«Биология» мамандығы үшін Құрастырғандар


Лекция № 10. Көп жылдық әсем гүлді өсімдіктердің морфологиялық сипаттамасы



бет30/72
Дата07.02.2022
өлшемі181,53 Kb.
#94397
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
Байланысты:
7fdfac23-3305-11e3-9d7d-f6d299da70eeБОЛМЕ ОСИМДИКТЕРИ УМКД

Лекция № 10. Көп жылдық әсем гүлді өсімдіктердің морфологиялық сипаттамасы.
Дәрістің мақсаты: Бөлме және декоративті өсімдіктер пәні, өсімдіктің ғылыми систематикалык, топтары туралы мағлұмат алу.
Дәріс мазмұны:
І.Күрделігүлдер тұқымдасы. Compositae Adans. Сложноцветные.
1.Нарғызгүл-Георгина-Dahlia.
Бақтағы гибридінің отаны- Мексика. Бұл түйнектамырлы көпжылдық өсімдік, мезгілдік безендіру үшін қолданылады. Гүлдеуі шілде айынан басталып, (отырғызғаннан кейін 80-120 күннен соң), алғашқы суық түскенге дейін созылады. Гүлдеу ұзақтығы 45-87 күн. Әртүрлі сорттарында гүлшоғырының диаметрі 12-24 см-ге дейін жетеді. Өсімдіктің биіктігі 60-150 см. Нарғызгүлдердің өсу кезеңі өсімдік жаппай гүлдеп тұрған кезде, алғашқы суықтардың әсерінен тоқтайды. Нарғызгүлдердің жергілікті жағдайлардағы сәнділігі басқа географиялық белдеулерден әкелгеннен кейін алғашқы 3-4 жылдары ғана сақталады. Бұдан кейінгі уақыттарда нарғызгүлдің түптері аласарып гүлшоғыры қатты деформацияланады, толығымен ашылмайды, иөлшері кішірейеді, тілше гүлдері өзгеріп өздерінің ашық түстерін жоғалт ады, жасылтым түске ие болады.
2. Сарыраушан -Золотарник- Solidago.
Отаны- Солтүстік Америка. Өсімдіктің биіктігі 120-140 см. Гүл шоғыры ашық сары, ұсақ, диаметрі 0,5 см. Қыста жабуды қажет етпейді.
Гүлдеуі 5-13 шілдеде 70-75 күннен соң. Тұқымдары қыркүйек айында піседі. Түптерін бөлу арқылы, қалемше, тұқымы арқылы көбейеді.
Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерде топтастырып отырғызуға және кесіп алуға қолданылады.


3. Гайлардия- Gaillardia
Бақтағы пішінінің отаны- Америка. Өсімдіктің биіктігі 60-80 см. Тілше гүлдерінің шетттері сары, орталары қызыл; түтік гүлдері қызғылт. Гүл шоғырының диаметрі 7-8см. Гүлдеуі 1-17 маусым айында 120-130 күн ішінде отырғызғаннан кейін 45-50 күннен кейін. Тұқымдары шілде айынан бастап піседі. Түптерін бөлу, қалемше, тұқымы арқылы көбейеді.
Қыста жабуды қажет етпейді. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерде топтастырып отырғызуға және кесіп алуға қолданылады.
4. Хризантема - Chrysantehemum
Өсімдіктің биіктігі 75-100 см. Гүл шоғырының диаметрі 3-8 см, тілше гүлдерінің ақ, сары, ашық қоңыр, қызыл, қызғылтым, көкшіл, түстерімен ерекшеленеді. Хризантемалар өздерінің биік бұтағымен сиппаталады, бір бұтағында 300ден -600ге дейін гүлдері болады.
Хризантемалар сәуір айының екінші – үшінші жартысында өсе бастайды. Гүлдеуі шілденің екінші жартысында, қатты аяз түскенге дейін (10-15 қараша) үш ай ішінде гүлдейді. Түптерін бөлу, қалемше, тұқымы арқылы көбейеді. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерде топтастырып отырғызуға қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет