25. Цинния- Zinnia Тік сабақты, жақсы бұтақтанған декоративті гүлді өсімдік. Биіктігі- 30- 90 см аралығында болып келеді. Жұмыртқа пішінді, бүтін жиекті жапырақтары сабақта қарама- қарсы орналасқан. Гүлдері әртүрлі пішінді және әртүрлі реңді. Жемісі- тұқымша. Маусым- қазан айларында гүлдеп тұрады.
IX. Қараоттар- Портулаковые- Portulacaceae 26. Қараот- Портулак- Portulaca Биіктігі 10- 15 см болатын ашық жасыл жапырақты әсем өсімдік. Жапырақтары цилиндр тәрізді, ұсақ, сабақта кезектесіп орналасқан. Гүлдерінің мөлшері- орташа, түсі- ақ, сары, сарғыш, қызғылт, қызыл. Жемісі- бір ұялы қорапша. Маусым- қазан айлары аралығында гүлдеп тұрады.