Адреналин гормоны бөлетін без:
A) Эпифиз. B) Қосалқы без (гипофиз). C) Бүйрек үсті безі .D) Ұйқы безі. E) Қалқанша без.
Жасушадағы бейорганикалық қосылыстар:
A) Су, тұздар. B) Көмірсулар, су. C) Май қышқылы.
D) Майлар, ақуыздар (нәруыздар). E) Глюкоза, кальций фосфаты.
Бірыңғай салалы бұлшықеттен құралған
A) жүрек B) аяқты бұғып жазатын C) тұлғаны қимылдататын
D) қан тамырлары E) қабырға аралық
Ми бағанасына кіретін бөлігі
A) Мишық. B) Соматикалық жүйкелер. C) Шеткі жүйке жүйесі.
D) Сопақша ми. E) Үлкен ми сыңарлары.
Aдамдағы рудименттерге жататын
A) көкеттің болуы. B) түктілік. C) үшінші қабақ. D) құйрықтың дамуы. E) көп емшектілік.
Жасушадағы түрлі реакциялардың жүру жылдамдығы ақуыздың ... қызметіне байланысты:
A) тасымалдау. B) құрылыс материалы. C) қозғалысты қамтамасыз ету.
D) катализаторлық. E) хабар беру.
Микседема ауруының пайда болуы
A) Өсу гормонының жетіспеушілігінен.
B) Қалқанша безі қызметінің жетіспеушілігінен.
C) Адреналин гормонының артық бөлінуінен.
D) Қалқанша безі қызметінің шектен тыс болуынан.
E) Тимозин гормонының артық мөлшерінен.
Әрбір нейрондағы аксон саны:
A) 1. B) 3. C) 7. D) 4. E) 5.
Мидың торлы қабықшасының қабынуы
A) гайморит B) арахноидит C) энцефалит D) менингит E) полип
Адам тепе-теңдігі бұзылуы байланысты
A) ортаңғы миға B) үлкен ми сыңарына C) жұлынға D) аралық миға E) мишыққа
Практикалық тур
І-бөлім
Берілген тапсырмалардың дұрыс немесе дұрыс емес екендігін анықта.
Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай.Максималды 20 ұпай
1Камбий - тірі бөлінуге қабілетті жасуша қабаты және басқа ұлпа жасушаларын түзеді.
2.Дара жарнақты өсімдік тұқымы тұрады бүршіктен және тұқымжарнағының бір ұрық жапырағынан
3.Артериядан артерия қаны ағады.
4.Қосалқы тамыр негізгі тамырдан шығады.
5.Картоптың түрі өзгерген өркенін қорекке пайдаланады.
6.Асқабақтың гүлі қосжынысты.
7.Крокодилдің тісі жақ ұяшығында орналасқан.
8.Митохондрияның негізгі қызметі тотығу, тотықтыру
9.Нәруыз синтезі рибосомада жүреді.
10.ОЖЖ ми мен жұлын эпителий ұлпасының қорғаныш қабатымен жабылған.
ІІІ.Сәйкестігін табыңдар. Жоғары балл-10 /әр дұрыс жауапқа 1ұпай/
1.Жануарлардың белгісіне қарап қай классқа жататынын сәйкестендір
Жануарлардың белгілері
|
Класс
|
А.Алғашқы нағыз құрлық жануарлары
Б.Көпшілігінің көбеюі суда жүреді
В.Терісі жұмсақ, жалаңаш, шырыш бөлетін бездері бар
Г.Жұмыртқасы жұмсақ қабықты, сары уызға бай
Д.Метаморфозды дамиды..
|
1.Қосмекенділер
2.Жорғалаушылар
|
2.Бездердің бұзылуынан түзілетін ауруларды сәйкестендір
Ауру түрлері
|
Бездер
|
А.Алыптық
Б.Базед
В.Микседема
Г.Акромегалия
Д.Кретинизм.
|
1.Гипофиз
2.Қалқанша без
|
Достарыңызбен бөлісу: |