«Биология» мамандығы үшін Құрастырғандар



бет7/7
Дата09.06.2017
өлшемі2,65 Mb.
#18301
1   2   3   4   5   6   7
Дәніс №9. Тіршілік формалары және оның эволюциясы

  1. Өсімдіктердің тіршілік формалары

  2. Тіршілік формаларының кейбір аспектілері.


Өсімдіктердің экологиялық топтары. Өсімдіктердің өмір сүру формалары.

Тіршілік форма (экобиоморфа) дегеніміз - формалар түзетін процестің (эволюциялық морфогенездің) ең қарапайым бірлігі (квант). Дәлірек айтқанда тірішілік форма дегеніміз - өсімдіктің сыртқы түрі, ол жекеленегн өсімдіктің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделушілігін көрсетеді.

Тірішілік формалары туралы білім морфологияның үлкен бөлімін құрайды. Алғашқы рет бұл ұғым ғылыми термин ретінде "Өсімдіктердің экологиялық географиясының" негізін салған Е. Вармингтің (1894ж.) жұмыстарында кездеседі.

1903 жылы Дания ғалымы К. Раукиер, сол кездегі белгілі ғылыми мәліметтерді қорытындылай отырып, тіршілік формасына классификация жасады. К. Раукиердің классификациясы жылдың қолайсыз мезгілінде өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің орналасуы мен қорғану тәсілдеріне негізделген.



Фанерофиттер (РҺ) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің бетінен 25 см биіктіктен жоғары орналасады;

хамефиттер (СҺ) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері төмен орналасады (жердің бетінен 25 см биіктіктен төмен орналасады);

гемикриптофиттер (Н) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршщіктері, жердің бетінің деңгейімен бірдей орналасады және оларды қурап түскен қалдықтары немесе топырақтың жоғарғы қабаты жауып тұрады;

криптофиттер (К) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің немесе судың астында орналасады;

терофиттер (Т) - біржылдық өсімдіктер, жылдың қолайсыз мерзімін, тұқым күйінде басынан өткізеді.

Бұл классификация басқа классификациялардан құрылысының таңқаларлықтай қарапайымдылығымен және жүйелілігімен айқын ажыратылады.Оның физиологиялық аспекті - өсімдіктің жылдың тыныштық кезеңіне реакциясы; морфологиялық аспекті - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің жердің бетіне қарай орналасуы мен олардың жылдың қолайсыз мезгілінде қорғану тәсілдері.

Сыртқы ортаның қандайда-бір факторына бейімделген, формалар түзуде маңызы роль атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі. Ылғалдыққа байланысты өсімдіктерді мынандай топтарға бөледі: ксерофиттер, мезофиттер, гидрофиттер, гигрофиттер.

Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерінде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.

Мезофиттер деп ылғалдығы жеткілікті, әрі бірқалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.

Гидрофитер деп суда өсетін өсімдіктерді айтады. Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп өседі.

Гигрофиттер деп, ауаның ылғалдылығы жоғары болатын жерлерде өсетін өсімдіктерді айтады.



  1. Лабораториялық практикум


Зертханалық жұмыс1
Тақырыбы:Абиотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері.

Жоспар: Экологиялық факторлардың организмдерге әсері.

Зертханалық жұмысты орындауға арналған методикалық нұсқаулық

Мақсаты: организмге әсер ететін экологиялық факторлар әсерімен танысу.

Әдебиеттер:

1 Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. – Р-на-Д, 2000г.

2 Никаноров А.М., Хоружая Т.А.. «Экология».- .М.: , 2000.

Тапсырмалар:



    1. экофакторлардың организмге әсерінің жалпы заңдылықтары неден көрінеді?

    2. «Биологиялық оптимум», «пессимум» ұғымдарына анықтама беріңдер.

    3. Түрдің одан ары қарай тіршілік етуі мүмкін емес шекарасы қалай аталады?

    4. Экологиялық валенттілік? ортаның абиотикалық факторларға факторларға кең және тар валенттілік қалай белгіленеді?


Зертханалық жұмыс №2
Тақырыбы:Тірі организмдердің адаптациялық қабілеттерін анықтау

Жоспар: Организмдердің бейімделушілік қабілеттерін зерттеу.

Зертханалық жұмысты орындауға арналған методикалық нұсқаулық

Мақсаты: Организмдердің негізгі бейімделушілік қабілеттерін бақылау.

Әдебиеттер:

1 Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. – Р-на-Д, 2000г.

2 Никаноров А.М., Хоружая Т.А.. «Экология».- .М.: , 2000.

3 Сагимбаев Т.К. . Экология и экономика.- Алматы: , 1997

4 Панин М.С. Экология Казахстана. – Семипалатинск: , .2005.

5 Григорьева И.Я. Лекционный курс «Экология»,- Семей, 2007, 157с.

6 Григорьева И.Я. Пособие для самостоятельного изучения курса «Экология»,- Семей, 2008, 161с.

7 Григорьева И.Я. Практикум «Экология и устойчивое развитие» для студентов не биологических специальностей.- Семей, 2008, 96с

8 Скрипникова Л.В. Промышленная экология.- Семипалатинск.,2007.

9 Панин М.С. Химическая экология – Семипалатинск, 2000 г.


Зертханалық жұмыс №3
Тақырыбы:Экологиялық факторлардың өзара әсері. Шектеуші факьорлар.

Жоспар: Экологиялық факторлардың организмдерге әсері.

Зертханалық жұмысты орындауға арналған методикалық нұсқаулық

Мақсаты: организмге әсер ететін экологиялық факторлар әсерімен танысу.



Әдебиеттер:

1 Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. – Р-на-Д, 2000г.

2 Никаноров А.М., Хоружая Т.А.. «Экология».- .М.: , 2000.

3 Сагимбаев Т.К. . Экология и экономика.- Алматы: , 1997

4 Панин М.С. Экология Казахстана. – Семипалатинск: , .2005.

5 Григорьева И.Я. Лекционный курс «Экология»,- Семей, 2007, 157с.

6 Григорьева И.Я. Пособие для самостоятельного изучения курса «Экология»,- Семей, 2008, 161с.

7 Григорьева И.Я. Практикум «Экология и устойчивое развитие» для студентов не биологических специальностей.- Семей, 2008, 96с
Тапсырмалар:


  1. Берілген суреттен алма жемісжегішінің қуыршақтарының қырылуының ылғалдылық пен температураға тәуелділік графигін зерттеңдер.

  2. берілген түрдің температура мен ылғалдылық бойынша биологиялық оптимумынанқытаңдар.

  3. Суретті пайдаланып, алма жемісжегішінің әр түрлі салыстырмалы ылғалдылықта өлуінің температураға тәуелділігінің 2 графигін құрыңдар.

  4. Графиктер неге бір бірінен ерекшеленетінін түсіндіріңдер. Қай аймақта алма жемісжегішінің көбею қаупі жоғары болады: жазғы орташа температура 20-22 °С және салыстырмалы ылғалдылық 60-70 % болатын аймақта ма әлде жазғы орташа температура 30-32 °С және салыстырмалы ылғалдылық 30-40% болатын аймақта ма?


Зертханалық жұмыс №4
Тақырыбы:Өсімдіктердің экологиялық топтары.

Мақсаты: Өсімдіктердің экологиялық топтарымен және олардың құрылысындағы белгілері мен ерекшеліктерін зерттеу.

Зертханалық жұмысты орындауға арналған методикалық нұсқаулық

Тапсырмалар:



    1. Ксерофитті өсімдіктер және олардың негізгі белгілері.

    2. Мезофитті өсімдіктер. Шалғындық өсімдіктерінің ішінде мезофитті өсімдіктерді табу.

    3. Гигрофитте және гидрофитті өсімдіктеріне тән негізгі морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін зерттеу.

    4. Голофитті өсімдіктердің мысалы ретінде алабұталар тұқымдасының өкілдерініңқұрылысын зерттеу, негізгі белгілерін анықтау.

    5. Су өсімдіктерінің көбею мүшелері мен құрылыс ерекшеліктерін элодея мысалында қарастыру.

Әдебиеттер:

1 Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. – Р-на-Д, 2000г.

2 Никаноров А.М., Хоружая Т.А.. «Экология».- .М.: , 2000.

3 Сагимбаев Т.К. . Экология и экономика.- Алматы: , 1997

4 Панин М.С. Экология Казахстана. – Семипалатинск: , .2005.

5 Григорьева И.Я. Лекционный курс «Экология»,- Семей, 2007, 157с.

6 Григорьева И.Я. Пособие для самостоятельного изучения курса «Экология»,- Семей, 2008, 161с.



7 Григорьева И.Я. Практикум «Экология и устойчивое развитие» для студентов не биологических специальностей.- Семей, 2008, 96с
Бақылау сұрақтары

  1. Факторлар әсер етуінің заңдылықтары.

  2. Жарық және жануарлардың мінез-құлқы.

  3. Су режиміне байланысты өсімдіктерді экологиялық топтары.

  4. Негізгі қоректену типтері және онымен байланысты бейімделушіліктер.

  5. Топырақтағы су және оның өсімдіктерге маңызы.

  6. Жарыққа байланысты өсімдіктердің анатомиялық-морфологиялық бейімделушіліктері.

  7. Қоректі аулау тәсілдері.

  8. Орта қозғалыстары және қысымның жануарлар тіршілігіндегі ролі.

  9. Өсімдіктер экологиясының негізгі ұғымдары.

  10. Қорекке байланысты даралану.

  11. Су және құрлық жануарларындағы газалмасу.

  12. Экологиялық факторлардың өсімдіктерге әсер ету заңдылықтары.

  13. Қорекпен қамтамасыз етілу, ұрпақ қалдыруға әсері.

  14. Жылудың өсімдіктердің жекелеген функцияларына әсері.

  15. Жарыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары.

  16. Ортаның температурасының маңызы.

  17. 2. Тұзды топырақтағы өсімдіктер экологиясының ерекшеліктері.

  18. Жылу факторы. Өсімдіктердің қолайсыз орта жағдайларына төзімділігі.

  19. Пойкилотермді жануарлар.

  20. Топырақтың механикалық және химиялық құрамының экологиялық маңызы.

  21. 3.Өсімдіктер популяцияларына антропогендік әсерлердің негізгі формалары.

  22. Гомойотермді жануарлар.

  23. Топырақтағы тірі организмдердің экологиялық маңызы.

  24. Өсімдіктердің тіршілік формалары.

  25. Бағдар бүтін процесс ретінде.

  26. Өсімдіктердің түрлі тіршілік формаларындағы транспирация.

  27. Топырақтың негізгі және химиялық қасиеттерінің экологиялық маңызы.

  28. Терінің сезгіштік қабілеті.

  29. Псаммофитті, литофитті, галофитті өсімдіктердің анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктері.

  30. Топырақ микроорганизмдерінің экологиялық маңызы.



6. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны


Тақырып

Мақсаты және мазмұны

Қоданыла-тын әдебиеттер

Жануарлардағы сулы-тұзды алмасу және минералды қоректенуі.

Судың организм үшін маңызы. Гидро- және аэробионттардағы сулы-тұзды алмасу. Құрлық жануарларының минералды қоректенуі.


1, 2, 3, 4, 7

Субстрат.

Субстраттың жануарлар үшін маңызы. Топырақ. Су қоймаларының түбі. Қар жабынының маңызы. Мәңгі суық және мұзды жабын.

2, 3, 4, 5, 6, 9, 10

Өсмідіктер тіршілігінде судың маңызы.

Өсмідіктердің түрлі тіршілік формаларындағы транспирация. Құрғақшылыққа төзімділіктің экологиялық маңызы. Орман және жауын-шашын.

10-12

Биотикалық факторлар.

Өсімдіктердің басқа ағзалармен қатынасының типтері. Зоогенді факторлардың өсімдіктерге әсері. Фитогенді факторлар мен өсімдіктердің өзара байланыстары. Өсімдіктердің қорғаныш қасиеттері.

10, 12, 14


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет