Биология пәнінен республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 11 сынып а бөлімі



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата16.10.2023
өлшемі0,68 Mb.
#185809
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
bio11-1-tasks (2)
Заметка 19 июня 2023 г.19 05 38, Untitled
СЫРТЫ 
ІШІ 


В7. Төмендегі суретте неврула сатысындағы эмбрионның бөлімі көрсетілген. 
(Әрбір дұрыс жауап үшін 0,5, ең көбі 4 ұпай) 
 
7.1. Эмбриогенез кезінде суретте көрсетілген (а), (b), (c) және (d) аймақтардан 
белгілі бір ұлпалар мен мүшелер дамиды. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы 
дұрыс (Д) және қайсысы бұрыс (Б) екенін анықтаңыз. 
_____А. (а)-дан дамитын тіндердің дамуы әрқашан (b)-дан дамитын тіндердің 
дамуымен байланысты. 
_____Б. (с)-ның дамудағы тағдыры кейде өзгереді. 
_____В. (d) омыртқаларға айналады. 
_____Г. Қан айналым жүйесінің көп бөлігі (b)-дан пайда болады. 
7.2. Жүйке түтігі (e) нүктесінен шығады. Жүйке түтігінің қалыптасуы мен оның 
әрі дамуына қатысты келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс (Д) және қайсысы 
бұрыс (Б) екенін анықтаңыз. 
_____А. Нерв түтігі қабырғасындағы жасушалар глиальды жасушалар мен нейрондарға 
айналады. 
_____Б. Жүйке түтігінің қуысы кейін толығымен жабылады, іс жүзінде жоғалады. 
_____В. Жүйке түтігінен шыққан жүйке ұлпаларының барлығы орталық жүйке жүйесін 
құрайды. 
_____Г. Көз торының пигментті эпителийі жүйке түтігінен пайда болатын көз 
көпіршіктерінен пайда болады. 
 
 


В8. Жүгеріде бір ген тұқымның түсін анықтайды: аллель A түсінің болуын ал а - 
оның болмауын анықтайды. Тағы бір ген тұқымның пішінін анықтайды: аллель 
B тұқымның тегіс пішінін анықтайды, ал b – бұдыр пішінін анықтайды. Түсті 
және тегіс тұқымдардан өсірілген өсімдіктерді түссіз және бұдыр тұқымдардан 
өсетін өсімдіктермен будандастыру кезінде келесі ұрпақтар алынды: (әр сұрақ 
үшін 1 балл, максимум 3 балл)
376 – түсті тегіс, 
13 – түсті бұдыр, 
13 − түссіз тегіс, 
373 – түссіз бұдыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет