17. Гелиптерум (Акроклиниум)- Helipterum
Биіктігі 50 см болатын әсем гүлді өсімдік. Гүлшоғыры- себет. Түсі- ақ, қызғылт, қызыл, сары. Жапырағының түсі қою жасыл, ланцет пішінді. Шілде мен қыркүйек айлары аралығында гүлдеп тұрады.
18. Гүлкекіре - Василек- Centaurea
Ашық жасыл түсті қалың жапырақтанған бір жылдық декоративті гүлді өсімдік. Биіктігі- 20- 90 см аралығында болады. Гүлдері түтікшелі, ақ, қызыл, қызғылт, көк түсті болып келеді.Тамыр жүйесі жақсы жетілген. Маусым- қыркүйек айлары аралығында гүлдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |