VI. Қалампырлар тұқымдасы. Caryophyilaceae Juss Гвоздичные.
1. Қалампырлар – Гвоздика - Diathus
Өсімдіктің биіктігі 30 – 40 см. Гүлдері қызғылт және ақ, диаметрі 3- 4 см. Гүлдеуі 14 – 26 маусымда 100 – 110 күн ішінде, 60 – 65 күннен кейін. Тұқымдары тамыз - қыркүйек айларында піседі. Көбеюі тұқымы арқылы. Қ ыста жабуды қажет етеді. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерде топтастыруға, кесіп алуға қолданылады.
2. Отсабын-Лихнис-Lichnic.
Отаны – Европа, Сібір, Орталық Азия, Монғолия. Гүлдері ашық қызыл, қызғылт, диаметр-2,3 см. Гүлшоғыры диаметрі 6-8см. Гүлдеуі 30 мамырдан – 8 маусымға дейін 70-80 күн ішінде. Көбеюі туқымдары және бұталарының бөлінуі арқылы көбейеді. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерге отырғызады. Қыста жабуды қажет етпейді.
VII.Көкшегүлдер тұқымдасы. Polemoniaceae Vent.
Синюховые. 1. Флокс-Phlox.
Отаны – Америка, Техас. Биіктігі 60 -70 см. Гүлдерінің түсі әр алуан, пирамидалы сыпыртқыға жиналған, мөлшері 15-10. Гүлдеуі 13- 28 шілдеде басталады, гүлдеу ұзақтығы 40-50 күн. Тұқымдары қыркүйек – қазанда піседі. Түптерін бөлу, қалемше, тұқымы арқылы көбейеді. Жартылай көлеңкелі жерлерге кесуге топтастырып отырғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |