Биология нұсқау



Дата20.06.2020
өлшемі18,23 Kb.
#74129
Байланысты:
Biologiya


БИОЛОГИЯ



Нұсқау: Сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

1. Кәдімгі қарағайға тән

A) шашақ тамырлы

B) тең споралы

C) екі үйлі

D) бір үйлі

E) біржылдық


2. Сүйекті шырынды жемісті өсімдік

A) шие


B) мандарин

C) қияр


D) асқабақ

E) апельсин



3. Өсімдіктердің тыныс алуына қажетті газ

A) күкірт

B) пропан

C) оттегі

D) сутегі

E) бутан


4. Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенді

A) сақиналы құртпошым

B) латимерия

C) қызылаяқ бақа

D) құрбақа

E) тритон



5. Ағзаның тітіркендіргіштерге жүйке жүйесі арқылы қайтаратын жауабы

A) рефлекс

B) даму

C) қарсы тұру

D) өсу

E) қозғалмау



6. Жапалақтектестерге жатады

A) Тұрымтай

B) Сақалтай

C) Бүркіт

D) Лашын

E) Үкі


7. Жүрек қабырғасының бұлшықетті қабаты

A) миокард

B) эндокард

C) қолқа


D) экзокард

E) перикард



8. Адам организміндегі дәнекер ұлпасының бір түрі

A) дендрит

B) шеміршекті

C) безді


D) бұлшықетті

E) көп қабатты



9. Жасушаның «асқорыту мүшесі» деп аталатын органоид

A) ядро


B) лизосома

C) цитоплазма

D) рибосома

E) центриоль



10. Биогеоценоздың негізгі қызметі

A) жаңа қолтұқымдар шығару

B) тірі организмдерді жүйелеу

C) энергияны жинақтау және қайта бөлу

D) кездейсоқ топтанып таралу

E) бөгде заттардан қорғау



11. Пеницилл саңырауқұлағының жіпшумақтарының шоғыры

A) қызғылт-сары

B) сарғыш-жасыл

C) сарғыш-көк

D) сарғыш-қоңыр

E) көкшіл-жасыл



12. Гермафродит құрт

A) нереида

B) аскарида

C) шұбалшаң

D) ішексорғы

E) үшкірқұрт



13. Құртамыш тудыратын ауру

A) ұйқы

B) суауру

C) кокцидоз

D) безгек

E) кала-азар



14. Фагоцитоз құбылысын ашқан ғалым

A) И.И.Мечников

B) И.П.Павлов

C) Н.И.Пирогов

D) И.М.Сеченов

E) К.Гален



15. Екі жауырын мен екі бұғанадан тұрады

A) кеуде қуысы

B) қол сүйектері

C) аяқ сүйектері

D) иық белдеуі

E) жамбас белдеуі



16. Хромосома санының еселеніп көбеюі

A) инбридинг

B) алыстан будандастыру

C) жасанды мутагенез

D) полиплоидия

E) аутбридинг



17. Нәруыз молекуласының үшінші реттік құрылымындағы байланыс:

A) P=P


B) S=S

C) H=H


D) N~C

E) NH-CO


18. Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетінен айырмашылығы

A) жүрек жасушалары біртекті

B) бірыңғай салалы бұлшықеттен құралады

C) өздігінен еріксіз жиырылады

D) ет талшықтары шоқтанған

E) адам еркіне бағынады



19. Бір-бірімен ретті байланысқан рефлекстік реакциялардың тізбегі

A) инстинкт

B) инбридинг

C) акселерация

D) иммунитет

E) аккомодация



20. Ксерофиттерге жатады

A) сексеуіл

B) беде

C) атқонақ

D) балдыр

E) інжугүл



Нұсқау: Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауаптар саны үшеуден аспайды.

21. Қалпақшалы улы саңырауқұлақ(-тар)

A) Ақ мукор

B) Майқұлақ

C) Боз арамқұлақ

D) Ақ жерқұлақ

E) Майқұлақ

F) Ақ саңырауқұлақ

G) Көңілкеш

H) Пеницилл



22. Бактериялардың қоректенуіне байланысты тобы (топтары)

A) ксерофит

B) мезофит

C) гидрофит

D) гигрофит

E) хамефит

F) сапрофит

G) паразит

H) фанерофит


23. Жалған аяқтарымен қоректенетін біржасушалы(-лар)

A) Бодо


B) Жасыл эвглена

C) Опалина

D) Амеба

E) Лямблия

F) Кірпікшелі кебісше

G) Арцелла

H) Вольвокс


24. Ішекқуыстылар типінің ерекшелігі (ерекшеліктері)

A) Денесі қуысы жоқ

B) Денесі екі қабатты

C) Денесі буылтықты

D) Паразитті жәндік

E) Денесі үш қабатты

F) Дернәсілі-планула

G) Жүйке торы түзілген

H) Денесі бас, тұлға, аяқтан тұрады


25. Мойынның алдыңғы жағында орналасқан шеміршекті түйін(-дер)

A) Бронхылар

B) Альвеолалар

C) Дыбыс сіңірі

D) Омыртқа өсіндісі

E) Кеңірдек

F) Көмекей шодыры

G) Бадамшалар

H) Кеңсірік


26. Сілекей құрамындағы фермент(-тер):

A) химозин

B) пепсин

C) токсин

D) глюкоза

E) птиалин

F) антипепсин

G) мальтаза

H) крахмал


27. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (сыйымдылықтары)

A) Ауаның қосымша көлемі

B) Қалыпты тыныс шығарған кездегі ауа мөлшері

C) Қалдық ауа сыйымдылығы

D) Жай тыныс алғаннан кейінгі шығарылған ауа мөлшері

E) Ауаның қордағы көлемі

F) Қалыпты тыныс алған кездегі ауа мөлшері

G) Қалыпты тыныстық сыйымдылық

H) Терең тыныс алғаннан кейінгі шығарылған ауаның ең көп мөлшері


28. Пойкилотерімді ағза(-лар)

A) тышқан

B) тритон

C) албырт

D) ілбіс

E) сауысқан

F) аю

G) ақмарқа



H) тарпан

29. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалауды ең алғаш зерттеп ашқан ғалым(-дар):

A) Дж. Уотсон

B) В. А. Бальмонт

C) К. Мыңбаев

D) Т. Морган

E) А. Габбасов

F) Ф. Крик

G) Г. Мендель

H) Н. Вавилов


30. Редуцент(-тер)

A) Жануарлармен қоректенетіндер

B) Бейорганикалық затты түзеді

C) Өлі органиканы бүлдірушілер

D) Органикалық затты ыдыратушы

E) Жарық энергиясын пайдаланады

F) Органикалық заттарды түзеді

G) Барлық органикалық дүние



H) Органикалық затты синтездейді



БИОЛОГИЯДАН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет