«Биология» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 7-сынып Мазмұны



бет1/22
Дата14.03.2020
өлшемі1,14 Mb.
#60123
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ТЖБлар-1,2,3,4тоқсандарп 7-сынып



«Биология» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау

спецификациясы 7-сынып

Мазмұны

  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3

  2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

  3. Күтілетін нәтижелер 3

  4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4

  5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу.. 4 6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5

7. Модерация және балл қою 5

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 14

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 22

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 29

  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау Кіріктірілген білім беру бағдарламасына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тесеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.



  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


  1. Күтілетін нәтижелер


Білу:

  • бастапқы биологиялық ұғымдарды;

  • негізгі биологиялық теориялар мен заңдардың мәнін;

  • тірі ағзаларға қоршаған орта факторларының әсерін;

  • адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерін біледі.

Түсіну:

  • өсімдік және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің функцияларын;

  • өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарының жіктелу қағидаттарын;

  • жердегі биокөптүрлілікті сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін түсінеді.

Қолдану:

  • тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі биологиялық ұғымдар мен терминдерді қолданады.

Талдау:

  • биологиялық процестер мен құбылыстардың заңдылықтарын;

  • тірі ағзалардың мүшелер жүйесінің құрылысы мен функциясын талдайды.

Жинақтау:

  • кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды;

  • эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын;

  • тірі және өлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді жинақтайды.

Бағалау:

  • жасалған эксперименттің нәтижелерін бағалайды.

4й.лОау дағдыларының деңгейі





Ойлау дағдыларының

деңгейі

Сипаттама

Тапсырмалар

түрлері

Білу және түсіну

  • тірі табиғаттың негізгі патшылықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік туралы білім жүйесін асыру, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу қажет екенін, бастапқы биология туралы түсінікті біледі;

  • табиғи биологиялық құбылыстар мен үдерістердің мәнін, адам қызметінің өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, сонымен қатар адамның денсаулығына әсерін, оқушыларға экологиялық жағдайды бағалау және тірі әлемге құндылық деп қарау қажеттілігін түсінеді.

КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

Қолдану

- органикалық дүниенің көптүрлілігін, тірі ағзалардың түрлі топтарының ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктерін, адамның қоршаған ортаға және тірі дүниеге әсер ету салдарын, оған ұқыпты қарау, биологиялық білімдерін практикада қолдануға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға

қатысуға ұмтылады.



ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жоғары деңгей дағдылары

  • эксперимент жүргізу үшін зертханалық жабдықты пайдаланады;

  • табиғи биологиялық құбылыстар, үдерістер, заңдар мен заңдылықтардың мәнін түсіну үшін зерттеу жұмысын жүргізеді;

  • ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланады.

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар




  1. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу




Тоқсан

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

I

20%

60%

20%

II

0%

70%

30%

III

15%

75%

10%

IV

5%

75%

20%

Барлығы

10%

70%

20%

  1. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет