Бархатцы тонколистные-Tagetes tenuifolia деп аталатын сортының Жапырағы тақ қауырсынды, ашық немесе қою жасыл түсті болып келеді. Гүлінің мөлшері басқа түрлерге қарағанда ірілеу болып келеді. Сонымен қатар тез өсетін өсімдік ретінде ерекшеленеді. Гүлінің түсі көп жағдайда сары болады. Маусым- қазан айларында гүлдейді.
16. Гацания- Gozania Тамыр жүйесі тереңге кететін, биіктігі 15- 25 см болатын декоративті өсімдік. Жапырақтары ланцет пішінді, жиегі ара тісті болып келеді. Жапырақтарының үстінгі тақтасының түсі- қою жасыл, астыңғы тақтасынікі- қою сұр . Гүлдері себет гүлшоғырына жинақталған. Гүлдерінің түсі ашық түстер. Жемісі- тұқымша. Маусым- қазан айлары аралығында гүлдеп тұрады.