2. Лалагүл – Лилия – Lilium. Отаны –Батыс Қытай. Отырғызғаннан кейін, үшінші жылы гүлденеді. Өсімдіктің биіктігі 80 – 100см . Гүлдерінің ішкі жағы ақ, беті қоңыр түсті болады. Гүлінің ұзындығы және диаметрі 12 – 15см. Гүлдеуі 26 маусымнан – 8 шілде аралығында 21 – 18 күн ішінде 50 – 60 күннен кейін гүлденеді. Тұқымдары қазан айында піседі. Көбеюі жуашықтары және тұқым арқылы. Өсімдік аязға шыдамсыз. Қыста жабуды қажет етеді. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерде топтастырып отырғызуға және кесіп алуға пайдаланылады.