Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі


Биология сабағында пәнаралық байланыс негізінде құзыреттілікті



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата26.12.2023
өлшемі1 Mb.
#199540
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі

Биология сабағында пәнаралық байланыс негізінде құзыреттілікті 
қалыптастыру 
 
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік 
және материалдық құндылықтарды жасауда жан-жақты үйлесімді дамыған, 
өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, белсенді шығармашылық 
әрекет жасауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру – көкейкесті мәселе болып 
отыр. Қазір заман мен қоғамның өзгеруіне орай бүгінгі балалар да өзінің 
болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап 
қоя білетін адамдар ретінде өсіп келеді. Олай болса, бұл қоғам кез келген 
педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік–
құқықтық, 
психологиялық–педагогикалық, 
дидактикалық 
әдістемелік 
тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының 
мүмкіндіктерін жан–жақты игерген кәсіби құзыретті маман болуын талап 
етіп отыр.Құзыреттілік латын тілінен аударғанда, адамның жақсы 
хабардарлығы, танымдылығы және тәжірибелілімен сипатталатын мәселелер 
шеңберін құрайды. Белгілі саладағы құзыретті адам осы салаға сәйкес 
білімдермен, қабілеттермен қаруланады. Құзыреттілік - жеке тұлғаның 
өзіндік даму, жеке тұлғалық даму, өзіндік тәжірибе қорытындысы, сондай-ақ 
білімнің, біліктің, дағдының және тану тәжірибесінің, пәндік практикалық 
түрлендірудің, субъективті тұлғалық тәсілі.Білім беру орнының басты 
мақсаты - қоғамдық және әлеуметтік дамудың заманауи талаптарына жауап 
беретін кәсіби құзыретті мамандарды дайындау. 
Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігі – бұл түлектің әрекеттегі сапалық 
жеке қабілеттері. Ол түлектің келесі мүмкіндіктері мен біліктіліктерін 
қамтиды: жоғары кәсіби деңгейде өз бетімен ақпаратты іздеу, жинау, талдау, 
көрсету, тасымалдау, объектілер мен үрдістерді, соның ішінде өз жеке 
әрекеттерін және ұжымның жұмысын модельдеу және жобалау.Болашақ 
маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда келесі жағдайлар жасалуы 
тиіс: 
· оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін көтеру; 
· оқу орнын ақпараттық коммуникациялық технология құралдарымен сапалы 
түрде техникалық қамтамасыз ету; 
· басқаруға жаңа ақпараттық технологиялар мен жүйелерді енгізу; 


38 
· оқу үрдісінде жаңа программалық жабдықтарды пайдалану; 
· ғылыми және оқу ақпараттарын алу көздерін барынша кеңейту. 
Осы мақсатта келесі әдістерді қолдану шарт: 
· өз мамандығы бойынша жоғары деңгейде теориялық және практикалық 
білім алу; 
· ақпараттық коммуникациялық технологияны теориялық және практикалық 
меңгеру; 
· түрлі бағыттағы программалық жабдықтарды меңгеру; 
· оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудың 
тиімділігін игерту, оны өз тәжірибесінде қолдану; 
· ақпараттық коммуникациялық технологияның жаңа мүмкіндіктерін ескере 
отырып, оқыту әдіснамасын өзгерту, ақпараттық коммуникациялық 
технологияны сабақтарда, ғылыми-зерттеулерде, оқушылардың өзіндік 
жұмыстарында қолдану; 
· оқу және зерттеу әрекеттерінде локальді және әлемдік ақпараттық 
желілердің телекоммуникациялары мен ресурстарын құру және пайдалану; 
· коммуникативті әрекетті теориялық және практикалық игеру; 
· тереңдетілген тілдік дайындық; 
· ұжымдық әрекеттерді модельдеуде ақпараттық коммуникациялық 
технологияны, жаңа құралдарды пайдалану, т.с.с. 
Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда пәнаралық 
байланыстың маңызы зор.Білім берудің дәстүрлі моделі қазіргі уақыттың 
жаңа талаптарын қанағаттандыра алмауда: бұл модель жеке ойлауға, 
механикалыққа, сызықтылыққа бағытталған, нақты өмірдің құбылыстары 
мен пәндер арасындағы табиғи байланыс бұзылған.Ал оқушыларда әлемнің 
біртұтас ғылыми көрінісін, ол туралы толық түсінік, гумандық дүниетаным 
және диалектикалық ойлау қалыптастыру өзекті болып табылады. 
Оқушыларды өмірдің жеке, оқшауланған құбылыстарына емес, әлемді кең 
көлемдегі бірлікте, өзара байланысты көпқырлы етіп қарауға үйрету керек. 
Осыған байланысты пәнаралық байланыс мәселесі туындайды. 
Сабақ өткізу барысында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін 
сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін, озық технологияларды кеңінен пайдалану 
қажет. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өткенді бекіту, 
оларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын, ойлау қабілетін 
дамыту, дүниетанымын кеңейту мақсатында пәнаралық байланыс қолдану 
арқылы білімнің жинақтаушы, қорытындылаушы және үйлестіруші қызметін 
атқаруға болады. 
Пәнаралық байланыс – оқу жұмысының әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру 
формаларына қосымша талаптарды енгізу керектігін, қоршаған орта, 
табиғаттағы құбылыстарды бақылауда мұқият мән беруді, сонымен бірге 
оқытудың аналитикалық деңгейін көтеруді, себеп-салдарлы функциональдық 
байланыстарды орнатуда үлкен назар аударуды, оқыту, тәрбиелеу процесінде 


39 
пәнаралық байланыстың тәсілдерін кеңейтуді талап етеді және де жалпы 
білім сапасын көтеруде алатын орны маңызды. 
Қазіргі таңда пәнаралық байланыстың теориясы мен практикасы үздіксіз 
дамуда, пәнаралық байланыстың негізгі дидактикалық функциялары, сабақта 
оларды жүзеге асыру тәсілдері, сабақтың түрлері қарастырылған. 
Пәнаралық байланыс құрамындағы маңызды болып табылатын мазмұндық 
және шығармашылық негіздерін бөліп қарастыруға болады. Мазмұндық 
негізін жалпы ғылыми фактілер, түсініктер, заңдар және теориялар құрайды. 
Мысалы, жаратылыстану-ғылыми циклдегі пәндер үшін жалпы түсініктер 
болып материяның (зат және өріс) құрылымдық формалары, денелердің 
қасиеттерін сипаттайтын, құбылыстарды және бақылауларды сипаттайтын 
шамалар болып табылады. Теорияларға химия, физика және биология 
ғылымдарында қолданылатын, тірі және тірі емес табиғаттың көптеген 
құбылыстарын түсіндіретін зат құрылысының молекула-кинетикалық 
теориясын, зат құрылысының электронды теориясын, квантты-өрісті 
теорияны және т.б. айтуға болады. 
Жаратылыстану ғылымдарының шығармашылық негізі –есептеу, өлшеу, 
графиктеу, бақылай білу, өздігінше тәжірибе жасау және құралдармен жұмыс 
жасау болып табылады. 
Жаратылыстану ғылымдарының тағы бір жалпы құраушысы –ғылыми таным 
әдістері, яғни: бақылау, эксперимент, ойша модельдеу, теориялық анализ 
және жалпылау болып табылады. С.А.Суровикина пәнаралық байланысты 
жүзеге асыруда мұғалім шығармашылығының маңызды ұстанымдарын келесі 
түрде көрсетеді: 
1. Оқу пәндерінің координациясы, яғни оларды оқыту кезінде бір пән басқа 
пәндерді оқытуда көмекші құрал болатындай уақыт бойынша сәйкестелуі 
керек. 
2. Жалпы түсініктерді қалыптастыруда, заңдар және теорияларды оқытудағы 
қабылдағыштық. 
3. Түсініктер, заңдар, теориялар интерпретациясындағы бірлік және оларды 
меңгеру міндеттері. 
4. Оқудағы білім, білік, дағды қалыптастырудың жалпы тәсілдері. 
5. Жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін тереңдету және жан-жақты 
қолдану үшін қолайлы жағдай тудыру. 
6. Әр түрлі ғылымдар қарастыратын түрлі табиғат құбылыстарының 
арасындағы өзара байланыстарын ашу. 
7. Әр түрлі ғылымдарда пайдаланылатын зерттеу әдістерінің жалпылығын 
көрсету. 
8.Әр түрлі пәндерден алған білімдерін кешенді түрде қолданатын жаттығулар 
жүйесін шығару және олардың орындалуын ұйымдастыру. 
Пәнаралық байланыстың басқа да құраушыларын және маңыздылығын 
былайша көрсетуге болады: 


40 
Пәнаралық байланыс негізінде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда 
оқушыларға бірнеше пән бойынша өз білімін көрсетуді талап ететін 
сабақтарды, яғни бірнеше әртүрлі пәндерді біріктіретін біріктірілген 
сабақтарды өткізу қажеттілігі арта түсуде. 
Біріктірілген сабақтар, әсіресе егер ол биология пәнімен біріктірілген болса, 
білім берудің қазіргі деңгейлері мен технологияларына толықтай сәйкес 
келеді. Осындай сабақтарда ғана оқушылардың түрлі пәндерден ақпарат алу 
арқылы құбылыстар мен оқиғаларды жаңаша түсіне отырып, терең әрі берік 
білім алуға мүмкіндігі болады. Біріктірілген сабақта білімді синтездеу, 
дағдыны қалыптастыру және пайдалану үшін үлкен мүмкіндік бар. Бұл өз 
кезегінде оқушыны ынталандырады, таным объектісіне жүйелік түрде 
қажеттілікті дамытады, объективті шындықтың күрделі процестері мен 
құбылыстарын салыстыру, талдау дағдыларын қалыптастырады. Осының 
нәтижесінде тұтас дүниетанымның қажетті алғышарты ретінде нақты өмірді 
біртұтас қабылдау жүзеге асады. Біріктірілген сабақта дағды қалыптасады, 
ойлау, еске сақтау, қиялдау дамиды, әлеуметтік нормаларды мағыналы игеру 
жүзеге асады. Мұндай сабақтарға үлкен білімділік және тәрбиелік потенциал 
тән. Біріктірілген сабақты жоспарлау барысында оқытушы оның мақсатын, 
материал мазмұнын, сабақтың әдістерін, оқытудың құралдары мен 
формаларын 
анықтауы 
керек, 
нәтижені 
болжауы 
қажет. 
Түрлі 
технологияларды біріктірілген сабақтарда қолдана отырып, оқытушы 
процесті әлдеқайда қызықты етеді. 
Пәнаралық байланысты пайдаланып сабақ өткізу оқушылардың табиғат 
құбылыстарын түсінуде көзқарасын қалыптастырады және де әртүрлі 
пәндердің арасында нақты шекара жоқ екендігін көрсетеді, әр ғылым өз 
әдістерімен материалдық әлемді зерттейді де олардың нәтижелерінің 
жиынтығы оқушыларға әлем туралы жалпы көзқарас береді. Осылайша, 
қазіргі заманғы ғылыми әлем бейнесін қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет