«Биология» мамандығы үшін Құрастырғандар



бет27/72
Дата07.02.2022
өлшемі181,53 Kb.
#94397
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72
Байланысты:
7fdfac23-3305-11e3-9d7d-f6d299da70eeБОЛМЕ ОСИМДИКТЕРИ УМКД
7fdfac23-3305-11e3-9d7d-f6d299da70eeБОЛМЕ ОСИМДИКТЕРИ УМКД, 7fdfac23-3305-11e3-9d7d-f6d299da70eeБОЛМЕ ОСИМДИКТЕРИ УМКД
Дәрістің мақсаты: Көпжылдық әсем гүлді өсімдіктердің систематикалық, биологиялық, экологиялық сипаттамасымен танысу.
Дәріс мазмұны:
Зерттеген көпжылдық әсем өсімдіктер ішінде канналар (канна-canna), лалагүлділер (лилиейные-lilaceae), жалғыз гүлді болып келсе, қалған тұқымдас өкілдерінде гүлшоғыры кездеседі. Жалғыз гүлді өсімдіктердің гүлдері өте ірі, реңді болып келеді: қызғалдақтар (тюльпан-tulipa), лалагүлдер (лилиейные-lilaceae), таушымылдықтар (пион-paeonia).
Гүлшоғырлы көпжылдық әсем өсімдіктер өзінің әсемділігіне байланысты когалдандыруда кеңінен пайдаланылады. Әдемі гүлшоғырлары бар канна(канна-canna), өсімдігінен, хризантемалардан (хризантема-chrysantehem), баршынгүлдерден (гладиолус-gladiolus), нарғызгүлдерден (георгина-dahlia) тұратын ірі композициялар көгалдандыруда пайдаланылады. Композицияларды құруда өсімдіктердің гүлдеу уақытына көніл бөлінген жөн. Ерте көктемде мамыр айында гүлдейтіндерге: қызғалдақ (тюльпан-tulipa), таушымылдық (пион-paeonia), құртқашаш (ирис-iris), лалагүлділер (лилиейные-lilaceae),шөмішгүл (водосбор-aguilegia) жатады. Көпжылдық әсем өсімдіктердің қалғаны жаз айларында канналар (канна-canna), лалагүлділер (лилиейные-lilaceae), қалампыр (гвоздика-diathus), шегіргүл (фиалка-viola), және күз айларында гүлдейді. Өте кеш гүлдейтін өсімдіктерге; баршынгүл (гладиолус-gladiolus), хризантема (хризантема-chrysantehem), нарғызгүл (георгина-dahlia) жатады. Олардың жаппай гүлдеуі тамыз айының аяғында, қыркүйектің басында гүлдеуі жүреді.
Көпжылдық әсем өсімдіктерді өсіру тұқыммен қатар, вегетативті жолмен жүзеге асырылады. Бұл өсімдіктердің ішінде қызғалдақтар (тюльпан-tulipa), таушымылдықтар (пион-paeonia), құртқашаш (ирис-iris), шөмішгүл (водосбор-aguilegia), лилейник (лилейник-heterocallis). Климаттық жағдайында қыстап өзінің жер астындағы вегетативті, әсем мүшелерін сақтайтын декоратвиті гүлдер бар, сондықтан оларды гүлзарларда қалдыруға болады. Қалған көпжылдық әсем өсімдіктерді (нарғызгүл-георгина-dahlia, канна-canna, хризантема-chrysantehem, баршынгүл-гладиолус-gladiolus) гүлзарлардан қазып алып, олардың түйнектерін немесе тамырсабақтарын төменгі температурада сақтайды. Ерте көктемде оларды қайтадан гүлзарларға отырғызады. Сондықтан бұл өсімдіктер гүлзарларды құруда егу, күтуге байланысты еңбекті қажет етеді.
Декоративті өсімдіктерді көгалдандыруда вегетативті жолмен көбейтеді:
1)Пиязшық арқылы (қызғалдақ(тюльпан-tulipa), лалагүлдер (лилиейные-lilaceae)
2)Түйнек арқылы (нарғызгүл-георгина-dahlia, баршынгүл (гладиолус-gladiolus)
3)Тамырсабақтар арқылы ландыш (ландыш-сonvallaria), құртқашаш(ирис-iris), канна (канна-canna) , хризантема (хризантема-chrysantehem)
4)Қалемше арқылы шөмішгүл (водосбор-aguilegia), сарыраушан (золотарник-solidago), лилейник (лилейник-heterocallis), шегіргүл (фиалка-viola) жатады.
Сонымен Семей қаласындағы гүлзарларда 21 көпжылдық әсем өсімдік түрлері интродукцияланған.
Семей қаласының әртүрлі гүлзарларында кездескен көпжылдық әсем өсімдіктерге таксономиялық, яғни систематикалық сараптама жасағанда, біз зерттеген 21 өсімдіктің 9 тұқымдасқа 18 туыстасқа жататындығы анықталды. Бұл тұқымдастарды өзара салыстыра келгенде көптүрлілігі жағынан алғашқы орында күрделігүлділер (7 түр, 31,8%), сарғалдақтылар (7 түр, 31,8%), лалагүлділер (4 түр, 13,6%), қалған тұқымдастар 1,2 туыстас өкілдерінен тұрады.
Осыған байланысты біз зерттеген гүлзарлардың көпшілігінде күрделігүлділер туқымдастарының өкілдерін кездестірдік. Олар орташа биіктігі 40-100см дейінгі, көрнекті әрі реңді себет гүлшоғырынан немесе олардың жиынтығынан туратын өте әсем өсімдіктер. Олар гүлзарларға ерекше рең, әсемдік қасиет береді.
Семей қаласындағы гүлзарларды өсімдіктердің биіктеріне байланысты 3 деңгейге бөлдік:

  1. Биіктігі 60-100 см дейінгі өсімдіктер (баршынгүл (гладиолус-gladiolus), нарғызгүл (георгина-dahlia), гайлардия (гайлардия-gaillardia), хризантема(хризантема-chrysantehemum), раушангүл (роза-rosadea), таушымылдық (пион- paeonia), шөмішгүл (водосбор-aguilegia);

  2. Биіктігі 20-60см (қызғалдақ-тюлпан-tulipa, құртқашаш- ирис-iris);

  3. Биіктігі 20см төмен (шегіргүл-фиалка-viola), дельфиниум (дельфиниум-delphinium), ландыш (ландыш-convallaria).

Семей қаласының гүлзарларында көпжылдық әсем өсімдіктерді әсемділік қасиетіне байланысты бірнеше топтарға бөлуге болады солардың ішінде жапырағының түсінің, пішінің ерекшелігіне байланысты өте әсем болып келетін мынандай түрлерді ерекше атауға болады:шөмішгүл (водосбор-aguliega), таушымылдық (пион-paeonia), баршынгүл (гладиолус-gladiolus). Семей қаласында гүлзарларға ерекше әсемдік беретін ірі гүлді өсімдіктер түрлері де кездеседі, олар: қызғалдақ (тюльпан-tulipa), лалагүл (лилия-lilium), шөмішгүл (водосбор-aguilegia), шегіргүл (фиалка-viola). Бұл аталған жалғыз гүлді әсем өсімдіктер ерте көктемде гүлдейді, сондықтан гүлзарлардың көктемгі көрінісі осындай эфемеройдты түрлермен әсемделеді. Бұл аталған өсімдіктер Семей қаласының көшелерін көгалдандыруда аз пайдаланылуда. Бұл өсімдіктерді кейбір мектептердің гүлзарларында және Семей мемлекеттік педагогикалық институтының агробиостанциясында ғана кездестірдік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет