XIII. Настурциялар- Настурцыевые- Tropaeolaceae
31. Настурция- Tropaeolum
Тамыры тереңге бойламайтын, биіктігі 25- 30 см болатын декоративті өсімдік. Ұзын сағақта орналасқан жапырақтары доға пішінді. Гүлдерінің диаметрі 5 см, ароматты, түсі қызыл, қызғылт. Жемісі- үш ұялы қорапша. Маусым айынан қазан айына дейін гүлдейді.
XIV. Никтагиндер - Никтагиновые- Nuctaginaceae
32. Ночная красавица (Мирабилис)- Mirabilis
Тік сабақты, биіктігі 30-60 см аралығында болатын бір жылдық декоративті гүлді өсімдік. Жапырағы сопақша, қою жасыл, сәнді. Гүлі түнде ашылады, ароматты, түтік тәрізді, ақ, қызғылт, сары реңде болады. Шілдеден күн суытқанға дейін гүлдеп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |