық формалар

Генотиптік топтар

Жеке тіршілік қалпы Семьялар

Колониялар



Үйірлер (кулигалар) Топтар

Уақытша шоғырлар



Жасына қарай

Жыныстық


Функциялық

Фазалық


Маусымдық



Биотиптер

Таза линиялар




Бақылау сұрақтары:

  1. Популяция динамикасы?

  2. Популяция қасиеттері?

  3. Популяция құрылымы?



Лекция № 9
Тақырыбы: Қауымдастық экологиясы – синэкология.


Жоспары :

  1. Биоценоз, биогеоценоз экожүйе туралы түсініктер.

  2. Экожүйелердің ұйымдасу заңдары

  3. Экожүйенің жіктелуі

Лекция мақсаты: Биоценоз, биогеоценоз экожүйе туралы түсініктерді үйрену.



Лекция мєтіні

1. Синэкология (грек тілінен аударғанда syn-бірге) әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлармен микроорганизмдердің популяцияларының ассоциацияларын, олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі.

Әр түрдің популяцияларының макрожүйелерге бірігуінен – бірлестіктер немесе биогеценоздар түзіледі.

Биоценоз (грек тілінен bios - өмір, koinos-жалпы ортақ) қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін, өсімдіктер, жануар мен микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы.

Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз, не одан тыс өздігінен дами алмайды.

Кез келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе – биогеоценозды түзеді. Бұл ұғымды 1940 жылы В.Н. Сухачев ұсынған. Оның анықтамасы – “жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары біртекті бірлестік, ол өзін құрайтын компоненттердің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия, алмасуымен, басқа да табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама – қайшылықты біртұтастықпен сипатталатын, үнемі қозғалыста, дамуда болатын жиынтық”

Биогеоценоз ұғымы, шет елдерде таралған А. Тенсли 1935 ж. Ұсынған “Экожүйе” ұғымына жақын.

2. Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.

Экожүйе – ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әрқайсысы бір – біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функцианалдық бірлігі. Экожүйенің тіршілік етуі тірі ағзалар жиынтығы мен ортаның арасында зат, энергия және ақпарат алмасуымен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет