«Биология» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 11-сынып (жаратылыстану математикалық бағыт) мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата22.12.2023
өлшемі129,01 Kb.
#198629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
joinPdf 2b03ee914fde3901225c31679a754a79 16570823075658643986

Қолдану:

тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін 
негізгі биологиялық ұғымдар мен терминдерді

тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін; 

қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық 
жұмыстарды орындау барысында биологияның заңдары мен формулаларын; 

нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, өлшем бірліктердің Халықаралық 
жүйесін; 

алынған білімдерін физикалық және химиялық құбылыстардың жүру жағдайларын және
процестерді түсіндіруге; 

ағзалардың әртүрлі топтарын сипаттаған кезде бинарлық номенклатураны қолданады. 
Талдау:

ғылыми-жаратылыстану эксперименті нәтижесінде алынған деректерді; 

графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты; 

адам ағзасының химиялық құрамын және оның дұрыс жұмыс істеуі үшін 
микроэлементтер мен макроэлементтердің маңызын; 

биологиялық процестер мен құбылыстардың заңдылықтарын; 

тірі ағзалардың мүшелер жүйесінің құрылысы мен функциясын; 

трансгендік технологияларды қолдануға байланысты проблемаларды; 

биогеоценоздағы заттар айналымының процестерін талдайды. 
Жинақтау:

кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін 
жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды; 



гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және 
дәлелдемелерді; 

эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын жинақтайды. 
Бағалау:

жасалған эксперименттің нәтижелерін, зертханалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі 
тәуекелдерді; 

түрлі физикалық және химиялық процестердің адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған 
ортаға әсерін; 

табиғи биогеоценоздар мен агроценоздардың жағдайын; 

өнеркәсіптің технологиялық қағидаттарының тірі табиғат компоненттері арасындағы 
тепе-теңдікті сақтауға әсерін; 

пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығын 
бағалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет