Құрал-жабдықтар: пияз қабығы және басқа микропрепараттар, дистилденген су, физиологиялық ерітінді және ас тұзының концентрленген ерітіндісі және сахароза.
Жұмыс барысы: 1) Әр түрлі сынауықтарға: №1-дистилденген су, №2-физиологиялық ерітінді және №3-концентрленген ас тұзының немесе сахароза ерітіндісің құындар; 2) төсеніш шыныға пияз тірі қабықшасының препаратын немесе элодея жасушаларын орналастырындар, дистилденген су құйып, жабын шынымен жабындар. Препаратты анықтап қарап, №1 суретін салыңдар; 3) бақылауды тоқтатпай, жабын шыныны алмастан, сулықтың ұшымен немесе сүзгілі қағазбен дистилденген суды сорғызындар да тамшуырмен концентрлі ерітінді (сахароза немесе NaCI) енгізіңдер. Препаратты анықтап қарап, №2 сурет салындар; 4) концентрлі ерітіндіні сорғызып алып, орына дистилденген су енгізіңдер. Препаратты анықтап қарап, №4 сурет салындар. Қорытынды жазындар.