«Биология» мамандығы үшін Құрастырғандар



бет4/7
Дата09.06.2017
өлшемі2,65 Mb.
#18301
1   2   3   4   5   6   7

3.5 ЖАРЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ ӨСІМДІКТЕРДІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУШІЛІКТЕРІ


Әртүрлi жарық түсу жағдайындағы өсiмдiктердiң ең көрнектi айырмашылығы болып, олардың жапырақ алақандарының айырмашылығы табылады. Бұл белгi түрдiң тұқымқуалаушылық морфологиялық ерекшелiктерiне байланысты болғанымен, өсiмдiк қабылдайтын радиацияның мөлшерiне де байланысты. Жарықксүйгiш өсiмдiктердiң жапырақтары көлеңкесүйгiш өсiмдiктерге қарағанда кiшiрек. Мысалы бiр туысқа жататын, бiрақ әртүрлi жарық жағдайларында өсетiн өсiмдiктердiң жапырақ алақандары әртүрлi болып келеді.

Жапырақ алақандарының кеңiстiкте орналасуы жарықтың көп, не аз болуына байланысты өзгередi, гелиофит өсiмдiктердiң жапырақтары қауiптi күндiзгi сағаттарда радиация мөлшерiн азайту үшiн бағытталып орналасады, жапырақ алақандары вертикальдi немесе горизонтальдi бетке қатысты үлкен бұрышпен орналасады. Ағаштардың iшiнде жапырақтардың мұндай орналасуы эвкалипт, мимоза, акация тектес өсiмдiктерде байқалады. Алынған радиацияның әсерiн азайту үшiн «бағыттық - компастық» өсiмдiктердiң жапырақтары солтүстiктен оңтүстiкке бағытталып орналасады, сондықтан түс кезiндегi радиацияның әсерi минимальдi болады.

Гелиофит өсiмдiктердiң жапырақтары артық жарықтан «тығылса», көлеңкеленген жапырақтар мол жарық алуға қолайлы етiп орналасқан. Тығыз орналасқан орман ағаштарының арасында бос кеңiстiк бар болса, астыңғы ярустағы өсiмдiктер соған тартылып өседi.

Тығыз орналасқан ағаштардың астында өсетiн ағаштардың негiзгi жарық көзi - жоғарыдан келетiн радиацияның диффузды легi болып табылады. Осыған байланысты орман шөптерi көбiнесе горизонтальдi бағытта өседi. Кейбiр өсiмдiктер қатты күн түскен кезде, жапырақ алақандарының орналасуын өзгертедi. Күн радиациясын қабылдайтын жапырақ алақанының құрылысында бiрқатар бейімделушілік қасиеттерi бар. Көптеген гелиофиттердiң жапырақ алақандары күн сәулесiн шағылыстыруға қабiлеттi, мысалға жылтыр беттi - лавр жапырағы, магнолия, балауыз тәрiздi - кактус, сүттіген. Кейде эпидермис жасушаларында күн сәулелерi үшін «экран» қызметiн атқаратын кристаллды қосылыстар болады. Көлеңкесүйгiш өсiмдiктердiң мекен ету орталарында осындай қорғаныштық қасиеттер жоқ.



Гелиофит өсiмдiктердiң жапырақтарының iшкi құрылысының ассимиляциялық ұлпаларының бiрқатары «жарықтың құрылымдарымен» ерекшеленедi. Бiрiншiден, бұл жiңiшке әрi ұзын жасушалардан тұратын бағаналы ұлпалар (кейде 2-3 қатар). Көптеген гелиофиттердiң бағаналы ұлпасы жапырақтың беткi жағында да, төменгi жағында да жақсы дамыған (изополисадтi жапырақ). Жарықтың әсерiнен бағаналы жасушалар ұзына бойына өседi, көлеңке жағдайында бұл бағытта өсу тоқтайды. Жарықсүйгiш өсiмдiктердiң мезофилл жасушалары ұсақ, шоғырланып орналасады, iрi жасушааралық кеңiстiктерi жоқ, лептесiктерi ұсақ әрi көп болады. Бағаналы ұлпаның дамуымен қатар жапырақтың жалпы қалыңдығы да өседi. Көлеңеленген аймақта өсетiн өсiмдiктердiң жапырақтарына тән өзiндiк сипаттары бар. Мезофилл бағаналы және борпылдақ ұлпаларға мүлдем дифференцицияланбаған, кейбiр жағдайларда жоғарғы қабаттың жасушалары төменгi қабатпен салыстырғанда формасы мен орналасуы бойынша ерекшеленедi, бiрақ бағаналы болып табылмайды. Жапырақ пластинкасы жiңiшке, жалпақ, беттiң үлесi көп болып келедi, бұл жарықтың жапырақ iшiне жақсы сiңуiне әсер етедi (6 - сурет).

6 – Сурет. Жапырақ анатомиялық құрылысындағы ерекшеліктер


Көлеңкелiк жапырақтардың жасушалары әдетте iрi, мезофилл борпылдақ орналасады, орталық жүйесiнің жасушалары жақсы дамыған болып келедi. Лептесiктерi iрi, шашыраңқы орналасқан; жарықтық жасушалармен салыстырғанда, олар тек жапырақтың төменгi жағында орналасқан. Жарықтық және көлеңкелiлік жапырақтарда айқын байқалады. Қатты жарық жағдайында жапырақ алақанының бiрлiк ауданына келетiн хлоропластардың саны көлеңкелiк өсiмдiктермен салыстырғанда, бiрнеше есе көп болады. Бұл жарықтық жапырақтардың мезофилдерiнiң қалыңдығы көбiрек болуымен байланысты, бiрақ жарықтық өсiмдiктердiң жасушаларының хлоропластармен толу тығыздығы да көп болады. Гелиофит өсiмдiктердiң хлоропластары кiшi және ашық болады (хлорофилл саны аз), көлеңкелiк өсiмдiктерде - iрi және қою болып келедi. Бұндай құбылыс төменгi сатыдағы өсiмдiктерге де тән. Мысалы, қатты көлеңкелену жағдайында өсетiн балдырлардың хромотофорлары жақсы жарықтандырылған су қоймаларындағы балдырлармен салыстырғанда iрi болып келедi. Көлеңкелi жапырақтардың пластидтi аппаратының бұндай ерекшелiгi (iрi хлоропластардың болуы), ассимиляциялық ұлпаларға жарықтық жапырақтарда бiрiн-бiрi көлеңкелену нәтижесiнде барлық пластидтер жарық ала алмайды.

Артық жарық мөлшерiнен өсiмдiктердегi ерекше көрiнетiн, хлоропластардың орын ауыстыруға қабiлеттiгi болып табылады, көпқабатты мезофиллі бар жапырақтарда бұл қабiлет жарықтандырылған бағаналы ұлпада байқалады. Қатты жарық түсу нәтижесiнде, жасушадағы


хлоропластар жасуша қабырғасын бойлай орналасып, жарыққа қатысты бүйiрiмен орналасады, әлсiз жарық түскенде олар жасушада орнын ауыстырып диффузды немесе жасушаның төменгі жағында орналасады. Хлоропластардың бұндай қозғалысы тәулік бойында жарықтың өзгеруі және тәжірибе кезiнде де байқалады. Жарық пен күннің бағытына байланысты балдырлардың хромотофорларындағы өзгерiс байқалған.

ФОТОПЕРИОД ЖӘНЕ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ФОТОПЕРИОДТЫҚ РЕАКЦИЯЛАРЫ

Жарық режимiнiң басты сипаты - фотопериод, яғни күннiң ұзақтылығының жыл iшiнде әртүрлi болуы. Күннiң ұзақтылығы өсiмдiк үшiн маңызды болып келедi. Өсiмдiктiң күн ұзақтығына әсерiн көрсету қабiлетi – фотопериодты реакция (ФПР) деп, осы құбылыс - күн ұзақтығымен реттелуi - фотопериодизм деп аталады.

1920ж. В.Гарнер және Н. Аллард фотопериодизмдi ашқан. Темекiмен селекциялық жұмыс жасау барысында бiр сорттың жылыжайда көктемде және күзде гүлдеп, жазда ашық топырақта гүлдемей қойғанын анықтайды. Жазғы жағдай жылыжайдан еш айырмашылығы болмайды, олар гүлденуге жазғы күннiң ұзақтығы әсер еттi деп есептейдi.

ФПР-ға байланысты өсiмдiктердi бiрнеше типке бөледі:

1) қысқа күндi ФПР өсiмдiктер (12 сағат) – кенепшөп (конопля), темекi, перилла

2) ұзақ күндi ФПР өсiмдiктер (12 сағаттан кем) - картоп, бидай, шпинат

3) аралық типтi ФПР өсiмдiктер

4) фотопериодты бейтарап өсiмдiктер - қызанақ, бақбақ.
Бақылау сұрақтары:

1. Жарыққа экологиялық фактор ретіндегі сипаттамасын беру.

2. Шашыраңқы және тура түсетін жарық, олардың өсімдік организмдеріне әсер ету ерекшеліктерін анықтау. 3. Жарық энергиясы және оның өлшем бірліктерімен танысу.

4. Жарыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық топтарымен танысу.

5. Гелиофиттер, сциофиттер, көлеңкеге төзгіштер.

6. Өсімдіктердің жер бетінде таралуындағы жарықтың маңызын білу.

7. Фотопериодизм.

8. Хлорофиллді өсімдіктер үшін жарықтың маңызын білу. Фотосинтез.

9. Өсімдіктердің фотосинтез өнімдерін пайдалануын зерттеу.

10. Жарыққа байланысты өсімдіктер морфологиясының ерекшеліктерін анықтау.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет