«Биология» пәнінен оқу бағдарламасы Түсінік хат


Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет13/75
Дата13.11.2023
өлшемі146,06 Kb.
#191145
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75
Байланысты:
Биология 6 - 11 сынып күнтізбелік жоспар
Идеал газ күйінің теңдеуі. Газ заңдары – ҰБТ, Қорытынды аттестаттау және ОЖСБ сынақтарына дайындайтын онлайн жаттықтырғыш құралы, 49571-География КТЖ 10-11 сынып ЖМБ-2023
2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны
7. 10 –сыныпқа арналған биология пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдер мен тараулардан тұрады.
8. «Кіріспе» (1 сағат). Биология ғылымы. Ғылымдар жүйесіндегі биологияның орны. Әлемнің ғылыми бейнесін түсініп білуде биологияның маңызы. Биологияның басқа ғылымдармен (химия, физика, математика, география, астраномия және басқалары)байланысты. Жаратылыстануғылыми пәндер жүйесіндегі “Жалпы биология” курсының алатын орны, мақсаты мен міндеттері. Көрсетілімдер: биолог-ғалымдардың суреттері, “Биологияның басқа ғалымдармен байланысы” — сызбанұсқа.
9. «Цитология» (7 сағат):

  1. «Заманауи цитология пәні, міндеттері және зерттеу әдістері» (2 сағат). Жасушаның ашылуы және зерттеу тарихы. Жасуша тірі тіршілік иесі дамуының, құрылымы мен қызметінің бірлігі. Прокариотар. Эукариотар;

  2. «Жасушаның химиялық құрамы» (3 сағат).Су және басқа бейорганикалық заттар, олардың жасуша тіршілігіндегі рөлі. Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ, олардың құрылысы және жасушадағы рөлі. Ферменттер, олардың тіршілік әрекеттерін реттеудегі рөлі;

  3. «Жасушаның құрылысы» (2 сағат). Жасушаның негізгі құрам бөліктері. Түрлі жасушалық құрылымдар мембраналарының құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері. Цитоплазма органоидтері, олардың құрылысы және қызметі (эндоплазмалэық тор, Гольджи жиынтығы және лизосомалар, митохондриялар, пластидтер,жасуша орталығы, рибосомалар) қозғалту органоидтері, олардың құрылысы мен атқаратын қызметі; жасушалық қосындылар. Ядро, оның құрылысы мен қызметі. Зертханалық жұмыс: Эукариоттық (өсімдік, жануар,саңырауқұлақ) және прокариоттық (бактериялық) жасушалардың құрылысы.

10. «Тіршіліктің жасушалық емес формалары. Вирустар және фагтар» (1 сағат). Вирустар және фагтар.ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) вирусы. Оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшеліктері. Вирустық аурулардың алдын алу.
11. «Жасушадағы зат және энергия алмасу» (6 сағат). Жасушадағы зат және энергия алмасу. Зат алмасу реакцияларының катализдік сипаты. Пластикалық және энергиядық алмасулар.Энергиялық алмасудың негізгі кезеңдері. Жасушалық тыныс алу процесінің ерекшеліктері. Органикалық заттарды түзу әдістері: автотрофтар және гетеротрофтар. Фотосинтез, оның сатылары. Хемосинтез, оның биосферадағы рөлі. Нәруыз биосинтезі. Генетикалық ақпараттың негізі — ген түсінігі. Генетиткалық код. Нәруыз синтезіндегі матрицалық принцип. ДНҚ-лық матрицаға сәйкес а-РНҚ-ның түзілуі. Көрсетілім: өсімдік және жануар жасушаларының микропрепараттары; фотосинтез процесін бейнелейтін тәжірибелер; жасуша модельдері; ДНҚ және РНҚ-ның, түрлі молекулалар мен вирустық бөлшектердің моделдері; жасушадағы метаболизм жолдарының сызбанұсқалары, “Нәруыз биосинтезінің” аппликациялық — моделі. Зертханалық жұмыс: «Эукариоттық (өсімдік, жануар, саңырауқұлақ) және прокариоттық( бактериялар) жасушалар».
12. «Организмдердің көбеюі және жеке дамуы» (6 сағат):

  1. «Өсімдіктер мен жануарлардың жыныссыз көбеюі» (2 сағат). Өзін-өзі ұдайы өндіру — тіріге тән жалпылама қасиет. Митоз жыныссыз көбеюдің және көпжасушалы организмдер өсуінің негізі, оның фазалары және биологиялық маңызы. Организмдердің жыныссыз көбею формалары: қарапайымдар жасушаларының митоздық бөлінуі, споратүзілуі; біржасушалы және көпжасушалы организмдердегі бүршіктену; вегетативтік көбею. Жыныссыз көбеюдің эволюциялық маңызы;

  2. «Жынысты көбею» (2 сағат). Жынысты көбею. Мейоз, оның биологиялық маңызы. Сперматогенез. Овогенез. Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшеліктері. Ұрықтанудың биолдогиялық маңызы;

  3. «Жеке даму (онтогенез)» (1 сағат).Организмдердің жеке дамуы (онтогенез) түсінігі. Бөліну, өсу, жасушалардың жіктелуі,органогенез, көбею, картаю, организмнің өлуі. Э. Мюллер және Э. Геккельдің биогенетикалық заңы;

  4. «Организмнің дамуы және қоршаған орта» (1 сағат). Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі. Улы заттардың (токсиндік): темекі түтіні, алкоголь, есірткі, түрлі-түсті және ауыр металлдардың, радиоактивті заттардың эмбриондық және постэмбриондық даму барысына әсері( туа біткен кемтарлықтар). Көрсетілім: жыныссыз, жынысты көбеюді, жоғары сатыдағы өсімдіктердің эмбриондық және постэмбриондық дамуын бейнелейтін кестелер, сызбанұсқалар; омыртқалы жануарлар ұрықтарының ұқсастығы, митоз және мейоздың сызбанұсқалары.

13. «Генетика негіздері» (7 сағат):

  1. «Тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтары» (4 сағат). Генетиканың даму тарихы. Белгілердің Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. Тұқым қуалаушылықтың гибридологиялық әдісі. Моногибридтік будандастыру. Басымдылық көрсету заңдылығы.Ажырау заңдылығы. Толық және толық емес доминганттылық. Гаметалар тазалығының заңы, оның цитологиялық негіздемесі. Көптік аллельдер. Талдаушы шағылыстыру. Дигибридтік және полигибридтік шағылыстыру. Тәуелсіз үйлесімділік заңы. Фенготип және генотип. Тұқым қуалаудың генетикалық заңдарының цитологиялық негіздері. Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныс хромосомаларының генетикалық құрылымы. Гомогаметалы және гетерогаметалы жыныс. Жыныспен тіркес тұқым қуалайтын белгілер. Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Гендердің тіркесу топтары. Белгілердің тіркес тұқым қуалауы. Т. Морган заңы. Гендердің толық және толық емес тіркесулері. Хромосомалардың генетикалық картасы;

  2. «Өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары» (3 сағат). Өзгергіштіктің негізгі формалары. Генотиптік өзгергіштік: Мутациялар. Гендік, хромосомалық және геномдық мутациялар. Мутациялардың себептері мен жиілігі, мутагендік факторлар. Мутациялардың эволюциялық рөлі. Үйлесімдік өзгергіштік. Гендердің түрлі үйлесімдерініңң пайда болуы және олардың генетикалық алуантүрліліктің (түрдің шегінде) қалыптасиуындағы рөлі. Үйлесімдік өзгергіштіктің эволюциялық маңызы. Тұқым қуалайтын өзгергіштік. Фенотитік немесе модификациялық өзгергіштік. Белгілер мен қасиеттердің дамуы және жарыққа шығуында сыртқы орта жағдайларының рөлі. Модификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтары. Көрсетілім: тұқымқуалаушылық заңдылықтарын, хромосомалардың айқасуын бейнелейтін модель — аппликациялар; қоршаған орта жағдайларының организм өзгергіштігіне әсерін көрсететін тәжірибе нәтижелері; кеппешөп материалдары, будандық, полиплоидтық өсімдіктердің жинақтамалары, нақпішіндері. Зертханалық жұмыс: «.Өсімдік фенотиптерін зерттеу».Практикалық жұмыс. «Генетикалық есептер шығару».

14. «Адам генетикасы» (2 сағат). Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның генетикалық әртүрлілігі. Адамның және адам нәсілдерінің шығу тегі туралы генетикалық мәліметтер Адам белгілерінің тұқым қуалау сипаты. Денсаулықтың генетикалық негіздері. Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері. Генетикалық аурулар. Популяция генофонды. Биологиялық және әлеуметтік тұқым қуалаудың арақатынасы. Генетиканың әлеуметтік проблемалары. Гендік инженерияның этикалық проблемалары. Генетикалық болжау және медициналық-генетикалық кеңес беру, оның практикалық маңызы, міндеттері және болашағы. Көрсетілім: «Адамның хромосомалық аурулары және олардың фенотиптік көрініс беруі». Зертханалық жұмыс. «Шежіре құру».
15. «Селекция және биотехнология негіздері» (4 сағат). Селекцияның міндеттері және әдістері. Генетика — организмдер селекциясының ғылыми негізі. Селекция үшін бастапқы материал. Өсімдіктер және жануарлар селекциясы. Селекциядағы қолдан сұрыптау. Будандастыру — селекциялық әдіс екендігі.Шағылыстыру типтері. Өсімдіктер селекциясындағы полиплоидия. Заманауи селекцияның жетістіктері. Микроорганизмдер, саңырауқұлақтар, прокариоттар-биотехнологлиялық нысандар. Микроорганизмдер селекциясы және оның микробиологиялық өнеркәсіп үшін маңызы. Тамақ өнімдерін, дәрумендерді, ферменттер мен дәрілерді микробиологиялық өндіру. Көрсетілім: тірі өсімдіктерді, кеппешөптерді, нақпішіндерді, кестелер, суреттер мен сызбанұсқаларды, селекциялық жұмыстардың нәтижелерін бейнелейтін басқа да материалдарды тпайдалану. Белгілі ғалым селекционерлердің фотосуреттерін, микробиологиялық өндірістің сызбанұсқаларын, микробиологиялық синтез өнімдерін көрнекілеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет