X. Қожакендірлер- Ворсянковые- Dipsacaceae
27. Қотырот- Скабиоза- Scabiosa
Тік сабақты, биіктігі 30- 100 см болатын декоративті гүлді өсімдік. Жапырақтары саусақ салалы тілімденген, гүлдері ұсақ, воронка пішінді. Түсі- ақ түстен күлгін түске дейін. Жемісі- тұқымша. Шілде- қазан айлары аралығында гүлдеп тұрады.
XI. Қоңыраугүлділер- Колокольчиковые- Campanulaceae
28. Лобелия- Lobelia
Биіктігі 10- 30 см болатын шөптесін әсем гүлді өсімдік. Ұсақ, бұрыс гүлдері жапырақ қолтығында орналасқан. Гүлінің түсі ақтан күлгін түске дейін өзгереді. Жемісі- қорапша. Шілде айынан қазан айына дейін гүлдеп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |