6. 10-11 сыныптары оқушыларының деңгейінің тұлғалық нәтижелері
26. Оқушылар:
ғылыми және көпшілікке арналған әдебиеттермен жұмыс істеуде пәндік және атаулық көрсеткіштерді пайдалану;
мәтін тезистерін конспектілерді, рефераттар т.б. дайындауда кеңейтілген жоспар құрып дағдылану;
электрондық материалды интернетті пайдалану;
оқулықпен жұмыс істеу барысында мәтіндерінің мазмұнына сай кестелер сызбанұсқалар құрастыру;
жер бетінде тіршіліктің дамуы мен адам эволюциясының кезеңдерін бейнелейтін кестелер құрастыруда оқулықтың және басқа оқу құралдарының мәтіндерін пайдалану;
биологиялық нысандармен жұмыс істеу үшін оқулықтың мәтінін пайдалану;
«әлеуметтік дарвинизм» және нәсілшілдікке дәйекті сын айта білу;
практикалық және зертханалық жұмыстарды орындауда техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау даярлығын көрсете білуі тиіс.
7. 10-11 сыныптары оқушыларының деңгейінің жүйелі-әрекеттік нәтижелері
27. Оқушылар:
органикалық дүниенің бірлігін дәлелдеу үшін жасушалық теорияны қолдану;
будандастыру сызбанұсқасын құрастыруда,зат және энергия алмасуға есептер шығаруда, генетикалық және молекулалық биологияға есептер шығаруда генетикалық терминдерді және белгілерді(символдарды )қолдану;
ғылыми және көпшілікке арналған әдебиеттермен жұмыс істеуде пәндік және атау көрсеткіштерін пайдалану;