«Биология» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9-сынып


D «Қоректену» және 9.1Е «Заттардың тасымалы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет6/23
Дата27.11.2022
өлшемі1,06 Mb.
#160072
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
«Áèîëîãèÿ» ï í³íåí æèûíòû áà àëàó à àðíàë àí ä³ñòåìåë³ê ñûíûñ

9.1D «Қоректену» және 9.1Е «Заттардың тасымалы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаттары

9.1.2.1 Адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау
9.1.2.2 Ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкес ферменттердің арасындағы байланысты орнату
9.1.2.3 Ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың (температура, pH) әсерін зерттеу
9.1.3.1 Активті және пассивті тасымалдарды салыстыру
9.1.3.2 Өсімдіктердегі транспирация үдерісінің мәнін түсіндіру

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді түсіндіреді

  • Ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен ферменттердің арасындағы байланысты орнатады

  • Ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың әсерін талдайды

  • Активті және пассивті тапсымалдарды салыстырады

  • Өсімдіктердегі транспирация үдерісін түсіндіреді

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар

  1. Диаграммада адамның асқорыту жүйесі мүшелерін көрсетілген.

Д иаграммадағы М, L, P мүшелерінде жүретін үдерістерді сипаттаңыз.
М __________________________________ L __________________________________
P ___________________________________

  1. Ас қорыту үдерісінде органикалық биополимерлер белгілі ферменттердің әсерінен қарапайым мономерлерге ыдырайды.

Төмендегі үлгіні пайдалана отырып көмірсулар мен майларды ыдырататын фермент туралы ақпараттарды толықтырыңыз.

фермент

pH (ортасы)

әсер ететін орны

әсер ететін субстрат

өнім

пепсин

қышқылдық

асқазан

нәруыз

аминқышқылдары












  1. Биолог пепсиннің белсенді жұмыс жасайтын оптимальды рН ортасын анықтау үшін тәжірибе жасады. Ол ферменттің белсенділігін 4 сынауықта өлшеді. Әр сынауыққа суретте көрсетілгендей 1 см3 (текше ) піскен жұмыртқа ақуызын салды. Сонымен бірге зерттеуші жұмыртқа ақуызы текшесінің толық қорытылуына қажетті уақытты белгіледі (өлшеді).


(а) Биолог жұмыртқа нәруызының барлық текшелерінің бірдей мөлшерде болғанын қамтамасыз етті. Себебін түсіндіріңіз.
________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________

    1. Бұл тәжірибеде температура бақыланатын болды. Температураны бақылау қажеттігін түсіндіріңіз.

________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________

    1. Бір асқорыту ферментінің мысалында ферменттер қалай жұмыс жасайтынын сипаттаңыз. _____________________________________________________________ ________________________________________________________________________


  1. Жасуша мембранасы арқылы өтетін тасымалдың түрлері көрсетілген


(а) В әрпімен көрсетілген тасымал түрін атаңыз. ______________________________
________________________________________________________________________

    1. I және II сандарымен көрсетілген тасымал түрлерін салыстырыңыз.

________________________________________________________________________
________________________________________________________________________

  1. Оқушы транспирация үрдісін түсіну үшін тәжірибе жасады. Сызбада бірдей үш өсімдіктің сабағы және зерттеу барысындағы іс-әрекет берілген.


Вазелин май тәрізді зат болғандықтан су өткізбейді. Барлық үш өркенді де бірдей жағдайда 1 сағат бойы ұстады. Кестеде зерттеу нәтижесі берілген.

Өсімдік сабағы

Транспирация жылдамдығы

L

16

M

2

N

14

(а) Не себепті М өсімдігі L өсімдігімен салыстырғанда суды баяу буландырғанын түсіндіріңіз.
________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________
(b)Транспирация құбылысының өсімдіктер тіршілігі үшін мәнісін түсіндіріңіз.
________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет